Бір кем дүние.
Əдебиет жас таңдамайды
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында бір жиналыста Ғабит
Мүсірепов былай деді:
– Соңғы он жылда əдебиетті екіге бөлу əрекеті шықты: шалдар,
жастар
деген. Əдебиет — орман. Қайыңы да, емені де бар. Жел тұрса, құлайтыны
да бар.
Содан бері де ширек ғасырдан астам уақыт өтті. «Шалдар», «жастар»
деп əдебиетті екіге бөлу өрши түскен сыңайлы.
Бірақ өмірдің
өзі көрсетіп келе жатқандай, əдебиет жас таңдамайтынын
дəлелдеп келеді.
Сол Ғабит Мүсіреповтің өзі сексеннен асқанда «Ұлпанды», «Жат
қолындағыны» жазды. Тахауи Ахтанов алпысқа таянғанда «Антты»,
«Шырағың сөнбесінді», Əбдіжəміл Нұрпейісов «Соңғы парыз» романын
тəмəмдады.
Əдебиетке «шалдар», «жастар» деп шекара қою қолайсыз болар.
Əдебиет арбасына екеуі де жегіледі.
Бөліп-жару — бір кем дүние.
Мəңгі, мəңгі...
Осы
аса қымбат, аса қасиетті сөзді кейбіреулер жөн-жосықсыз, орынсыз
қолдана береді.
Бір əдемі əуенде:
Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де
Мəңгі емес... –
делінеді. Шындық осы.
Бір Алладан басқа мəңгі ешнəрсе жоқ.
Ұлы Абай айтқан: «Бір Алладан басқаның бəрі өзгермек».
Бір кезде Ленинді, Сталинді мəңгі-мəңгі
жасайды деп қоғадай
жапырыла мадақтадық.
Енді ескерткіштерін талқандап, құлатып тастадық.
Мəңгі өлмейтін тек Жаратқан Құдірет, Жасаған Ием!
Мəңгілік деген Күн де бір заманда сөнбекші.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: