Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет12/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

«Т абиғатым-тал бесігім»
Мақсаты: Оқушыларға қоршаған орта,табиғат аясы туралы ой-өрісін кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,әсемдікке,әдемілікке тәрбиелеу.
Аталған тақырып бойынша көрме жасалынып, бұл сайыс табиғат аясында жазғы бақта өткізіледі.
1-Жүргізуші: Балалар біз қайда келдік? (жазғы баққа,табиғаты әсем өлкеге,т.б.) Ал ендеше табиғатпен, даламен амандасайық!
1-2 Жүргізушілер: -Армысың, қайырымды Аспан-ата! Армысың, мейірімді Жер- ана! - Армысың, шұғылалы Алтын-күн!
2-Жүргізуші: Балалар, мынау әсем табиғатка қарай отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігімізді жыр жолдарымен,қылқалам ұшымен жеткізсек қалай қарайсыңдар?
1-жүргізуші: Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан- алуан жапырақ.

Жазғы бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


2-жүргізуші: Ой, жарайсың, тамаша !Енді менің ақындығымды сынап көр!

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!


1-жүргізуші:Бәрекелді!Керемет!
2-жүргізуші: Ендеше ,балалар,әр бала өзінің өнерін сурет немесе өлең жолдары арқылы көрсетсін.Үздік өлеңдер мен суреттер арнайы көрмеге қойылады.Іске сәт!





«Менің өлкемнің тарихи құндылықтары»
1- жүргізуші: Туған жердің қойнауында құт қонған,

Туған жердің әр тасында сыр тұнған.

Шежіресі ұрпақтарға сабақ боп,

Егеменді ел болуы сондықтан.


2-жүргізуші: Қандай бақыт өз елінде туғаның,

Қандай бақыт балалық дәурен,бал шағың.

Қандай бақыт қара жолда шапқылап,

Шаң шығарып,гүл көбелек қуғаның.


1-жүргізуші: О,туған жер,сенің сырың сан қилы,

Суың мол,сарқырап,арнасынан тасиды.

Ну орманың толы түрлі жасылға,

Ішінен жұпар иістер аңқиды.


2-жүргізуші:Иә, туған жерге жетер ел де,жер де жоқ. Ғасырлардан ғасырларға мирас болып келе жатқан қасиетті мекен үнемі жүрегіңнің түкпірінде, көңіліңнің төрінде сақтаулы болмақ.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың.Біз бүгін туған еліміздің кереметіне тағы бір мәрте куә болдық.Саяхатқа шықтық,өзеніне шомылдық.Көңіл-күйіміз тамаша емес пе,балалар?
2-жүргізуші:Олай болса,бүгінгі алған әсерімізді туған елдің тасы мен жасыл шөптерінен,әсем гүлдерінен жасалған әдемі табиғат көріністерін тамашалайық!
1-жүргізуші:Шеберлеріміздің қолынан шыққан туындыларды бағалайтын әділқазылар алқасына сөз берейік!
1-жүргізуші:Ортаға «Атамекен»тобын шақырайық!

«Жас қыран»

«Ұлытау»








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет