№ 2 САБАҚ. «КӨШЕДЕГІ ҚАУІПТІ НЫСАНДАРДАН (ФОНТАН)
ҚАЛАЙ АУЛАҚ БОЛУҒА БОЛАДЫ?»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды көшеде (фонтан жанында) өзін
дұрыс
ұстауға үйрету.
Негізгі міндеттер:
1. Оқушыларды фонтанда шомылу кезінде кездесетін қауіп түрлерімен
таныстыру.
2. Фонтан жайлы толық ақпарат беру.
3. Фонтан жанында болатын мінез-құлық ережелерін үйрету.
Сабақтың барысы
1. Кіріспе. Көшеде қандай қауіпті нысандарды күтуге болатындығын
түсіндіріңіз. (2 минутқа дейін)
Осындай нысандардың бірі – фонтан.
Өте ыстық ауа райында мен
ағаштардың көлең кесінде жатқым келеді. Мүмкін фонтан жақсы болар?
Жазғы ыстықта адамдар фонтан жанына барады. Біреу қолын жуады, біреу
бетін жуады, ал біреу фонтанда шомылады.
Есте сақтау маңызды, фонтан – бұл қаланы абаттандыру элементі. Олар ауаны
ылғалдандырады, аймаққа
эстетикалық көрініс береді, бірақ шомылуға
арналмаған.
2.Негізгі бөлім
«Фонтанда шомылу неге қауіпті?»
Адамдардан басқа, жануарлар мен құстар фонтанда шомылуды жақсы көреді.
Сондай-ақ фонтанда шомылу апатпен аяқталуы мүмкін. Су
астында кейде
құбырлар, электр шамдары болғандықтан, балалар сүрініп, құлап кетуі де мүмкін.
Фонтан аумағында 14 жасқа дейінгі балаларға жалғыз жүру тыйым салынады;
⛔ фонтан аумағында аяқ киімсіз болуға, сондай-ақ биік
өкшелі аяқ киіммен
кіруге тыйым салынады;
⛔ фонтан тостағанының аумағына вело, мото,
автокөлік құралдарымен,
балалар арбаларымен, роликтермен, скейтбордтармен және т.б.
кіруге тыйым
салынады;
⛔ фонтан ағындарынан су ішуге тыйым салынады;
⛔ фонтан ішіне және оның айналасына қоқыс тастауға тыйым салынады;
⛔ фонтан жабдықтарын бүлдіруге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: