Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет52/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
Бір кем дүние

«Алтын жүректің иегері»
«Айқын» атты газет «Жиырма төрт жылдың ішінде жиырма төрт
баланы дүниеге əкелдім» деген үлкен сұхбат жариялады (15 ақпан, 2008 ж).
«Баланы жоспарлау» дегенді қайдан шығарғандарын білмеймін», –
дейді «Алтын жүректі» Ана Камаш Сейітжанова.
Бала тууды тұншықтырып, біреуден асырмау, жарасса, Қытай сияқты
миллиардтаған халқы бар елдерге жарасатын шығар.
Ал біз қазақтар, неменеге жетісіп бала тууды қолдан шектейміз?! Жер
жетпей жатыр ма? «Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады» дейді
даналар.
Қазақ баланы көптігінен асырай алмай, алақан жайып қайыр сұрап
жүрген жоқ бұл заманда.
«Бала тууды жоспарлау» дегенді шығарып жүргендер — табиғат
заңына, Құдайдың құдіретіне қарсылар.
Ондай «белсенділер» түптің түбінде Жаратқан Құдіреттің қаһарына
ұшырайды.
Одан да Камаш Сейітжанова сынды «Алтын жүректі» Ананың асыл
сөзіне құлақ түргендер мұратқа жетеді:
«Бала туыңдар!
Қазақтың санын көбейтіңдер! Сонда ұдайы жасарып жүресіңдер!» –
деді ғой «Алтын жүрек» Ана.
Құлақ асқан қор болмайды.
Құлақ аспаса, сол жаман.


Бір кем дүние.
Əдебиет жас таңдамайды
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында бір жиналыста Ғабит
Мүсірепов былай деді:
– Соңғы он жылда əдебиетті екіге бөлу əрекеті шықты: шалдар, жастар
деген. Əдебиет — орман. Қайыңы да, емені де бар. Жел тұрса, құлайтыны
да бар.
Содан бері де ширек ғасырдан астам уақыт өтті. «Шалдар», «жастар»
деп əдебиетті екіге бөлу өрши түскен сыңайлы.
Бірақ өмірдің өзі көрсетіп келе жатқандай, əдебиет жас таңдамайтынын
дəлелдеп келеді.
Сол Ғабит Мүсіреповтің өзі сексеннен асқанда «Ұлпанды», «Жат
қолындағыны» жазды. Тахауи Ахтанов алпысқа таянғанда «Антты»,
«Шырағың сөнбесінді», Əбдіжəміл Нұрпейісов «Соңғы парыз» романын
тəмəмдады.
Əдебиетке «шалдар», «жастар» деп шекара қою қолайсыз болар.
Əдебиет арбасына екеуі де жегіледі.
Бөліп-жару — бір кем дүние.
Мəңгі, мəңгі...
Осы аса қымбат, аса қасиетті сөзді кейбіреулер жөн-жосықсыз, орынсыз
қолдана береді.
Бір əдемі əуенде:
Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де
Мəңгі емес...


делінеді. Шындық осы.
Бір Алладан басқа мəңгі ешнəрсе жоқ.
Ұлы Абай айтқан: «Бір Алладан басқаның бəрі өзгермек».
Бір кезде Ленинді, Сталинді мəңгі-мəңгі жасайды деп қоғадай
жапырыла мадақтадық.
Енді ескерткіштерін талқандап, құлатып тастадық.
Мəңгі өлмейтін тек Жаратқан Құдірет, Жасаған Ием!
Мəңгілік деген Күн де бір заманда сөнбекші.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет