Ќўжаттыѕ аты


-тақырып. Аналитикалық сөзжасам тәсілі



бет31/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
umkd sozzhasam

15-тақырып. Аналитикалық сөзжасам тәсілі


Теориялық тапсырма
Аналитикалық сөзжасам тәсілінің зерттелуіне шолу. Оның сөзжасамдық қалыптарына талдау жасау. Есім сөздер негізінде жасалған біріккен сөздер мен қос сөздер. Есім негізді, етістік негізді күрделі сөздер, орфограммасы туралы көзқарастар. Күрделі сөздердің атау теориясы арқылы зерделенуі. Атаулық тіркестер, номинативтік белгілері. Тұрақты тіркестердің сөзжасамдық мағынасы.


Әдебиет

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1994.


Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, Ғылым, 1999.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы, 1991.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы: Ғылым, 1989.
Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1973.
Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. –Алматы, 1997.
Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. -Алматы, 1990.
Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. - Алматы. Ғылым, 1988.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, “Рауан”, 1998.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2003.
Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.
Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. –Алматы, 2002.


Практикалық тапсырма


Мәтіндердегі аналитикалық сөзжасам тәсілі негізінде туындаған сөздердің жаңа сөзжасамдық мағыналарын анықтап, талдаңыз. Біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалу жолына уәжділігіне назар аударыңыз. Атаулық тіркестердің мағыналық құрылымына номинация теориясы тұрғысынан талдау жасаңыз.
1. Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап көріскен жоқ ем. Бірақ барлық көрген-сезгенім есімде. Ана бір жыл Қарқаралыда сенің ажарыңды ұнатып, мейірі түсіп кетіп, Бөжікең бата беріп еді-ау. Сондағы сөзі есіңде болар. Сенен үлкен дәме ғып, бата берген еді. Мен онда жақтырмап ем. Ағайынға әділет ойлап айтқан жақсы лебізіңді естіп жүрмін. Бүгін мынау күндерде Бөжікеңе адал іні боп, бетіңді аштың. Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп ақтағайсың. Ақтарсың деп білемін. Ақтар-ақсың, шырағым. Тек өмір деген ит, жаңсақ бастырмаса екен! Өрісің алда! Бетің дұрыс! Дәл осы бетіңнен жарылғасын!, – деп бата берді. (М.Әуезов).

2. Абай енді есіне алып аңғарса, Михалов өзінің іс қарекетінен де: “мен сүйтіп едім!” деп бір жайды ашып айтпаған екен. Ол халық үшін алысқан қайтар-жігерді айтса, соның бәрін істеуші бұның өзі емес, өзгелер болады. Өзі тек көптің ғана бірі сияқты. Оны да болымсыз ғана, елеусіз ғана бір жай етіп айтады. Ақбастан бөлініп өз үйіне қарай кеткенде Абайдың бұл күнгі ойын көп қадалтқан Михайловтың өз басы болатын. Досының аңғаруы бойынша, Михайлов бар қабілеті қалпымен өзі де бір буынның толық кемел басшысы, аға азаматы болуға даусыз татитын сияқты.


… Алдағының бәрін өзің үшін де, қауым үшін де түгел шешіп, кесіп қою мүмкін емес. Сіз маған қазақтың жақсы бір мақалын айтқансыз. “Жол анасы – із” деп едіңіз. Әрдайым біреу бастайды, көп қостайды. Бір ұрықтан жүздеген дән өрбиді. Осыны ойлап, біздің қауымның бір тобы, осы күнде жақсы бір нақыл айтады. “Ұшқыннан жалын қаулайды” дейді. Осыны жадыңызда тұтуыңыз керек. Дәл сіз үшін қазір мен екі нәрсе айтар едім: Бірінші қазақтың жас буыны үшін, мысалға алғанда, дәл сіздің өз балаңыздан бастасақ, “оқу, оқу, оқу” дер едім (М.Әуезов).
3. Түн түнереді. Ақбілек үрейленеді. Төбесінен зу етіп бір топ шүрегей өтеді. Ақбілек дір етеді. Шөпті сылдырлатып торғай ұшса да, тоғай ішін тартып, уілдесе де, тау үкісі таңдайын қақса да, Ақбілек жа-жағынан жау қамап келе жатқандай елегізіп, қымтырыла береді. Жатайын десе, көзіне ұйқы келмейді. Отырайын десе, қорқып барады. Жүрейін десе, қараңғы түнде жол таба алмай адасам ғой, әлдеген ұрынам ғой деп қорқады. Есі-дерті: осы арадан кету. Бірақ түн ішінде кете алатын емес. Қазақтың қосын, қазақтың астауын, шөмішін ес көреді. Үңірейген иесіз қосқа кіруге тағы батылы бармайды. Ақбілек қайтерін білмей алақтап, құнысып, бүрісіп көп отырды. Түнге түн ұласқан тәрізденеді. (Ж.Аймауытов).
4. Аттылар үйдің сыртына келе бергенде алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тігілгенқонақ үйдің екі арасында бұларды күткен бір топ жан тұр екен. Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң осы ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келіп жатқан балалар бар. Бұл топқа қарай ауылдың үлкендері де жан-жақтан дабырлап сөйлеп, ағылып келіп жатыр.
Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінімен:
– Шүкірлік, әке, – деп біраз тұрды да: – ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, қазіреттің рұқсатың, фатиқасын алып қайттым, – деді.
Біреуге сый беріп, біреуге серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлем хатпен тартып, әйтеуір бір ай шамасында талай руды қайырып, баурап апты. Сол ретте анықтап кеп қолтығына кірген Қаратай сияқты белділер де бар. Бұрын ара ағайын боп, сұлық жүрген рудың көбін де жақынырақ тартқан тәрізді. Қысқасы, ел сыртқа шығуға бет алып, қыстау-қыстау тұсынан қайтадан өтер кезде, Құнанбай қарсысында қалған шоқтай топ, белгілі үш-төрт қана ру бопты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет