Модуль 7. Хирургия және травматологиядағы шұғыл жағдайлар.
Хирургиялық көмек 3 түрлі хирургиялық бөлімдерде жүргізіледі:
жалпы профильді,
арнайы профильді,
жоғары маманданған орталықтарда.
1. Жалпы хирургиялық бөлімдер қалалық және райондық ауруханаларда ұйымдастырылады. Олар тұрғындарға негізгі маманданған хирургиялық көмек көрсетеді. Бұл орындарда әртүрлі хирургиялық сырқаттарды емдейді, соның ішінде 50% жедел хирургиялық патологиялар, 20-40% тірек қимыл аппараттарына байланысты науқастар.
2. Арнайы бөлімдер облыстық, қалалық ауруханаларда ашылып, 50 000-нан 3 млн. тұрғындарға дейін емдейді. Олар өз профильдеріне сәйкес науқастарға көмек көрсетеді. Арнайы көмекті көрсету нақты сырқаттардың көрінісі бойынша емдейді:
• бір жүйелік ағзалар сырқатында – тамырлар хирургиясының бөлімі, өкпе хирургиясы, проктологиялық, урологиялық және т.б.;
• Орналасуы байланысты нозологиялық формалары бойынша – күйік бөлімі, зәр шығару, буын – сүйек туберкулезі бөлімдері.;
• Хирургиялық патологиялар бөлімдері бойынша – онкологиялық бөлім, шұғыл хирургия, іріңді хирургия және т.б.;
• Операциялардың түрлеріне байланысты – пластикалық хирургия;
• Жас ерекшеліктеріне байланысты – балалар хирургиясы.
Хирургиялық науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету реті екі кезеңнен тұрады:
Бірінші – ауруханаға дейінгі кезең, ПМСП деңгейінде дәрігерге дейінгі, дәрігердік және шұғыл медициналық көмек көрсету;
Екінші – ауруханалық кезең, арнайы, сонымен қатар жоғарғы технологиялық, жалпы хирургиялық профильді бөлімде медициналық көмек көрсету. Жоғарғы технологиялық медициналық көмек арнайы ретпен көрсетіледі.
Хирургиялық науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету реті.
Дәрігерге дейінгі көмек (дәрігерлік көмекті алу мүмкіндігі болмағанда) орта буынды мед. персоналдармен көрсетіледі – фельдшермен, амбулаторлы жағдайда және тұрмыстық жағдайда мейірбикелермен көмек көрсету.
Дәрігерлік көмек амбулаторлы және тұрмыстық жағдайда дәрігер терапевтпен, жалпы тәжірибелік дәрігермен, уролог дәрігермен, хирургпен жүргізіледі.
Хирургиялық аурулар шұғыл көмекті қажет еткенде кепілді медициналық көмек мед.персоналдармен қысқа уақыт ішінде белгілі стандарттарға сәйкес көрсетіледі.
Хирургиялық науқастарға шұғыл медициналық көмекті жедел фельдшерлік медициналық бригада көрсетеді, жедел дәрігерлік медициналық бригада, реанимациялық профильді бригадалармен жүргізіледі.
Жедел медициналық көмек көрсету бригадасы науқасты құрамында хирургиялық, операциялық блок, анестезиология – реаниматология бөлімі бар тәулік бойы көмек көрсету қалалық ауруханаға, медсанчастьқа, жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына, орталық райондық ауруханаға медициналық ұйымға жеткізеді. Арнайы медициналық ұйымдар болмағанда немесе арнайы медициналық көмекті көрсету мүмкіндігі болмағанда науқастар республикалық ұйымдарға, арнайы хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау орындарына бағытталады.
Жедел медициналық арнайы мамандық көмек көрсету мүмкіндігі болмағанда (санитарлы - авиациялық) алыс тұрғылықты жерде тұратын науқастар тәулік бойы медициналық көмек көрсететін жақын жерде орналасқан құрамында хирургиялық бөлімі, операциялық блок және анестезиологиялық - реанимациялық бөлімі бар емдеу – профилактикалық орындарына жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |