«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет48/124
Дата12.09.2023
өлшемі1.97 Mb.
#477307
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124
силлабус-каз2012-2013

Бақылау:


Тесттер
1. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы ларингостенозға тән:

  1. экспираторлы ентігу, қақырық аралас жөтел

  2. инспираторлы ентігу, үрген жөтел

  3. шулы, ысқырықты, дистанционды құрғақ сырыл

  4. құрғақ жөтел , тері жамылғысының бозаруы

  5. құрғақ жөтел , тырысулар

2.14 жас аралығындағы балаларда небулайзер арқылы бронхолитиктердің бір реттік мөлшері:



  1. 5-20 тамшы

  2. 20-40 тамшы

  3. 40-60 тамшы

  4. 60-80 тамшы

  5. 80 және оданда жоғары тамшы

3. Комбинирленген препарат беродуал құрамы:



  1. пульмикорт және атровент

  2. беротек және интал

  3. изопреналин және будесонид

  4. астмопент және беротек

  5. фенотерол және ипратропиум бромид

4. Нәрестелерде ларингостеноздың дамуына мына себеп басым болады:



  1. бронх шырышының ісінуі

  2. бронх тегіс бұлшықеттерінің спазм

  3. альвеолярлы-капиллярлы мембрана диффузиясының бұзылысы

  4. тыныс орталығының жетілмеуі

  5. кеңірдектің кең болуы

5. Ларинготрахеит, стеноздың I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем



  1. глюкокортикоидтар

  2. эуфиллин

  3. оттегі

  4. сілтілі ингаляция

  5. кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ

6. Ларинготрахеит, көмекей стенозының I I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем:



  1. эуфиллин

  2. -стимуляторлар

  3. глюкокортикоидтар

  4. өкпені жасанды желдендіру

  5. гипотензивті дәрілер

7. Бронх демікпесі клиникасына тән:



  1. тот басқан қақырықты жөтел

  2. өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар

  3. өкпеде ысқырықты сырылдар

  4. инспираторлы ентігу

  5. перкуссия кезінде өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталу

8. Аталған дәрілердің қай тобында бронхкеңейткіш әсері бар?



  1. b2-адреномиметиктер

  2. М-холиномиметиктер

  3. ганглиоблокаторлар

  4. a-адреноблокаторлар

  5. нитраттар

9. Шынайы дифтериялық крупқа мына белгілер тән:



  1. қатаң, үрген тәрізді, дауысты жөтел

  2. дауыс қарлығуының өршуі, тұрақты афонияға ауысуы

  3. дауыс қарлығуының тұрақсыздығы, афония болмайды

  4. таңдай бездерінде жабындылардың болуы, оның тез алынуы

  5. стеноз кенеттен пайда болады, әсіресе түн мезгілінде

10. Орташа ауырлықтағы бронх демікпесі ұстамасымен науқастарға жедел көмек көрсетудің дұрыс ретін көрсетіңіз:



  1. сальбутамол, эуфиллин, преднизолон

  2. интал, эуфиллин, преднизолон

  3. пульмикорт, оттегі, эуфиллин

  4. преднизолон, эуфиллин, оттегі

  5. эуфиллин, преднизолон, задитен

11. БД ұстамасымен науқасты ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер:



  1. БД орташа ауырлықтағы ұстамасы

  2. 1-2 сағат көлемінде бронх кеңейткіш препараттар нәтижесінің болмауы

  3. БД жеңіл ұстамасы

  4. БД гормонға тәуелді формасымен барлық науқастар

  5. Қосымша аурулардың болуы

12. Төменде аталған препараттардың қайсысы селективті b2-адреномиметик болып табылады ?



  1. адреналин

  2. преднизолон

  3. эуфиллин

  4. атровент

  5. беротек

13. b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну дамиды?



  1. анафилактикалық шок

  2. өкпенің ісінуі

  3. кененттен өлім

  4. демікпелік статус

  5. гипертензивті криз

14. БД ұстамасының жедел терапиясында таңдаулы препарат болып табылады:

  1. ұзақ әсер ететін b2-агонисттер

  2. қысқа әсер ететін b2-агонисттер

  3. b1 және b2 агонисттер

  4. антихолинергиялық препараттар

  5. ИГКС

15. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы (ПСВ. төмендегі әдістің көмегімен анықталады:



  1. пульсоксиметр

  2. спирометр

  3. глюкометр

  4. пикфлоуметр

  5. пневмотахометр





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет