47
Реалиялар және терминдер.
Термин бұл ғылым тілінің элемиенті болып табылатын нақты
мағынасы бар сөз. Ол аталған функцияны ғана орындайды және онда
ешқандай көркем әдебиетіндегі сөздер қолданылмайды. Реалия әрқашанда
реалия өзі пайда болған тілдің ұлтына тәуелді, бірақ ұлтаралық қолданысқа
таралып терминдер тәрізді кеңінен қолданылып жүрген реалиялар да аз емес.
Терминдер пайда болу жағынан реалиялардан ерекшеленеді. Реалиялар
ұлттық сөздер және ұлттың ой өрісі негізінде пайда болған. Реалияның
терминнен ерекшклігі шет тілін ұстанып жүрген адамдарға олардың кеңінен
пайдаланылу әйгілілігіб таныстығы емес керісінше аударма тіліндегі
олардың бейтаныстығы. Біздер арнайы терминология арнайы жұмыстар мен
ғылымдардың аймағы екенін білеміз. Қазіргі таңда БАҚ – ң дамуы және
адамдардың ғылымға деген қызығушылығы терминдердің халық өміріне
енуіне септігін тигізді. Орыс тіліндегі реалиялар мыналар болуы мүмкін: 1.
бөлек сөздер. Мысалы: Кремль декабристтер. 2. Сөз тіркестері. Мысалы:
демалыс үйі, Мамаев Курган. 3. Сөйлемдер. 4. Қысқартулар. Мысалы: ЖОО,
АХАЖ.
Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер
мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар. Сонымен реалия дегеніміз бір
елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихи дамулардағы
обьектілерді атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа
ұлттарға бейтаныс боладыб сонымен қатар басқа тілдерде реалиялардың
нақты баламасы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: