Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет11/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
Бір кем дүние

Нағыз Төлеген осы еді
Жуырда ғана қорапта жатқан қағаздарды ақтарып отырып, «Егемен
Қазақстан» газетінің 2005 жылғы 31 мамырда шыққан нөмірі көзіме түсті.


Тақырыбы – «Сембин», авторы Қали Сəрсенбай екен. Тор көз сауыт
сияқты тоқыма жемпір киген сұлу жігіт – сол Сембиннің өзі, қырын
қараған сұлу сурет.
Қали Сəрсенбай менің Амангелді Сембин туралы кезінде жазған бір
ауыз сөзімді келтіре кетіпті.
Мен: «Кезінде сондай бір əнші болған, сондай бір жұлдыз жарқырап
туған. Сол жұлдызды жабылып жүріп өшіргенбіз», – деп жазыппын.
Енді арада жылдар өтіп кеткен соң ойлап қарасам, дұрыс айтқан
екенмін.
Мұны Қали Сəрсенбай мына «Егемен Қазақстандағы» көлемді
мақаласында, мақала емес-ау, аса ірі дарынды жоқтау-эссесінде еске сала
кетіпті. Рахмет. Иə, менің Амангелді Сембинді Алматыдағы Опера жəне
балет театрында «Қыз Жібек» спектаклінде көргенім рас.
Сол спектакльде Сембин Төлеген рөлін ойнады. «Қыз Жібек» операсын
сан рет көріп жүріп, осы жолғыдай тебіренген емеспін.
Төлеген болып ойнаған басқа мықтыларды мансұқтағым келмейді.
Қанабек Байсейітов, əрине, классик! Ешқандай талас жоқ. Бірақ ол кейін-
кейін жуан тартып, егде болған кісі еді.
Ал мына Төлеген ғасырлардың тіріліп келген, əлі өлмеген, Бекежан
жауыздың қанды қанжары да жүрегіне дарымаған, өмірдегі Төлегеннің дəл
өзі сияқты еді-ақ.
Тұла бойы тұнып тұрған талантпен қоса жаратылыстан бірге жаралған
бекзаттық қасиет оның бар болмысын асқақтатып тұратын.
Қали Сəрсенбай жазады: «АҚШ-та талантты қорғайтын этикалық бас
басқарма бар екен», – деп.
Ондай мекеме бізде əлі күнге дейін жоқ. Ондай мекеме болса немесе аса
дарынды адамдарды ала көзден, бəле көзден, сұқ көзден, театрдағы,
өмірдегі дарынсыз Қотыраш, Батыраштардан, өзге де жақтың өзеуреген
өсекші, бəлеқор, жалақорларынан қорғайтын заң болса, кім біледі, Сембин
бəйшешектей ерте солмас еді.


Бəйшешек байғұс қаһарлы қыс шығар-шықпастан, көктем əлі келер-
келместен, күнəсіз пəк періштедей күлімсіреп шыға келеді де, жер бетінен
лезде көшіп кетеді.
Қали Сəрсенбай Сембиннің анасының сөзін келтіреді: «Дүниеге сыймай
кеттің-ау, құлыным», – депті анасы.
Дүниеге Сембин сыймай кеткен жоқ, қотырғыштар сыйдырмады ғой.
Бірақ ақпейіл ана ешкімді кінəламайды.
Күншіл қотыраштар таспаға жазылған даусына дейін қалдырмауға
тырысқан.
Сембиндей асыл талант теңіз түбіндегі інжу-маржандай ғасырларда
ғана бір-ақ кездесетін сирек қазына.
Жүз жылда бір-ақ туатыны өкінішті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет