Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет13/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

« Бұрымды қыз» сайысы

(Үлгі №1)
ЖүргізушіШашын өріп сұлу-тын бұрынғылар,

Нағыз ару бүгінде бұрымдылар! -дегендей құрметті«Жас өркен» сауықтыру лагерінің демалушылары,тәрбиешілері,бүгінгі «Бұрымды қыз» аруы сайысына қош келдіңіздер!


Жүргізуші: Сайысқа қатысушы қыздарға тек биіктен көрінулеріне тілектеспіз! Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етсеңіздер!
Жүргізуші: Ал,қане қолды соғайық,

Тамсанып бір қалайық!

Көркі мен әні жарасқан

Ару қыздарды ортаға шақырайық!!

Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу да әдемі қыздарымызды ду қол шапалақпен ортаға шақырсақ.

Осы ару қыздарымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болайық.

(Әділқазылармен таныстыру)
Жүргізуші:Сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек:

1. «Сәлем-сөздің анасы»Таныстыру кезеңі

2. Шаш үлгісін көрсету

3. «Өнерліге өріс кең»өз өнерін көрсету

4. Қатысушының шашының ұзындығы,қалыңдығы өлшенеді
Жүргізуші: Қыз сыны,қыз келбеті,қыз әдебі,

Тал бойы жарасқан күлкі әдемі.

Сайысқа келген қыздар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

Сайысымыздың шарты бойынша «Таныстыру»
Жүргізуші: Бармақтарың майысып,түрлі ою ойысып,

«Шебер болар мекенсің» -деп үйреткен аналар.

Шаш үлгісін көрейік,әділ баға берейік,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Келесі бөлім шаш үлгісін көрсету
Жүргізуші:Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп ,ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

А л,кәнеки қыздар,аянбай жан салайық!Олай болса келесі бөліміміз «Өнерліге өріс кең».Қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық!

Келесі бөлімімізде әділқазылар әр қатысушының шашының ұзындығын,қалыңдығын өлшейді.
Жүргізуші:«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» демекші,сайысымыздың соңына да жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасына берсек.(Жеңімпаз аруларды марапаттау)

Арулар асыл жандар,

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп тасынғандар,

Арулар асыл жандар!

Арулар-асыл жандар!

Жүргізуші:Құрметті көрермендер,сайысымыз өз мәресіне жетті.Жеңімпаз аруымызды құттықтаймыз!Келесі кездескенше күн жақсы!Хош,сау болыңыздар!








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет