Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет15/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Бір кем дүние

Баласағұн дауы
Ерте, ерте, ертеде Баласағұн шаһары болғаны рас. Ол Шу өзенінің
бойында тұрған екен.
Ал дауласып жүрген қазақ пен қырғыз оқымыстылары.
Қырғыздар айтады: "Баласағұн қаласы біздің жерде", – дейді. Қазақтар:
"Жоқ, біздің жерімізде", – дейді.


Шу өзені екеуінің де аумағында жатыр.
Сонда Баласағұн сол Шудың қай тұсында тұрған?
Қырғыздар айтады: "Шудың бойында Тоқмақтың тұсында Бурана деген
мұнара тұр. Əне, сол Баласағұн", – дейді.
Оны да көрдік. Мұнара бар екені рас. Бірақ Баласағұн егер де
кəдімгідей қала болса, қала тұрмақ, кішігірім ауыл сиятын жер жоқ. Бір
жағы – жар, бір жағы – Шу.
Ал профессор Шалакенов айтатын Баласағұн Ақсу дейтін өзеннің Шуға
құятын қиылысында құладала жерді алып жатыр. Айналасы ат аптырым
қазылған ордың сұлбасы да көрінеді.
Қазақтың əл-Фараби атындағы мемлекеттік университеті тарих
факультетінің студенттері жылда жазда осында қазба жұмыстарын
жүргізеді. Көне қаланың толып жатқан белгілері табылған.
Бұл жайдың басы қашан ашылады?
Бір кем дүние.
Намыс қайда
"Əлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды жəне ұлттық бейнемізді
алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, іс-əрекетімізбен
құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа
ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн" (Ататүрік).
Ал бізде, қазақтарда қалай? Басқа-басқа, тіпті Парламенттің өзінде,
Сенаты бар, Мəжілісі бар, дауысқа салғанда тоқсан пайызға жуығы қазақ
тіліне қарсы дауыс берді.
Ал дəл осы Парламент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп шешім
қабылдаған болатын.
Бұл толқу сонда не толқу? Депутаттардың басым көпшілігі кешегі өз
шешіміне қарсы шыққаны қалай?


Жоғарыда Ататүрік айтқан ұлттық қасиеттердің мүлде ада болғаны ғой.
Ұлттық қасиет, ұлттық намыс өлген ғой.
Міне, бұл нағыз қасірет!
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет