Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі



бет19/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
asem

Ғабдолла Қалиев пен Әсет Болғанбаевтың 2006 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде: «Мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем іспеттес. Мақалдардың көпшілігі екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді.
Ғалым Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы өзінің «Қазақ тілінің стилистикасы» атты оқу құралында:
Мақал – мәтел – халықтың қоғамдық құбылыстарды кең қамтып, өмірдегі әр қилы қарым – қатынастарды әсерлі, көркем бейнелейтін тақырыбы, идеялық мазмұны бай, ең бір мол саласы деп анықтама берген.
Сонымен қатар, ғалым көркем туындыда мақал – мәтелдер шығарма тілін шырайландырып, көріктендіріп, айтар ойдың жүйесін қиыстырып, арттырып, ширатып тұрады деген.
Үрімова Рахила Кенжебекқызы өзінің 2009 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдердің этноқұрылымдық сипаты» атты авторефератының 1-тарауын «Қазақ тілінің аймақтық мақал - мәтелдері мен фразеологизмдерінің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізі» деп атап, бұл тарауда ғалым аймақтық мақал – мәтелдердің танымдық табиғаты туралы жазады. Сонымен қатар, аймақтық мақал – мәтелдердің қалыптасуына ықпал екен экстралингвистикалық факторлар туралы да мысалдармен дәлелдейді.
Және де мақал – мәтелдер мен фразеологизмдер құрамында кездесетін өсімдіктердің атауын әр аймаққа тән белгіде көрсеткен. .
Қорыта айтқанда ,Жазушы Дүкенбай Досжанның «Алаң» романы тілін талдау барысында 24 мақал-мәтел табылып,оның 6 мақал-мәтелдер Ә.Қайдардың «Халық даналығы» еңбегімен ашылып, талдауға түсті.Соның ішінде «Адамға» қатысты 10 мақал-мәтел, «Қоғамға» қатысты 6 мақал-мәтел, «Табиғатқа» қатысты 8 мақал-мәтелдер топтасып бөлінді
Мысалы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет