«Лагерь ханзадасы-2013»
(орта буын оқушыларына арналған үлгі)
Шарттары:
Өзін-өзі таныстыру.
Пародия.(Белгілі бір жұлдызға еліктеу)
Ән байқауы.
Өз өнерін көрсету.
Батпан көтеру.(20-сек)
Би байқауы.
Викториналық сұрақтар.
Жүргізуші: Секемдеу көріне ме жүрістері,
Мектепке аян еді-ау мың істері.
Ассалаумағалейкум, келе жатыр,
Ағайын лагеріміздің дүлділдері.
Жүргізуші: Сайыс десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын жігіттерді бүгінгі,
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Жүргізуші: Болғалы жатыр сайыс көптен күткен
Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,
Ауылымыз жастардан үміт күткен,
Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.
Жүргізуші: Арайлап атса келешектің ақ таңы.
Біз үшін мәртебе тұлпарлардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса жастар,
Қазақтың ертеңі, көш бастармақтаны.
Жүргізуші: Қайырлы күн,бүгінгі кештің көрермендері! “Жас өркен» сауықтыру лагерінде өткелі отырған “Лагерь ханзадасы” байқауына қош келіпсіздер!
Жү ргізуші: Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді,
өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар жастарымыз ертеңгі еліміздің өнерін дәріптеп, көкке көтерер әншілеріміз бен бишілеріміз болмасына кім кепіл?
Жүргізуші:Ұл -қызың ел ішінде жақсы атанды,
Арайменен қарсы алып әр ақша таңды.
Абыройы ауылымыздың асқақтасын,
Арнасын жігіттерге ақ батасын ,-деп бата тілейік.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, енді бүгінгі сынға түскелі отырған
жігіттерімізбен таныс болыңыздар.
Сахнаға сайыскерлер шығады,бір-бірден жеребе алады.
Жүргізуші: Сәлем бердік сіздерге төрағалар,
Әділдікпен қойылсын тек бағалар,-дей келе сайыс заңы бойынша әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
.............................................................................................................................
.............................................................................................................................
Жүргізуші Тәуба сөзін айтып жігіттер бастасын,
Тәуекел деп сайысқа бел байлапты.
Рұқсат болса, ағайын,кезекті енді,
Берейік сұлтандарға,таныстырсын өздерін-өзі.
Таныстыру(әр үміткер өздерін таныстырады).
Жүргізуші:Пародия-өнердің бір саласы,
Сол өнерге әркімнің бар таласы.
Пародия-жаңа туған жас сәби,
Көпен деген, ағамыздың баласы.
Пародия (белгілі бір жұлдызға еліктеу).
Жүргізуші: Ән-көңілдің ажары,
Думан тойдың базары.
Әнге аусын бір мезет,
Көпшілік қауым назары.
Ән байқауы
Жүргізуші:Ал енді жігіттеріміздің қандай өнері барын тамашалап көрелік.
Жүргізуші: Иә, жігіттер енді өз өнерлерін ортаға салсын. Өз өнерін көрсету
Жүргізуші: Құйылып қуат кенеттен,
Қарысып мойын еттері,
Келбеті оқыс бұзылып.
Күштенген кезде ақ тістер,
Кетпесе болды, морт сынып.(2 0 секундта Батпан көтеру )
Жүргізуші: Ал, жігіттер, ән мен күйге ғашықпыз біздер,
Күтеміз күн шыққандай, сый-лебіздер.
Неге сонша жабығып отырсыздар,
Қанеки, шығыңыздар, билеңіздер.
(Қалаған биін билеуге және қасына әріптес алуға рұқсат).
Жүргізуші: Келесі кезекте ғылымның әр саласын қамтитын викториналық сұрақтар алып, жігіттеріміз өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетсін.
Жүргізуші: Келешек қой осылар, барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр,
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.
Жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Осыменен қоштасамыз сіздерменен,
Сайысы жігіттердің аяқталды.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, жігіттеріміз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз. Ендігі кезекті сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.
ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР (Үлгі)
№1
Қазақша күрестен әлем чемпионатында 60-кг салмақ бойынша алтын және күміс жүлдегерлерін атап бере аласың ба? (Тәліп Б. Сайдақов Е.)
Ең сұлу құс? (Тоты).
7-жұтты атап бере аласың ба? (Құрғақшылық, жұт,өрт,оба,соғыс,топан су,зілзала)
...................................................................................................................................
№2
Футбол сөзі қандай мағына береді? (foot-аяқ, ball-доп).
Суыққа ең төзімді қандай құстар? (Қаз бен Үйрек олар 110 градусқа дейін шыдайды).
7-жоқты атап бере аласың ба?
(Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ,таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ,Аллада бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ,аққуда сүт жоқ.)
...................................................................................................................................
№3
Қазақтың ұлттық ойыны “Тоғызқұмалақта”неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162-тас,18-отау,2-қазан болады).
Түссіз,иссіз газды білесің бе? (Метан).
Жеті күнді атап бер.
(Бүгін,ертең,бүрсігүні,арғы күн,ауыр күн,соңғы күн,азына)
№4
1980-ші жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? (Жақсылық Үшкемпіров).
Ең мықты, ең жіңішке жіпті естігенің бар ма? (Өрмекшінің өрмегі).
Жеті қазынаны атап бер.
( Ер жігіт,сұлу әйел,жүйрік ат,ақыл-білім,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы)
...................................................................................................................................
№5
Ойын барысы үлкен тенниске өте ұқсас, бірақ добының қанаты бар және тор жерден биік орналасқан.Мақсаты допты қарсыласының алаңына түсіру керек.Бұл қандай спорт түрі? (Бадминтон).
Жүрегі ең кішкентай жыртқыш аңды білесің бе? (Арыстан).
Жеті атаны атай аласың ба?
(Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.
...................................................................................................................................
№6
1980-жылығы Мәскеу Олимпиядасының күміс жүлдегері,Қазақтың біртуар боксшысын білесің бе?(Серік Қонақбаев).
Ең үлкен балықты білесің бе?(Кит).
Жігіттің үш жұртын атап бер.
(Өз жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты)
...................................................................................................................................
№7
Спорттық ойындардың қай түрі көрермендердің қызығушылығын арттырады?(Футбол)
Қалыпты жағыдайда жүрек минутына қанша рет соғады?(60-75 рет)
Атмосферада қанша қабат бар?(6-қабат)
....................................................................................................................................
№8
Футбол ойынындағы хет-трик дегенді қалай түсінесің?
(бір ойында қатарынан 3-доп соққан ойыншы)
Оазис дегеніміз не? (Шөл даладағы жасыл арал)
Мұсылманның бес парызын ата?
(Намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, иман келтіру, қажылыққа бару)
.....................................................................................................................................
№9
Ең әйгілі футбол ойыншысы (Пеле, Бразилия)
Біздің денемізді зерттейтін ғылым қалай деп аталады?(Анатомия)
Күннің бетіндегі температура қанша? (6 000о С)
...................................................................................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |