Трактор, арнайы кӛліктер, құралдар және механизмдер, саймандар жиынтығы, АҚК үшін қолданылатын құрал-жабдықтар.
Жұмыс барысы
«Руководство по техническому обслуживанию автомобилей» кітабін оқу керек.
АҚК және кезеңдік ҚК ӛткізу тәртібі. тракторларға Е.О ӛткізу: күш жылжуы мен жүру жүйесіндегі агрегаттар тарсылы мен дүбірі жоқтығына кӛз жеткізу. Бақылау құралдардың, жарық беру құралдары, дабыл, дыбыс құралдарының, трактордың басқару механизмдерін жұмысын тексеру, қозғалтқышты таңдау және гидравликалық жүйенін жұмысын тексеру, тракторды кір мен шаңнан тазалау, сыртқы бекітілу жағдайын тексеру, жанармай, май электорлит, суыту сұйықтығының ағуы жоқтығына кӛз жеткізу, шина жағдайын тексеру, жұмыс кезінде және қарауда ақаулықтарды жою, фильтрленген жанармайды негізгі және қосылу қозғалтқыш бактарына құю, жұмыс барысында май қысымы, суыту сұйықтық температурасын амперметр кӛрсеткіштерін, шығу газдар түсімен шина жағдайын тексеру.
Тракторларға № 1ТҚК ережелерін оқып білу
№ 1 ТҚК жұмыстары 60 кӛліктік сағаттан кейін ӛткізіледі. № 1 ТҚК- ге келесі операциялар жатады; тракторды жуу; май деңгейін тексеру, керек болса су насосының шкивына, таралған ролик тұрқысына, гидравликалық жүйе багына май құю; табан шынжырлы тракторда май деңгейін тексеру, керек болса, айналу тұрқысына құю, жылжу каробкасына, бағыттау жылжу, ұстап тұратын роликтер бағандарына және бастапқы дӛңгелектерге құю; су насос подшипниктерін майлау, тіркеудің бастапқы муфта подшипниктерін, бұрылу механизмінің басқышын, рычагтарын, рӛлдің тарту шарнирларын, рӛлдің басқару валының втулка бұрылу цапфа подшипниктерін, генератор подшипниктерін, тежеу рычагтар валиктарын тексеру, ауатазартқыш шанды бӛлуде саңылауларды тазалау, ауатазартқышта май ауыстыру, керекті шешілетін бӛліктерді тазарту және ауыстыру; циклондық ауатазартқыш кассеталарын жуып, майға қою,
желдеткіш белбеулері тартылуын реттеу; тығындылардағы ашық саңылауларды тексеру, аккумуляторға таза суды құю, банкалардың тіркелу беріктігін тексеру; майды тазалау фильтрін тазалап жуу, реактивті май центрифугасын да тексеру; жанармай бактарынан, фильтр қойғыш, ауыр және жіңішке май тазалауды тексеру, жанармай жүйесін толтыру, ауаны шығару; жанармай жолын тазалау, негізгі қозғалтқыш қақпақ саңылауларын тазалау, бұрылу механизмдердегі майлар қалдығын ағызып тастау.
Достарыңызбен бөлісу: |