векторлық ұстаным бойынша:
амал-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болып өткенін;
іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен көп уақыт бұрын болғандығын;
амал-әрекеттің сөйлеу сәтіне жақын аралықта болып өткенін де;
модальдық ұстаным бойынша:
бірінші жақта жіктеліп қолданылғанда ұмытылып қалған не таныс емес оқиғаны баяндауда;
екінші жақта жіктеліп қолданылғанда ұмытылып қалған оқиғаны еске түсіре баяндауда;
үшінші жақта жіктеліп қолданылғанда: сөйлеуші не тыңдаушының қатысынсыз, екінші бір адамдардан естіген амал-әрекетті;
сөйлеуші не тыңдаушының амал-әрекетке қатыспай, бірақ сол амал-әрекеттің нәтижесі арқылы хабарлауын;
кездейсоқ, күтпеген амал-әрекетті баяндауда;
сөйлеушінің дәлелдеуін қажет етпейтін өткен шақтағы амал-әрекетті баяндауда;
сөйлеуші естіген оқиғаны сенімсіз түрде баяндауда;
анық болмаған амал-әрекеттерді баяндауда;
анық болып өткен амал-әрекетті баяндауда да т.б.
аспектілік ұстаным бойынша:
белгілі бір қалып-күйді білдіруде қолданылатынын айта келіп:
«-ыпты/ -іпті формалы етістіктерде сөйлеу кезінен бұрын болған іс-әрекет сөйлеушінің тікелей қатысынсыз, екінші бір адамдардан естіген ақпарат түрінде берілген. Сондықтан мұндай өткен шақты белгісіз өткен шақ деп атаған дұрыс», – деп тұжырым жасайды [118].
«Современный казахский язык» оқулығында өткен шақтың мағыналық реңктерінің қатарында -мақ еді‚ -мақшы еді (форма намерения)‚ -ар еді (сослагательная форма) көрсеткіштерін атайды. Осы формалармен қатар А.Ысқақов -ғай еді‚ -са еді‚ -са игі еді‚ -са керек еді‚ -ар екен‚ -са екен‚ -йын деп еді‚ -йын деген екен формаларын да өткен шақтың мағыналық топтары ретінде көрсетіп, оны «неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ» деп атайды. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақты А.Ысқақов: «сөйлеушінің бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формалар»‚ – деп түсіндіреді [78, 340-б.]. Ғалым -са игі еді‚ -ғай еді, -са екен формаларын қалау рай қатарында түсіндіреді. А.Ысқақов ақиқат болмысты нақты түрде білдіре алуына байланысты райларды өз ішінен ашық рай (индикатив) және неғайбыл рай (ирреалды) деп бөледі де: «…Ашық райдың нақтылы мазмұны мен формалары шақ категориясымен байланысты қаралады»‚ – дей келіп, шақты рай категориясынан бөлек қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |