Жағдайлық есеп
1. 30 жастағы науқас К., ауыр жағдайда кешке көшедег табылды. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмайды. Объективті: тері жамылғыларының бозаруы. Зорлау белгілері анықталған жоқ. Аузынан алқызыл қан бөлінеді. ТЖ 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
Асқазан-ішектен қан кету
Өкпеден қан кету
Кеуде клеткасына енген жарақат
ӨАТЭ
өкпе ісінуі
2. 82 жастағы науқас В.,тәулігіне 1 стаканнан артық бөлінетін сирек жөтелге, кеуде клеткасындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: бірнеще жылдан бері ауырады, 1 ай ішінде дене салмағы және тәбеті бірден төмендеген. Кезеңді түрде стационарлық ем, соның ішінде химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Науқас жүдеген. Тері жамылғысы бозғылт. Қайғырған бет бейнесі. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 100 соққы, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Өкпе рагы, өкпеден қан кетумен асқынған
асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған
Кеуде клеткасына енген жарақат
Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік
ӨАТЭ
3.70 жастағы науқас П., көп мөлшерде алқызыл түсті қанның бөлінуімен қатар жөтелге шағымданады. Анамнезінен: бронхөкпелік аурумен ұзақ мерзім бойында ауырады. Объективті: тері жамылғысы жер тәріздес реңмен қосарласқан бозғылттау. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда қандай препаратты тағайындауға болмайды?
викасол
аминокапрон қышқылы
дицинон
Кальций хлорид
гепарин
4. 56 жасар науқас А., ес-түссіз күйінде көшеден табылды. Кеуде клеткасының тұсында көйлегінде қан ізі анықталады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр.кахексиялы. Тері жамылғысы бозғылт .Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қолының саусақтарының басы «барабан таяқшалары» тәрізді. Қарап тексеру кезінде ауыз қуысында қан аралас сілекей қалдықтары анықталды. Өкпесінің оң жағында везикулярлы тыныс әлсіреген, майдакөпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
ӨАТЭ
өкпеден қан кету
Кеуде клеткасына енген жарақат
Асқазан-ішектен қан кету
өкпе ісінуі
5. 40 жылдық темекі шегуден стажы бар науқасты үздіксіз, мазалайтын жөтел, кейде қан аралас, жарты жыл ішінде дене салмағыгың 20 кг азаюы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарлауы мазалайды. Аталған шағымдар қандай сырқатқа күмәндандырады?
Бөліктік пневмония
Бронх демікпесі
Өкпе рагы
ӨАТЭ
СӨОА
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№4 сабақ. Тақырыбы: ЖРВИ
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жедел респираторлы вирустық инфекциялардың диагностика және жедел жәрдем дағдыларын студенттерде дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |