№ 1 САБАҚ. «ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ» Сабақтың мақсаты: оқушыларға шұғыл қызмет нөмірлерін қолдануды
үйрету.
Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. Постерді қарап шығыңдар. Сабақтың тақырыбын анықтаңдар.
Сабақтың мақсаты: адам өмірін құтқару үшін төтенше қызмет нөмірлерін
есте сақтау.
«Есте сақта!» Өрт күзеті 101 Полиция 102 Жедел жәрдем 103 Төтенше газ қызметі 104, 112 Бірыңғай құтқару қызметі 112 «111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған. - «111» нөмірі – 24/7 байланыста - «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды - «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста. 111 3.Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау - Төтенше қызмет нөмірлері туралы не білесіңдер? «Төтенше» деген сөздің
мағынасын түсіндіріңдер.
-Адамдар бұл нөмірлерді қандай жағдайларда қолданады?
4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері.
Топпен жұмыс. Педагог жұппен жұмыс істеуді ұсынады.
1-оқушы – диспетчер, 2-оқушы – қиын жағдайға тап болған адам.
1-топ: өрт; 2-топ: бұзақылардың шабуылы; 3-топ: көшеде ес-түссіз
жатқан адам; 4-топ: пәтердегі газ иісі; 5-топ: терең шұңқырға құлаған бала.
2 мин уақыт беріледі. Әр топ берілген тақырып бойынша дайындалып, іс-
әрекеттерін, төтенше қызмет нөмірін қалай қолданғанын сынып алдында көрсетуі
керек.
Әр топ жұмысы жеке тыңдалады.