Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет53/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Бір кем дүние

Алақандай аралда...
Өздерінің алақандай аралын жапондықтар «Ұлы Жапония» деп атайды.
Бесіктегі балаларына дейін осы ұғымды олардың миына құйып өсіреді.
Ал Жапониядай талай мемлекет сыйып кететін Қазақстанды «Ұлы
Қазақстан» деп атап, мақтана аламыз ба?
Жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай, «біз жиылсақ — көппіз, жайылсақ
— жоқпыз» ғой.
Қасиетті кітапта «адамдарды шашырататын мезгіл бар, жинап алатын
мезгіл бар» деп жазылған.
Біздің қазақты тағдыр талай рет шашыратты: жойқын соғыстар,
отаршыл қорлықтар, қолдан жасалған ашаршылық (геноцид), т.б.
Енді, Алла қолдаса, шашылғанды жинайтын, қирағанды жаңартатын,
қисайғанды түзететін кезең келді. Ол үшін өсім керек. Бірақ өсім аз.
Бір кем дүние.
Өгей жандар


«Өзге ұлттың орыстанған өкілдері шовинистікке келгенде орыстардың
өзінен асып түседі» (Ленин).
«Қазақша сөйлемейтін қазақтар — анасын буындырып өлтіргендер».
(Жабал Ерғалиев, «Көкшетау» газетінің бас редакторы)
Ұят-ай!
TV-дан бір журналист:
Елу жылда — ел жаңа,
Қырық жылда — қазан, –
деп соқты. Масқара! (26. 12. 2007ж.)
Ұзақ жасаушылар
Көктемнің көкөзегі. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы.
Солтүстікте қыс ұзақ.
Оңтүстікте көктем кемеліне келді.
Астананың қысы созылыңқы. Кешке қарай қарғалар қаланың терістік
жағынан оңтүстігіне қарай қаптай ұшып, Есіл өзенінің солтүстік
беткейіндегі парк орманына барып қонақтайды.
Бұл көріністі мен Кенесары ескерткішінің жанында отырып байқаймын.
Бір қарға көп қарғалардан бөлініп, ескерткіштің тұғыртасына əлдекім
шашып кеткен бидайды байқап қалып, екі шоқып, бір қарап, қу құлқынның
қамымен отыр.
Екі шоқып, бір қарағанда, күдіктісі мен, маған қарайды. Мен оған
тиіскім келмейді. Қайта онымен сөйлессем деймін. Қарға тілін білмеймін.
Құданың құдіреті, сонда əлгі қарға адамша сөйлеп тіл қатады:
– Қарр-қарр, неғып жалғыз отырсың?
– Жай отырмын. Сен басқалардан бөлініп қалғаныңа таң қаламын.


– Оның несіне таң қаласың? Кейінірек барсам да, бір бұтақ бұйырады.
Ал мына жемді қалай қиып кетесің?!
– Басқалар байқамағанды сен көріп қойдың.
– Басқалар көбісі сары ауыз балапандар ғой. Мен бəрінен үлкенмін.
– Қаншадасың?
– Қарғалар үш жүз жылға дейін жасай береді. Мен соның екі жүзін
жасадым. Мен əлі жас кезімде мына батырдың соғысын көрдім, – деп кəрі
қарға ұшып барып, Кенесарының иығына қонып отырды.
– Шын айтасың ба?
– Қарғалар өтірік айта алмайды. Мен көрген Кенесары сонда сонау
Қараөткелдің тұсынан арғы беттен шабуылдап, Ақмола қамалын басып
алған. Қалың қолдың талайы Есілге батып кетті. Орыс қамалынан
Кенесары əскеріне қарсы зеңбірек пен мылтықтан оқ жауды. Ал Кенесары
əскерінің қаруы – найза, қылыш, дойыр қамшы...
Зеңбіректің гүрсілінен шошынған біз, қарғалар, анау қалың орманға
барып тығылып, соғыс сойқанын байқап отырдық. Солай...
Қарға үндемей қалды.
– Одан əрі не болды?
– Не болғанын өзің де білесің. Несін сұрайсың? Мылжың болма.
Мен бұйырса, əлі жүз жыл жасаймын. Ал мына Кенесары мың жыл
осылай тұра береді.
Осыны айтты да, кəрі қарға арғы беттігі орманға қарай қалбаңдап ұша
жөнелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет