КИ-968 сынау стендісі машиналарға ТҚК жабдықтарының реттегіш құралдар тобына жатады. Стендтің негізгі қызметі иоминалді кернеуде (12 және 24 В) жұмыс істейтін және «массасы» теріс полярлы автотрактор ЭҚЖ-ның техникалық күйін анықтау және оларды реттеу жұмыстарын орындауға арналган. Aтaп айтқанда: куаты 500 Вт-қа дейінгі тұрақты және айнымалы ток, генераторының, куаты 6000 Вт-қа дейінгі стартердің, реттегіш- реленің (РР), үзгіш-таратқыштың, магнетоның, тұтандыру жүйесі катушкасы мен білтелердің, конденсаторлардың, электр моторлардың, дыбыстық белгі беру жүйесінің және т. б. электр энергиясын тұтынушыларға реттеу жұмыстарын орындау.
Стенд мынадай негізгі бӛлшектерден тұрады: қаңқа, генераторами жетегі, үзгіш-таратқыш пен магнето жетегі, сыналатын электр құралдарын қондырып бекіту құрылғылары, аспаптар қалқаны, сыналатын құралдарды жалғау қалқаны, электр жетекті басқару және қоректендіру блогы (2- сурет).
Генераторлар жетегі сыналатын тұрақты және айнымалы ток генераторының роторын айналдыру қызметін атқарады. Ол екі - жылдамдықты асинхронды электр моторынан, екі сатылы белдікті вариатордан және муфталы біліктен тұрады. Жетек 600-ден 5500 минˉ1 аралығында білік айналымын біртіндеп реттеуді қамтамасыз етеді.
Үзгіш-таратқыш және магнето жетегі қозғалысты, беріліс қатынасы 3:1 және 200-ден 2000 мин-1 дейінгі айналу жиілігін қамтамасыз ететін белдікті және үйкелісті берілістері арқылы генератор жетегінің білігінен алады.
күйін анықтау
АКБ-ның қақпағын алып, клеммаларды ажыратқан соң, АКБ моноблогының тығынындары және сызаттардан (егер бар болса) электролиттін ысырап болмағанына кӛз жеткізіп, мүсәтір спиртінің 10%- дық ерітіндісі немесе кальций содасымен суланған сүрткішпен ЛКБ-ның сыртқы беті тазаланады және АКБ қақпағынан тығын- дары шығарып алынып, олардың желдеткіш саңылаулары мыс сыммен тазаланады.
Сурет 2.Әмбебап тексеру-сынау стендісі: 1 - «масса-зарядтау» ажыратып қосқышы; 2 - синхронограф жетегін қосу туткасы; 3 - жетекті ажырату және қосу түймелері; 4 - вакуумдық сорап; 5 - үзгіш білікшесін қосу муфтасы; 6 - тұтандыру катушкасының жоғары кернеулі тоқ козі; 7 - вакуум жүйесіңің штуңері; 8 - конденсаторды сынау түймесі; 9 - сынаған кезде конденсаторды қосатын қысқыш; 10 - ұзгішті қосу ұясы; 11 - «+» !
тұрақты кернеу үясы; 12 - стеңң үзгішін қосатын үя; 13 - стендтің
вольтметрін косагын үясы; 14 - еинхронографты қосатын ұя; 15 - ажыратқыш пен магнетоның қысқыш құ_рылғысы; 16 - вакуумметр; 17 - үзгіш түйіспелерінің қосылған жағдайына сай, бұрыш ӛлшеуішін «0» қоятын резистор түймесі; 18 - үзгіш туйіснелерінің қосылған жағдайына сай, бүрыш ӛлшеуішін «0» жағдайына коятын резистордың тұтқасы; 19 - тұтандыру аспаптарын сынау кезінде қолданатын ажыратып-қосқыш; 20 - үзгіш түйіспелерінщ қосылған жағдайына сай, бүрыш ӛлшеуіші; 21 - тахометр; 22 - вольтметр; 23 - стендтің АКБ-сы косылғанын кӛреететін белгі шамы; 24 - вольтметрді ажыратып-қосқыш; 25 - амперметр; 26 - амперметрді ажыратып-қосқыш; 27 - сгендтің электр торабына қосылуын білдіретін бақылау шамы; 28 - зарядсыздандырғыш электродтарының арасындағы саңылауды ретгеу тұтқасы; 29 - реттеу реостаты; 30 - жүктеу реостаты; 31 - үшқынды зарядтандырғышты қосу ұясы; 32 - ӛткізбеуіштің ақаулығын кӛрсететін бақылау шамы; 33 - «~220В» жалгау ұясы; 34 - Г- дын шунттік орамын жалғау ұясы; 35 - «+Г» кл 'ммасы; 36 - «-Г» клеммасы; 37 - СТ-ді жалгау клемассы; 38 - Г жетегінің муфтасы; 39 - жүктеу түрін ауыстыргыш-қосқышы; 40 - СТ-ді қосу түймесі; 41-электр моторы жылдамдығын ауыстырып-қосқышы; 42 - сақтандырғыштар; 43 - АКБ-ны ажыратып-қосқыш; 44 - жетек жылдамдығын реттеу тұтқасы
ПИМ-4624 құралымен барлық аккумуляторлардағы электролит деңгейін тексеру қажет. Электролиттің қажетті деңгейі қорғаныш торынан 12...15 мм жоғары болуы керек.
Электролит тығыздығы денсиметр немесе тығыздық ӛлшеуішпен анықталады. Сонымен қатар, термометр арқылы электро
литтің температурасы ӛлшенеді. Содан кейін, электролиттің тығыздығы +20°С жағдайына келтіріледі. Ол үшін тӛменде кӛрсетілген к- мііературалық түзетулер пайдаланылады.
Аккумуляторлардағы электролит тығыздығының айырмашылықтарын есептеу. Айырмашылықтар 0,02 г/см3 аспауы керек.
Электролиттің тығыздық шамасы арқылы АКБ зарядының кему дәрежесін анықтау. Қазақстан Реепубликасының орталық аймақтары үшін АКБ-ның толық зарядталған жағдайы электролиттің 1,28 г/см3 тығыздығына сәйкес. Егер электролит тығыздығы 1,24 г/см3 болса, онда оның заряды 25%-ға, ал 1,20 г/см3 болса - 50%-ға кемігенін кӛрсетеді. Бұл кӛрсеткіштер солтүстік аймақтар үшін 0,02 г/см3-ке жоғары, ал оңтүстік аймақтар үшін 0,02 г/см3-ке тӛмен болады. Зарядталу дәрежесі қыс мезгілінде 25%-дан, ал жаз мезгілінде 50%-дан аса тӛмендеген батареяларды трактордан алып қайта зарядтау керек.
Стартерлік жүктеу жағдайында аккумуляторлардың кернеуі бойынша заряд деңгейін (ЛЭ-2 жүктеу ашасымен) тексеру. Ашаның аяқтарын тексерілетін аккумуляторлардың штырларына күшпен шаншу арқылы ЛЭ-2 жүктеу кедергісі тізбекке қосылады.
Әрбір аккумулятордың кернеуі 1,7 В-тан кем болмауы және ол 5 секунд уақыт ішінде ӛзгермеуі тиіс. АКБ кернеуінің номинал шамадан (1,7 3) әрбір 0,1 В-қа кемуі, оның зарядталу дәрежесінің 25%-ға кемігенін кӛрсетеді. Заряды қыс мезгілінде 25%-дан, ал жаз мезгілінде 50%-ден аса тӛмендеген батареялар зарядтауға жіберілуі тиіс. Егер аккумуляторлардағы кернеулер айырмасы 0,2 В кӛп болса, АКБ зарядталуға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |