Балапан шығармайды.
Қалада үй-жайдың жоғынан мыңдаған бойдақтар сабылып жүр.
Көбісі
сүр болды.
Қыздар кəрі атанып бара жатқан соң: «Кəрі қыз бай таңдамайды»,
дегеннің кері бойынша шет жұрттықтарға кетіп жатыр.
Қазақтың саны содан да ұлан-ғайыр жеріне сай емес.
Содан да Айдаһар мен Аюдың ортасында отырған көжек сияқтымыз.
«Аз халықтың маңдайында бақ тұрмайды» деуші еді.
Бір Алла қашанғы жар болады.
Бір кем дүние.
Тозақтан құтылмайтындар
«Параны беретіндер де, оны алатындар да тозаққа барады». (Хадистен).
Əсіресе қазіргі парақорларды түгел жазаласа,
тозаққа сыймай, орын
табылмай, бəле бола ма, қайдам...
Бір кем дүние.
Кесепат неден?
Шақырған жерден қалмаңдар.
Шақырмаса – бармаңдар.
Өзі болған жігіттің
Аяғынан шалмаңдар!
(Мыңбұлақтан шыққан Жұмабек ақын)
Жоғарылап
бара
жатқан
адамның
етегінен
тартып,
кедергі
жасайтындар, көре алмайтындар алдымен өз ағайының емес пе?
Өз жұртың
күншіл, қайын жұртың сыншыл. Шын жанашыр нағашы жұрт, – дейді. Кім
біледі, рас шығар.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: