Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет14/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

«Бұрымды қыз» сайысы

(Үлгі №2)
1-жүргізуші:Армысыздар, лагерь қонақтары, тәрбиешілер, оқушылар! Бүгінгі сайысымыз арулардың құрметіне ұйымдастырылып отыр. Ендеше, баршаларыңызға лагерьдағы «Бұрымды қыз» сайысына қош келдіңіздер демекпіз!

2-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ,қара қасты

Сұлу қыздың көріппе ең мұндай түрін?... –дей келе ортаға бұрымды қыздарымызды шақырсақ .

1. «Жас өркен» тобынан Қуанышева Дильназ

2. «Балдәурен» тобынан Бектұрова Дана

3. «Нұршуақ» тобынан Ерланова Қырмызы

4. «Балауса» тобынан Қабдиева Еркежан

5. «Жас өркен» тобынан Тұрсынғали Әдемі


1-жүргізуші: Ендеше үміткерлермен таныс болдық, енді ойынның шарттарымен таныстырып өтсек.

Шарттары:

Таныстыру

Ситуациялық сұрақтар

Ме нің бұрымымның құпиясы (Жарнама жасау)

Шебер қолдар (Шаш өрудің үлгісін көрсету)

Өнерлінің өрісі кең...
2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық, - бүгінгі сайысымызға әділ төрелік ететін әділ-қазылармен таныс болыңыздар.


1-жүргізуші: Ақ арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға,

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.


Таныстыру кезеңінің бағасын беріледі
1-жүргізуші: Енді ортаға барлық қатысушы бұрымды аруларымызды шақырсақ.Қазір сіздерге ситуациялық сұрақтар қойылады, сіздер шығу жолдарын айтасыздар. Дайынсыздар ма? Ендеше бастайық...

1.Сіз үйде жалғыссыз. Күтпеген жерден алыстан шаршап қонақтар келіп

қалды. Сіз қонақ күтуді неден бастайсыз, қалай күтесіз..

2.Сіздің анаңыз өте қатал. Сіздің сабағыңызды үнемі қадағалап отырады. Сіз

бүгін сабақтан «2» алып қалдыңыз. Ол баға күнделігіңізде тұр.Ал анаңыз

күнделігіңізді сұрап тұр. Сіз не істейсіз?

3. Сіз анаңыздың ең сүйікті вазасын сындырып алдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

4. Сіздің шашыңыз ұзын, әдемі. Бір күні бауырыңыз байқамай шашыңызға

сағыз жабыстырып тастады. Шашыңызды қиғаннан басқа амал жоқ. Не

істейсіз?

5. Анаң саған қымбат ұялы телефон сатып әперді, ұстағаныңызға 1-ақ күн болды. Сіздің бауырыңыз байқаусызда сындырып тастады. Сіз не істейсіз?
Әділқазылар бағасын береді
2-жүргізуші:Енді аруларымызға әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер,-дей отыра «жарнама» кезеңіне кезек берсек. Бұл сайыста аруларымыз шаш күтімі, шаш туралы жарнама көрсетеді.
Әділқазылар бағасын береді.

1-жүргізуші:Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып,

« Шебер болар мекенсің»деп үйреткен аналарымыз. Ендеше барлық аруларымызды ортаға шақырайық. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр қатысушы 1қызды алып шығып өз қолдарымен шаш өрудің бір үлгісін көрсету керек.
Әділқазылар бағасын береді.
2 –жүргізуші:Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал сайыста

Өнер көрсет, құрбылармен жарыста, -дей келе «Өнерлінің өрісі кең..» атты сайысымызды бастаймыз. Бұл ең соңғы кезең, ендеше бар өнерлеріңізді ортаға салыңыздар.


Әділқазылар бағасын береді.
1-жүргізуші:Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар орнықтырар әділдікті.

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнерлі, білімділер жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра әділ қазылар алқасына сөз кезегін берсек.




«Әсем әуен» музыкалық ойыны
Айгерім: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- дегендей ән – күйсіз өмір-тұзсыз аспен тең.


Ұлпан: Әннің де естісі бар,есері бар,

Тыңдаушының құлағын тесері бар,- демекші есті ән естіп, жүрекке жетіп, бойыңды билеген әуенмен сусындаған жан рақаты емей немене?


Айгерім:Олай болса ән сүйер қауым «Әсем әуен» ойынына хош келдіңіздер.

Сайыс 4 турдан тұрады:



1. Іріктеу сайысы (Ойнаған әуендерді жылдам әрі тез таба білген 10 ойыншы іріктеліп алынады)

2.Берілген тіркеске, сөзге ән құрау

3.Әуенді жалғастыр

4.Жатқа өлең оқу
ҰлпанСайысымызды бастайық!
1-тур.Музыканың басын ойналады.Соны 1 шумақ,1қайырмасын қатысушыларымыз айтады. 1-топқа 5 музыка
Айгерім: Іріктеліп алынғандарды 2 топқа бөліп алайық!


2-тур. Берілген сөз тіркесінен өлең айту

1-топқа: Туған жер.Отан.Ана

2-топқа:Қазақ елі.Құстар.Әке


Ұлпан: 3-тур. Кім ұшқыр, кім жылдам екенін анықтау үшін қазір 2 топ бір-біріне өлең жолдарының алғашқы 2 жолын бастайды,келесі топ жылдам жалғастырып алып кетуі керек.
Айгерім:Келесі турымыз оқушыларымыздың есте сақтау қабілеттерін тексеруге арналған.Қатысушыларымызды ортаға өлеңді жатқа оқуға шақырамыз. 2 топтан 1 қатысушы шықсын.Ұпай саны жоғары топ бастайды. Өлеңнің оқылу мәнері мен ұзақтығы назарға алынады.
Ұлпан:Әуен, әуен, сазды әуен, әсем әуен,

Бойға сіңіп ғажайып сазды әлем.

Өмірге азық, бойыңа қуат берер,

Әуен, әуен, сиқырлы,сазды әлем.


Ай герім:Өмірлеріңіз әнмен, көңілдеріңіз сәнмен өріліп, әсем әуен құшағында жаз жайнатып ,күн күлдіріп жүре беріңіздер. Келесі сайыста жүздескенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет