Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет55/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
BURXANOVUH

 
 


125 
Бақылау сұрақтары: 
1. Еңбекті қорғау дегеніміз не? 
2.Өндірістік 
қауіп-қатерлерді, 
төтенше 
жағдайларды 
жəне 
экологиялық проблемаларды жою мақсатында кен орындарында қандай 
бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет? 
3. Кен орындарында қысымда тұрған ыдыстарды пайдалануда қандай 
қауіпсіздік шаралары жүргізілуі керек? 
4. Қысымда тұрған ыдыстар қалай сақталуы тиісі? 
6.2. Өндірістік процестер кезінде өрт қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету шаралары 
Мұнай нысандарында өрт негізінен мұнай қондырғыларының, 
өлшегіш аспаптарының дұрыс орналаспауы жəне қызмет көрсетілмеуі, 
мұнай газ өнімдерін дұрыс тасымалдамау, ұшқын сөндіргіштердің 
жоқтығы, қондырғыларды, аппаратураларды бақылаусыз қалдыру 
салдарынан орын алуы мүмкін. Өрт шығуына мұнымен қатар өндірістік 
қондырғылардың жəне технологиялық процестердің бұзылуы, оттықты 
ретсіз пайдалану, желдету жүйесінің дұрыс орналаспауы жəне бұзылуы да 
əсер етеді. Өрт осымен қатар электр тораптарының артық жүктелуі 
əсерінен оқшаулатқышының тозып, фазалардың бір-бірімен қысқа 
тұйықталуы нəтижесінен де орын алуы мүмкін. Мұнай жəне газ 
саласындағы өрт қауіпсіздігі ережесінде осы жəйттердің барлығы ескеріліп, 
қажетті іс-шаралар келтірілген [18]. 
Технологиялық процестерді механикаландыру жəне автоматтандыру 
деңгейін жоғарылату басқа да негізгі мəселелер сияқты (еңбек өнімділігін 
арттыру) қол жұмысын механикалық жұмысқа ауыстыру процестері өрт 
қауіпсіздігін төмендетуге едəуір ықпал жасайды.
Оларға мысал ретінде бұрғылау қондырғысына, ұңғыманы шаю 
сұйығын автоматты түрде құюды, ұңғыма сағасындағы превентор 
қондырғысының жабдықтарын, сондай-ақ сазды ерітіндінің тығыздығын, 
тұтқырлығын үздіксіз жазып отыратын құралды келтіруге болады. 
Бұрғылау процесі кезінде өрттің пайда болу қауіпін азайту үшін топтық 
өлшеу қондырғыларын, сорапты бекеттерін жəне басқа станциялар мен 
нысандарды автоматтандыру мен механикаландыру да маңызды роль 
атқарады. 
Сұйық айдалатын құбырда манометр, кері клапан, ысырмалар 
(задвижкалар) орнатылады. Ұңғымаға сұйық айдамас бұрын айдау 
құбырына күтілетін қысымнан 1,5 есе артық қысым беріліп сыналады. 
Жұмысшы қысымның айдау желісіндегі қысыммен сəйкес келмеуі немесе 
ысырманы қателесіп жабу жəне тағы сол сияқты себептерге байланысты 
бұл процесс ажырап кетуі мүмкін.


126 
Айдау құбырына ауа немесе газ айдау арқылы игеру кезінде де 
сұйықты ауыстыру əдісіндегідей айдау құбырына манометр, кері клапан, 
ысырмалар орнатылады. Құбырларды жоғары қысымда сынақатан өткізеді. 
Жылжымалы компрессор ұңғыма сағасынан кем дегенде 25м қашықтықта 
болуы керек. 
Ұңғыманы аэрация əдісімен игергенде ұңғымаға сұйық (мұнай 
немесе су), ауа немесе газ бірден айдалады. Бұл ұңғыманың түп қысымын 
төмендетеді, бітелудің жəне көтеру құбырының ұстасуының, пайдалану 
тізбегінің ілінуінің жəне басқа да қиындықтардың алдын алады. 
Компрессорға сұйық кірмеу үшін су құбырына кері клапан орнатылады. 
Сондай-ақ сораптар алдында айдау желісіне де кері клапандар 
орнатылады. Ауа жəне сұйық құбырлары максималды жұмыс қысымынан 
1,4 есе артық қысыммен сыналады. 
Мұнай жəне газ өнеркəсібіндегі өртті сөндіру жөніндегі іс-шаралар 
Қазақстан Республикасы мұнай газ өнеркəсіптеріндегі қауіпсіздік Ережесі 
жəне ҚР энергетика, индустрия жəне сауда министрлігінің 6 сəуір 1998 
жыл «Мұнай газ өндіруші кəсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі 
ережесіне» сəйкес жүргізіледі [18, 19].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет