117
Гидропоршенді сораптардың ерекшеліктері – айдалатын жұмыс
сұйығының көлемін өзгерте отырып, жер бетінен ұңғымадан өндірілетін
сұйықтың көлемін реттеу мүмкіндігі.
Ұңғымалық гидропоршенді қондырғылар көлбеу бағытталған
ұңғымаларға
жақсы бейімделген, өйткені ілгері – кейінді қозғалатын
штанга тізбегі (штангалы сораптарда) жəне агрегатты түсіру кезінде
зақымдалатын кабель (электр жетекті ұңғымалық сорапты қондырғыларда)
болмайды.
Тасталатын тереңдік гидропоршенді агрегаттарды қолдану түсіріп –
көтеру жұмыстарын жеңілдетеді. Тасталатын тереңдік агрегат сұйық
толтырылған СКҚ ішіне түсіріліп, жұмыс сұйығымен төменге қарай
итереді. СКҚ тізбегінің төменгі бөлігіндегі
ершікке жұмыс сұйығының
ағынымен престеледі. Ұңғымаға СКҚ екі қатарын немесе бір қатарын
түсіруге болады. Бұл жағдайда жұмыс сұйығы СКҚ тізбегі ішімен
қозғалтқышқа беріледі, ал өндірілетін жəне пайдаланылған сұйықтардың
қоспасы құбыр аралық кеңістік арқылы жер бетіне көтеріледі.
Тереңдік
агрегатты жер бетіне көтеру үшін жұмыс сұйығының ағынын құбыр
аралық кеңістікке бағыттайды, сұйық тереңдік агрегаттың астына беріледі
жəне оны жер бетіне көтереді. Жұмыс сұйығы пакер астына кетпес үшін
онда кері клапан болады.
Сонда тасталатын тереңдік сораптарды түсіріп – көтеру жұмыстары
құбырларды көтерусіз жүзеге асады. Бұл жағдайда көтергіш жəне жер асты
жөндеу бригадасы керек емес, жұмыс бір оператормен орындалады.
Агрегатты түсіру уақыты сорапты 1000 м тереңдікке орнату кезінде –
шамамен 40 мин, ал көтеру кезінде 50÷60 мин.
Гидропоршенді сорапты қондырғылардың кемшілігіне күрделі жер
бетіндегі жабдықтардың болуымен, əсіресе
жұмыс сұйығын дайындау
жүйесінің қажеттілігінде.
Қазіргі кездегі гидропоршенді сорапты қондырғылар бірнеше
килограммнан 400÷600 тонн/тəу−ке дейін сұйық өндіруге мүмкіндік
береді. 1000 тонн/тəу сұйықты өндіруге арналған жеке агрегаттар бар.
Сұйық өндіретін өнім қабаты 4000 м –ге дейін болады.
Батырмалы агрегат золотникті тартқышты қозғалтқыштан жəне
сораптан тұрады. Қозғалтқыш дифференциальды немесе екі жақты
қозғалатын болуы мүмкін, ал сорап – дифференциялды, бір жақты жəне екі
жақты қозғалатын. Қозғалтқыш жəне сорап бөліктеріндегі жұмыс
кеңістіктерінің əртүрлі орналасуын ескере отырып, гидропоршенді
сораптардың 900 жуық схемалары шығарылған.
Негізінен бұл екі жақты
немесе дифферерциалды қозғалатын қозғалтқышты жəне сорапты
агрегаттар. Агрегаттың ең қарапайым конструкциялық шешімі
дифференциялды қозғалатын қозғалтқышты жəне сорапты жағдайда болуы
мүмкін. Екі жақты қозғалатын агрегаттар күрделі, бірақ олардың п.ə.к.
үлкен жəне жұмыс істеу режимі бір қалыпты.
118
Гидропоршенді сорапты қондырғының басқа штангасыз сораптардан
төмендегідей айырмашылықтарымен ерекшеленеді:
- негізгі сипаттамасына байланысты кең аумақта реттеуге мүмкіндік
бар;
- басқарудың қарапайымдылығы;
- жерасты жөндеу жұмыстары ауыр емес,
яғни батырмалы агрегатты
түсіріп-көтеру өзінің күштік сораптарымен жүзеге асады.
Сонымен бірге бұл қондырғының кемшілік тұстары да кездеседі:
- жер бетіндегі қондырғылардың ыңғайсыз болуы;
- жоғары металлсыйымдылық;
- екі каналды жүйе үшін күштік сұйықты арнайы дайындау қажет;
- механикалық қоспасы бар өнімді айдаудың мүмкіндігінің болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: