Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі



бет3/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
asem

Зерттеуші-ғалым С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты монографиялық оқулығында Ж.Мусин «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» атты еңбегінде, антонимдерге әр түрлі бағыттағы анықтама берген:

  • 1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер - антоним деп аталады.
  • 2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі қолданады.
  • 3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде қатар қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі».

Профессор Ф. Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында антонимдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетеді:

  • Профессор Ф. Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында антонимдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетеді:
  • Антоним сөздер арасындағы ұғымдық жақындық болады.Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама- қарсы бағасының атауы болып табылады.
  • Антонимдер кезкелген сөздермен тіркесе бермейді.
  • Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отырушы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай-ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі.
  • Антонимдер – семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама-қарсылыққа негізделеді.
  • Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады деген.

Ғалым Жүсіпов Асқар Елтайұлы «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» 2004ж атты диссетациясының авторефератында антонимдердің зерттелуі туралы айтылады. «Антоним терминінің өзін әр зерттеуші әр түрлі түсіндіреді. Антонимдерге түрлі анықтама бергенмен де, олардың табиғатын түсінуүшін ең алдымен, осы қарама-қарсылық дегенді анықтап алу қажет.Антонимдер сөздің бүкіл мағынасында емес, тек белгілі бір мағынада ғана жақындасады. Демек антонимдерді қарастыру да, антоним таңдауда да сөздің көп мағыналылығын ескеру қажет».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет