- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
2.Негізгі бөлім
- Өмірде жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда
қалып қоятын кездерде
барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің
нөмірлерін білсең,
өзіңе де, айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың.
Ендеше нөмірлерді жазып ал!
Жағдаяттарды талқылау:
Үйде сен бір өзіңсің. Кенет түтіннің иісін сездің. Келесі бөлмеге барсаң,
өрт шығып жатыр. Сенің әрекетің.....
Спорттық алаңда балалар ойнап жүр. Араларында ересек адам жоқ. Ұлдардың
біреуі құлап қалды. Ол қатты айқайлап жылап тұр.
Баланың ауруы қатты ұлғая
бастады. Сіздің әрекетіңіз...
Сен мектептен үйге келдің. Ата-анаң жұмыста, қарындасың балабақшада.
Ал үйден жағымсыз иіс шығып тұр. Газдың иісіне ұқсайды, сен не істейсің …
Үйде жалғыз қалдың, сенің ішің пысып кетті. Сен қалжыңмен өрт қызметіне
телефон соғып, көрші үйде өрт болып жатқандығын хабарладың. Терезеге жақындап
өрт қызметінің машинасын күтіп тұрсың.
Осы оқиғаны аяқта .....
3. Практикалық бөлім. (6 минут)
Жағдайларды талдау.
Төтенше жағдайға қоңырау шалған кезде, сізге хабарлау керек:
1. Алдымен қоңырау шалу керек:
мекенжайды айтып, байланыс үзілсе де,
құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.
2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және тағы басқа жерлерді нақты
айту керек.
3. Не болғанын нақты хабарлау:
теледидар, жиһаз жанып тұр;
газдың иісі
сезіледі.
Егер диспетчер сұраса сіз үйдің, пәтердің нөмірін, кіре беріске кіру кодын
және барлық қажетті мәліметтерді нақтылап айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: