Жауапкершілігі шектеулі серіктестігi



бет2/14
Дата12.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#454532
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
КАЗ Молекулярлы биология және генетика негіздері Сабак жоспары. Талант - копия

Алматы, 2021 жыл

Молекулярлы биология және генетика негіздері пәнінен сабақ жоспарын құрастырған_____________________________ Тұмарбай Жанел Ержанқызы, оқытушы

ЦӘК отырысында қаралды «_____» ______ 2019ж № «_____» хаттама

ЦӘК меңгерушісі: _________Молданова А.К.

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

«_____» ______ 2021 ж

Әдістемелік кеңес төрайымы _________ Казиева А.К.

1



1.Тақырыбы: Молекулалық биология және медициналық биологияға кіріспе. Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Генетикалық ақпараттың берілу механизмдері және реттелу жолдары

2.Мақсаты: Молекулалық биология және медициналық генетика пәнінің міндеті мен мақсаты, қысқаша даму тарихы,ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру.

3.Дәрістер тезистері: Молекулалық биология-тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының маңызды салаcының бірі.

Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері жасушаның ақпараттық макромолекулалары-ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді.

Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және қолданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атақарады. ХХІ ғасырды молекулалық биология ғасыры деп атауда.

Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика-тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері-ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрылыстарын, қызметттерін зерттейді; протеомика-жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім.

Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және басқа да тірі ағзалардың геномдарының құрылысын, қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жақсартуға пайдалану болып табылады.



Ақуыздар - жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі. Оның элементтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин» (protein-бірінші) деп атауды ұсынған Голландия химигі және дәрігері Г.Я.Мульдер (1802-1880) болатын. Ақуыздар маңызды қызметтерді атқарады: құрылымдық (биомембраналар құрамына кіреді); энергетикалық (қуат көзі болып табылады); катализдеуші (ферменттер); сигналдық (гормондар, нейропептидтер); қозғаушы (миозин); өткізгіштік (арналар, сорғыштар); реттеуші (репликация, транскрипция, трансляция факторлары); ДНҚ учаскелерімен байланысып гендердің экспрессиялануын реттейді; ақуыздардың фолдингін қадағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет