Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан


Батырмалы  қозғалтқыштар



Pdf көрінісі
бет45/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
BURXANOVUH

Батырмалы 
қозғалтқыштар 
электроқозғалтқыш пен гидроқорғағыштан 
тұрады (5.5−суретте келтірілген).
Қалыпты жəне коррозияға төзімді етіп 
жасалынған ПЭД сериялы жетілдірілген, 
үшфазалы асинхронды, қысқа тұйықталған, 
екі полюсті, климаттық орындалуы – В, 
орналасу категориясы 5-ке тең батырмалы 
қозғалтқыш жиілігі 50 Гц айнымалы токпен 
жұмыс істейді жəне де мұнай ұңғыларынан 
қабат сұйығын айдау үшін модульді 
орындалған батырмалы ортадан тепкіш 
сораптың жетегі ретінде қолданылады.
1 – қақпақ;
2 – бас;
3 – өкше; 
 4 – өкше асты; 
 5 – тығын; 
 6 – статор орамасы; 
 7 – төлке;
8 – ротор; 
 9 – статор;
10 – магнит;
11 – сүзгі (фильтр);
12 – колодка (негіз);
13 – ұшты кабель;
14 – сақина;
15 – тығыздаушы сақина;
16 – корпус 
17, 18 – тығын. 
5.5−сурет. Бір секциялы электрқозғалтқыш. 
Қозғалтқыштар температурасы 110ºС-ге дейінгі қабат сұйығы (мұнай 
мен ілеспе судың кез-келген мөлшерінде) ортасында жұмыс жасауға 
арналған жəне төмендегідей шарттар орындалғанда: 
– МООС шкаласы бойынша бөлшектердің салыстырмалы қаттылығы
5 балл механикалық қоспалар – 0,5 г/л-ден көп емес үшін; 
– күкіртсутегі: қалыпты орындалған түрі үшін – 0,01 г/л-ден көп 
емес; коррозияға төзімдісі үшін – 1,25 г/л-ден көп емес; 


100 
– еркін (бос) газ (көлемі бойынша) – 50%-дан көп емес. 
Қозғалтқыштың жұмысы аймағындағы гидростатикалық қысым 20 МПа-
дан үлкен емес. 
ПЭДУСК-125-117ДВ5 
ТУ 16-652.029-86 қозғалтқышының 
шифрында келесі белгіленулер қабылданған: ПЭДУ – батырмалы 
электроқозғалтқыш, жетілдірілген; С–секциялы (егер əріп болмаса, 
секциялы емес); К–коррозияға төзімді (егер əріп болмаса – қарапайым 
дегенді білдіреді); 125 – қуаты, кВт; 117 – корпус диаметрі, мм; Д – гидро-
қорғағыштың жаңартылу шифры (егер əріп болмаса – негізгі түрі); В5 – 
климаттық орындалуы мен орналасу санаты (категориясы). 
ЭДК45-117В электроқозғалтқышының шифрында келесі атаулар 
қабылданған: ЭД – электроқозғалтқыш; К – коррозияға төзімді (егер əріп 
жоқ болса – қарапайым дегенді білдіреді); 45 – қуаты, кВт; 117 – тұлға 
диаметрі, мм; В – жоғарғы секция (егер əріп болмаса, онда секциялы емес); 
С – ортаңғы секция; Н – төменгі секция;
ПК92Д гидроқорғағышы үшін келесілерді білдіреді: П – протектор; К 
– коррозияға төзімді (егер əріп болмаса – қалыпты орындалған); 92 – 
корпус диаметрі, мм; Д – диафрагма мен жаңартылған (егер əріп болмаса – 
онда негізгі модель (түрі) барьерлі сұйықтықпен). 
Қозғалтқыштың типі, номиналды параметрлері 5.5 - кестеде 
келтірілген. Қозғалтқышты қосу, жұмысын басқару жəне оны апаттық 
режимдерден қорғау арнайы жинақталған құрылғылар арқылы жүзеге 
асырылады. Электроқозғалтқыштар кернеуі 30 кВ-тан кем емес МАПЭД 
майымен толтырылады. 
5.5 кесте – Қозғалтқыштың типі жəне номинальді параметрлері 
Қозғалтқыш
Номиналды 
қуаты, кВт 
Номиналды 
кернеу, В 
Номиналды 
ток, A 
ПЭДУ16-103В5; ПЭДУ16-103ДВ5; 
ПЭДУК16-103В5; ПЭДУК16-103ДВ5 
16 
530 
26 
ПЭДУ22-103В5; ПЭДУ22-103ДВ5; 
ПЭДУК22-103В5; ПЭДУК22-103ДВ5 
22 
700 
27 
ПЭДУ32-103В5; ПЭДУ32-103ДВ5; 
ПЭДУК32-103В5; 
ПЭДУК32- 
103ДВ5 
32 
1000 
27,5 
ТМС-3 термоманометриялық жүйе. ЭОТС-пен жабдықталған 
ұңғымалардың кейбір технологиялық параметрлерін бақылауға жəне де 
батырмалы агрегатты аномальді жұмыс режимі (электроқозғалтқыштың 
қызып кетуі немесе сораптың қабылдауындағы сұйықтың рұқсат етілетін 
қысымынан төмендеу) кезінде қорғауға арналған. 


101 
ТМС-3 жүйесі қысым мен температураны трансформациялап 
жиілікті манипулирленген электр дыбысына айналдырушы ұңғымалық 
айналдырушыдан жəне қысым мен температура бойынша батырмалы 
электросораптың жұмыс режимін басқару құрылғысы мен дыбыс 
күшейткіш – қалыптастырғыш қорек блогының қызметін атқарушы жер 
үсті құралынан тұрады. 
Қысым 
мен 
температураны 
қалыптастыратын 
электроқозғалтқыштың төменгі бөлігіне орналастырылатын жəне оның 
статор орамасының нөлдік нүктесіне жалғанған саңылаусыз цилиндр 
тəрізді контейнер түрінде жасалған ШГС жинақталған құрылғысына 
орнатылатын жер үсті құралы сорапты қысым мен температура бойынша 
оның қосылуы жəне ажырауының дыбысын қалыптастыруды қамтамасыз 
етеді. 
Байланыс желісі мен ПДТ электр қорегі ретінде батырмалы 
электроқозғалтқыштың қорек желісі қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет