130
7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ ӨНІМІН
ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР
ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАЛАРЫ.
7.1.Мұнай өнімдерін өндіруді жəне олардың айналымын
мемлекеттік реттеу.
Мұнай өнімдерін өндіруді жəне олардың айналымын мемлекеттік
реттеу, келесі міндетемелерді анықтайды:
1) Қазақстан Республикасының
ішкі нарығының қажеттерін
қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін
өндірушілерге шикі мұнай жəне (немесе) газ конденсатын беру кестелерін
бекіту;
2) мұнай өңдеу жəне мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекіту;
3) мұнай өнімдерін көтерме сауда жəне бөлшек сауда арқылы
өткізуді жүзеге асыру кезіндегі шарттар мен шектеулерді белгілеу;
4) мұнай өнімдерін өндіру жəне олардың
айналымы саласындағы
техникалық реттеу;
5) мұнай өнімдерін өндіру жəне олардың айналымы саласында
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) бағаларына мемлекеттік реттеу
белгіленген мұнай өнімдерін
бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын белгілеу;
7) мұнай өнімдерін өндіруге жəне өткізуге мониторингті жүзеге
асыру;
8) мұнай өнімдерін өндіруді жəне олардың айналымын реттеу, мұнай
өнімдерін өндіру жəне олардың айналымы мəселелерін реттеуге уəкілетті
шет мемлекеттердің органдарымен жəне халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігінде
Қазақстан Республикасының
халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жолымен
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: