Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет50/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
BURXANOVUH

 
 
 
5.9-сурет. Диафрагмалы сораптың құрылысы 
Ал поршень жоғары қозғалғанда поршень үстіндегі кеңістіктің көлемі 
ұлғайып диафрагма жоғарғы жағдайына барады, сонда сұйық айдау 
клапаны арқылы СКҚ тізбегіне айдалады. Сонда айдалатын сұйық тек 
клапандармен, диафрагмамен жəне жұмыс кеңістігінің қабырғасымен ғана 
жанасады. Поршеннің төменгі кеңістігінің көлемінің өзгеруін диафрагма 


112 
компенсациялап тұрады. Бұрыштық тісті беріліс жəне эксцентрик габариті 
кіші агрегатта орналасқандықтан қозғалтқыш қуаты 3 ÷ 6 кВт шектеледі. 
Электр қозғалтқыш үш фазалы, асинхронды, ішіне май толтырылған. 
Электр қозғалтқыштың айналу жиілігі 1450 ÷ 1500 мин
-1
. Тісті беріліс 
айналу жиілігін шамамен 2 есе төмендетеді. 
Сонда поршень жүрісі минутына 750, жүріс ұзындығы 15 мм. 10 МПа 
қысымда сорап берілісі шамамен 10 м
3
/тəу құрайды, п.ə.к. – 0,45. 
Құрамында 1,8% механикалық қоспасы бар, өте суланған сұйықты айдау 
барысында сораптар үлкен жөндеу аралық жұмыс мерзімін көрсетеді. 
Мұндай жағдайларда ортадан тепкіш сораптардың жөндеу аралық мерзімі 
2 ÷ 3 есе төмен болады.
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Диафрагмалы ұңғымалы сораптар қандай сораптар түріне жатады? 
2. Батырмалы агрегаттың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз? 
3. Диафрагмалы сорапты ұңғымаға қалай түсіріледі? 
4. Батырмалы агрегаттың жұмыс принципі қалай бақыланады? 
 
5.5. Гидропоршенді сораптар арқылы 
ұңғымаларды пайдалану 
Гидравликалық поршенді сорапты қондырғылар (ГПСҚ) өнімділігі 
жоғары, құрамында механикалық қоспалары жоқ, терең ұңғымаларды 
пайдалануға арналған. ГПСҚ батырмалы агрегаты негізгі үш элементтен 
тұрады: поршенді гидравликалық қозғалтқыш, бір-бірімен қатты берік 
штокпен жалғасқан плунжерлі (поршенді) сораптан жəне басқарылатын 
золотникті қондырғы. 
Қондырғы жер беті жəне батырмалы бөліктен тұрады (5.10-сурет). 
Жер бетіндегі бөліктерге күштік жəне тіректі сораптар, сыйымдылық жəне 
күштік сұйықтарды дайындауға арналған жабдықтар, құбыр желілері мен 
крандарды, сонымен бірге бақылау-өлшеу қондырғылары кіреді [11]. 
Батырмалы агрегат күрделі гидравликалық машина болып табылады: 
поршень-гидроқозғалтқыш цилиндрі; поршень (плунжер)- сорап цилиндрі, 
жəне гидравликалық золотникті қондырғы. 


113 
Төменде суретте батырмалы агрегаттың сұлбасы көрсетілген: 
плунжерлі сораппен жеке қозғалыста (а суреті) жəне поршенді сораппен 
екі бағытта қозғалыс (б суреті). 
 
5.10-сурет. Гидропоршенді сораптың принципиалды сұлбасы 
а — бір бағытта қозғалатын плунжерлі сорап; б — екі бағытта 
қозғалатын поршенді сорап;I — гидроқозғалтқыш; II — плунжерлі 
(поршенді) сорап; 1 — гидроқозғалтқыш цилиндрі; 2 — гидроқозғалтқыш 
поршені; 3 —нығыздағыш - бөлгіш; 4—қозғалтқыш штогы; 5 — сорап 
плунжері (поршень); 6 — сорап цилиндрі; 7 — сору клапаны; 8 —айдау 
клапаны; 9 —өткізу каналы; 10 — күштік гидросұйықты өткізу каналы; 
11 — ұңғыма өнімін жəне күштік гидросұйықты шығару каналы; 12 — 
золотникті қондырғы. 
Гидропоршенді сораптың ең маңызды элементі жəне оның жұмысын 
басқаратын золотникті қондырғы болып табылады (12). Золотниктің ішкі 
бөлігінде 90
0
С бұрылыс жасай алатындай каналдар бар жəне екі жағдайда 


114 
орналасқан. Мұндай қосылулар қозғалтқыштың штогынан автоматты 
жүргізіледі. 
5.10-суретте көрсетілгендей жұмыс сұйығы жоғарыдан күшті 
сораптардың көмегімен құбыр желісіне (СКҚ) (10) айдалады да, 
золотниктің орналасуына байланысты цилиндр қозғалтқышының I 
жоғарғы бөлігіне беріледі. Цилиндр қозғалтқышының төменгі бөлігі де бір 
мезгілде золотниктің көмегімен шығу желісіне жалғанады (сақиналы 
кеңістік). 
Жұмыс сұйығының қысымы əсерімен қозғалтқыштың поршені (2) 
төмен қарай жүріс жасайды. Поршеннің астыңғы бөлігіндегі сұйық 
золотник арқылы құбырдың шығу желісімен (11) сыртқа шығарылады.
Жұмыс сұйығының қысымы əсерінен қозғалтқыштың поршені төмен 
бағытта қозғалыс жасайды. Сұйық поршеннің астынан золотник арқылы 
шығу желісінен сыртқа шығарылады (сақиналы кеңістікпен). Жүріс 
соңында төрт жүрісті кран (золотник) автоматты түрде 90
0
бұрылыс 
жасайды, ал оның арналары суретте үзік сызықпен көрсетілгендей етіп 
орналастырылады.
Жуу сұйығы, құбыр желісінен (СКҚ) золотниктің жаңа орналасу 
жағдайына байланысты I қозғалтқыш цилиндрінің төменгі бөлігіне енуге 
жол ашып алады, ал жұмыс жасап болған сұйық цилиндрдің жоғарғы 
бөлігі арқылы шығу желісіне (11) беріледі. Жуу сұйығының қысымы 
əсерінен, төменгі бөліктегі поршень (2) жоғары бағытта көтеріледі. Толық 
жоғары көтерілген уақытта қозғалтқыш штогына байланысты золотник 
кері бағытта 90

бұрылады, ал оның арналары бастапқы орналасу 
жағдайына қайтып келеді. Бұл жуу сұйығының, қозғалтқыштың жоғарғы 
жəне төменгі бөлігіне енуін қамтамасыз етеді. Қозғалтқыш поршенінің 
алмасу жылдамдығы жəне оның жүріс саны, негізінен жуу сұйығын айдау 
жылдамдығына тəуелді болады. Егер сұйықты айдау жылдамдығы аз 
болса, қозғалтқыштың поршенінің жүріс саны аз болады жəне керісінше 
болуы мүмкін. Дегенмен жүріс санын шексіз үлкейту мүмкін емес. 
Агрегаттың 
поршендік 
тобының 
золотниктің 
жəне 
сұйықтың 
арналарындағы инерциясы жүріс санын шектейді, жəне ол 100-ден 
аспайды. Қозғалтқыш штогына жалғанған ұңғыма сорабының поршені (5) 
ілгері-кері жүріс жасайды. Сорап цилиндрі екі жағынан да бір айдау (8) 
жəне сору (7) клапандарымен жабдықталған. Поршень (5) төмен жүріс 


115 
жасағанда қабат сұйығы қысымның əсерінен жəне сораптың бату 
тереңдігінен сорап цилиндірінің жоғарғы бөлігіне арна немесе жоғарғы 
сору клапаны арқылы келіп түседі. Қабат сұйығы поршень (5) арқылы 
төмен түскен кезде цилиндрдің төменгі бөлігінен төменгі айдау клапаны 
(8) арқылы шығу желісіне (11) келіп түседі де, жұмыс жасап болған 
сұйықпен араласады. Поршень (5) жоғары көтерілген кезде поршень 
астындағы сору клапаны арқылы (6) қабат сұйығы сорылады, ал поршень 
үстіндегі сұйық жоғары айдау клапаны арқылы (8) шығу желісіне (11), 
яғни сақиналы кеңістікке өтеді. Конструктивті жағынан золотник 
қозғалтқыш штогында орнатылған жəне фасонды втулка түрінде жасалған. 
Қозғалтқыш штогының төменгі жəне жоғарғы бөлігінде қысқа фазалық - 
арналар орналасқан, жəне ол арқылы жұмыс сұйығы золотник цилиндіріне 
келіп түседі де, қозғалтқыш цилиндірін құбыр желілерімен (10, 11) 
байланыстыру үшін фасонды втулкаға енеді. Сорап берілісінің екі жақты 
қозғалуы арқасында, қарапайым бірлік плунжерлі сораппен салыстырғанда 
берілісі екі есеге жоғары болады.
Ұңғымадан аз жəне орташа көлемде мұнай немесе сұйық өндіру үшін 
золотникті таратқышы бар, поршенді қозғалтқышты тереңдік поршенді 
сораптар қолданады [8]. 
Бұл жағдайда тереңдік агрегат плунжері шток арқылы гидравликалық 
қозғалтқыштың плунжерімен қосылған поршенді сораптан тұрады.
Гидравликалық қозғалтқышқа жер бетінен қысыммен жұмыс сұйығы 
беріледі (судан жəне газдан бөлінген жəне механикалық қоспалардан 
тазартылған мұнай). Гидравликалық қозғалтқыштың золотнигі жұмыс 
сұйығын поршеннің астыңғы жəне үстінгі цилиндр кеңістігіне кезек-кезек 
жіберіп тұрады (5.11-сурет).
Қозғалтқыш поршені ілгері–кейінді қозғалысқа келеді жəне шток 
арқылы осы қозғалыс сорап плунжеріне беріледі. Золотник жұмысы
терең агрегаттың плунжерлерін қосатын шток арқылы немесе арнайы 
басқару жүйесімен реттеледі. Пайдаланылған жұмыс сұйығы қозғалтқыш 
арқылы қабаттан өндірілетін көтеру құбырына бағытталады. Жер бетіне 
қабат сұйығы мен жуу сұйығының қоспасы көтеріледі. Жер бетінде 
ұңғымалық агрегатқа жұмыс сұйығын айдайтын сорап жəне жұмыс 
сұйығын дайындайтын жүйе орналасады. Жер бетіне көтерілген қабат 


116 
сұйығының бір бөлігі мұнай-газ өндірудің жинау желісіне беріледі, ал бір 
бөлігі жұмыс сұйығын дайындау жүйесіне беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет