«Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»


Жедел медициналық жәрдем қызметінің ұйымдастырылуы



бет2/20
Дата25.06.2022
өлшемі117.97 Kb.
#459475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
УМК ЖМЖС

Жедел медициналық жәрдем қызметінің ұйымдастырылуы
Жедел медициналық жәрдем қызметі қазіргі кезеңде қоғамдық маңызы зор медициналық көмектің бірі болып саналады.
Қазақстан азаматтарына бұл көмек мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасына сәйкес тегін көрсетіледі.
ЖМЖ мекемелері қызмет атқару үшін Мемлекеттік басқару органдарынан лицензиясы болуы сонымен қатар оның маман қызметкерлері жүйелі түрде біліктілігін арттыру , аттестациялау және сертификациялаудан өтіп отыруы керек
ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары:

  • ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары:

  • тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ тұрғындардың толық қолы жетуі;

  • ауруханаға дейінгі әр-түрлі медициналық көмектің түрлерін жылдам және дер кезінде көрсетуі;

  • барлық категориядағы жарақаттанғандар мен науқастарға қажетті ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғары білікті медициналық мамандармен қамтамасыз етілуі;

  • нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызудың қамтамасыз етілуі.

Жедел жәрдем (жедел медициналық көмек) міндеттері:

  • Жедел жәрдем (жедел медициналық көмек) міндеттері:

  • Санитарлық транспортпен тасымалдауды қажет ететін науқастар немесе жараланғандар тасымалы

  • Қоғамдық немесе өндіріс орындарында, көшеде, мекемелерде жарақат алғандарды тасымалдау

  • Жедел хирургиялық және созылмалы, инфекциялық аурулары бар науқастарды тасымалдау

  • Шұғыл науқастарға арнап ауруханаларда орын бөлу, жедел қан құюлар кезінде қан жеткізу немесе шұғыл консультациялар кезінде мамандарды жеткізу.

  • Ғылыми-практикалық, әдістемелік және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

  • Жарақаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалатын шараларға қатынасу.

  • Криминалды жарақаттарды (пышақтау, ату) жергілікті құқық қорғау органдарына, ал шұғыл жағдайларды (су тасқыны, өрт, жол-көлік оқиғалары) жергілікті билік органдарына хабардар ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет