Теңеудің синтаксистік құрылымы:
- Жалаң теңеулер- тек теңеу құрушы мүшелердің қосындысынан ғана тұрып, белгілі бір заттың, яки құбылыстың жалаң суретін жасайды. Мұнда күрделі ой жоқ, соған орай бұл теңеуде күрделі образ да болмайды.
- Күрделі теңеулер- өзінің құрылысы жағынан күрделі, жалаң теңеуге қарама-қарсы құбылыс. Мұнда не образ (көбінесе образ), не зат немесе екеуі де өздеріне бүтіндей күрделі ұғымды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға негізделген, шытырман суретке құрылған, эмоциялық-экспрессивтік әсері күшті теңеулік образдар жасалады.
- Бірыңғай теңеулер- бір сөйлемнің, бір күрделі ойдың құрамында бірнеше теңеулердің қатар келіп, бір сөйлемнің мүшесінің қызметін атқаруы.
- Толымды теңеулер- теңеулік конструкцияның үш элементі (зат, образ, белгі) түгелдеу болуы қажет. Бұл ұғымды алғаш енгізген Б.В.Томашевский.
- Толымсыз теңеулер- толымды теңеулерге қарама-қарсы құбылыс. Мұның атынан да көрініп тұрғандай, толымсыз теңеуде бір мүше айтылмайды.
- Болымсыз теңеу- бір затты екінші затқа теңегенде болымсыз ғана мағына шығарады.
Мысалы
Жалаң теңеу
- Көз алдыңа сары сағым ойнап, шөл далаға шығындап шығып кеткен жолаушыдай аңқаң кеуіп, ындының құрып,жанарыңда неше ықылым құбыжық суреттер кілкіп жүзеді.
(“Алаң”, 4-бет)
- Еңгезердей жігіттің маңайда ешкім жоқ болса да өз-өзінен аузы жыбырлап, сыбырлап тұрғаны ерсі.
(“Алаң”, 7-бет)
Күрделі теңеу
- Әйелім сол күні қас қылғандай төтенше шаруамен Мәскеуге кеткен еді.
(“Алаң”, 12-бет)
- Жер шарын өрмекшінің торындай шырмап жатқан қолы ұзын қияметтің өзі деген рас. (“Алаң”, 13-бет)
Қорыта айтқанда, жазушы Д. Досжанның “Алаң ” романы тілін талдау барысында 34 теңеу теріліп,соның ішінде 15-жалаң теңеу,19-күрделі теңеулер терілді. Ғалым Т. Қоңыровтың теңеудің синтаксистік құрылымы жағынан бөлінуі арқылы талданды.Романда көбіне кездескені жалаң мен күрделі теңеулер
Достарыңызбен бөлісу: |