Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет29/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67
BURXANOVUH

Бақылау сұрақтары: 
1.Газлифті ұңғымасының сағасында қандай жабдықтар орнатылады? 
2.Газлифтілі клапандардың қызметі қандай? 
3.Газлифтілі ұңғыманы пайдалануда қандай қиыншылықтар 
кездеседі? 
4.Ашық фонтандаудың қандай қаупі бар? 
5.Құбырлардағы қысым өзгерісі қалай анықталады ? 


61 
4. ҰҢҒЫМАЛАРДЫ ШТАНГАЛЫ ТЕРЕҢ СОРАПТЫ 
ҚОНДЫРҒЫЛАР АРҚЫЛЫ ПАЙДАЛАНУ 
 
Мұнай өндірудің фонтанды жəне компрессорлы əдістері жеткілікті 
қабаттық қысымда жəне айтарлықтай газ факторы болғанда ғана тиімді. 
Кен орнын игеру кезінде, белгілі уақыттан кейін қабат қысымы азайып, 
өндірілетін сұйықтың сулылығы өседі. Сəйкесінше қоспадағы газ мөлшері 
азаяды да, ұңғымадағы өндіретін сұйық көлемі төмендейді. Мұнай 
өндірудің фонтанды əдісі мүмкін болмай, компрессорлық əдіс тиімсіз 
болғанда, олар мұнай өндірудің сорапты əдісімен алмастырылады. 
Мұнайды өндіру үшін штангалы жəне штангасыз сораптар 
қолданылады. Штангалы сораптар жер бетіндегі жетектен, ұңғыма 
сорабынан жəне металл штангасымен құралған тізбек түрінде жасалған 
аралық ұзын байланыстан тұрады. 
Құрылысы мен əсер ету принциптерінің əртүрлі болуына 
байланысты терең сорапты қондырғылар мұнай өндіру саласында ғана 
емес, сонымен бірге су, гидротермалдық жəне т.б. ұңғымаларды 
пайдалануда кеңінен таралған. Терең сорапты қондырғылардың көптүрлі 
болуы оларды топтастыруды талап етеді.
4.1. Терең сорапты қондырғылардың классификациясы 
Терең сорапты қондырғыларды негізгі белгілеріне байланысты келесі 
топтарға бөлуге болады:
1. Терең сораптың əсер ету принципіне байланысты
— плунжерлі (поршенді), 
— ортадан тепкіш, 
— винтті, 
— арынды, 
— тербелмелі (дыбысты), 
— диафрагмалы, 
— роторлы-поршенді жəне т.б. 
2. Терең сораптарға жетекші қозғалтқыштан энергия беру түріне 
байланысты: штангалы, штангасыз. 
Штангалы ұңғымалы сораптар: теңгергішті, теңгергішсіз болып 
бөлінеді. 
Ал қолданылатын жетек түрі бойынша: 
— механикалық, 
— гидравликалық, 
— пневматикалық. 
Штангасыз терең сорапты қондырғылар қолданылатын жетек түріне
жəне орналасу орнына байланысты бөлінеді: 


62 
— электржетекті, 
— гидрожетекті, 
— жоғарыда орналасқан жетекті, 
— ұңғымада орналасқан жетекті. 
3. Ұсынылған мақсаты бойынша: 
берілісі 
— төмен өнімді ұңғымаларды пайдалану үшін, 
— орташа өнімді ұңғымаларды пайдалану үшін, 
— жоғары өнімді ұңғымаларды пайдалану үшін. 
көтерілу биіктігі (арыны) 
— терең емес ұңғымаларды пайдалану үшін, 
— орташа ұңғымаларды пайдалану үшін, 
— терең ұңғымаларды пайдалану үшін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет