КҚ күн сайын жұмыстың басталуы алдында автокӛлік құралының техникалық жай-күйін бақылау мен оны пайдалануға дайындау мақсатымен орындалады.
Автокӛлік құралына КҚ операциялары:
тиісті сыртқы түрін сақтау бойынша жұмыстарды орындауды;
техникалық жай-күйін тексеруді;
пайдалану сұйықтықтарының деңгейін тексеруді;
санитарлық ӛңдеуді кӛздейді.
Автокӛлік құралына КҚ жӛніндегі жұмыстардың толық тізбесі 1-қосымшада келтіріледі.
Техникалық күйді тексеруді күн сайын арнайы постта немесе автокӛлік құралы тұрақты тұратын (сақталатын) орында жауапты техникалық қызметкер (бақылаушы механик) және (немесе) жүргізуші жүзеге асырады.
Автокӛлік құралының кәсіпорын тұрақты орналасқан орыннан тыс жұмысы кезінде жүргізуші КҚ бақылау операцияларын күн сайын орындайды. Бақылау операциялары сондай-ақ күні бойы жүргізушілер ауысымы кезінде орындалады.
Жуу-жинау жұмыстары қажетті жуатын жабдықпен жабдықталған және қоршаған ортаның автокӛлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бӛлшектерінің тозу ӛнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады. Жуу-жинау жұмыстары, сондай-ақ автокӛлік құралдары диагностикалау, техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу посттарына келер алдында орындалады.
Автокӛлік құралдарының шанақтарын дезинфекциялағыш ерітінділермен ӛңдеу Автомобиль кӛлігімен жүктерді тасымалдау ережесінің, жүктің нақты түрін тасымалдауға қойылатын талаптарына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустардың салондары, орындықтарын, тұтқаларын, терезе шыныларын және едендерін қоса алғанда, жолға шығу алдында жуғыш және дезинфекциялағыш заттарды пайдалана отырып күн сайын міндетті түрде жуылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |