Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда ларинго-бронхоспастикалық жағдайлардың диагностикасы мен жедел жәрдемі көрсету дағдыларын студенттерде дамыту
Оқыту міндеттері:
1.Студенттерді ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлармен таныстыру
2. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде жедел стеноздық ларингиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.
3. Студенттерді жедел бронхиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.
4. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде бронх демікпесі ұстамасының клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.
5. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде созылмалы обструктивті бронхиттің клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.
6. Студенттерді бронхолитикалық, муколитикалық дәрілердің клиникалық фармакологиясымен таныыстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлар.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының бөгде дене түсуімен, аллергиялық реакциялармен шақырылған бронхоспазм, ларингоспазм кезінде жедел жәрдем көрсету.
3.Жіті стеноздық ларингит, диагностикасы, күлдің салыстырмалы диагностикасы
4. Созылмалы обструктивті бронхит, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, клиникасы және жедел жәрдем
5. Бронх демікпесі, жіктелуі, асқынулары
6. Бронх демікпесі ұстамасының ауырлығын бағалау денгейі, ауруханаға дейінгі сатыда бронх демікпесінің тұншығу ұстамасын басу.
7. ЖМЖ жағдайында ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды басу үшін небулайзер қолдану.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б
4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.
5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.
6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.
Достарыңызбен бөлісу: |