«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


  Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау



Pdf көрінісі
бет69/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

3. 
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
- Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісін еске түсірейік. 
-Ертегінің қай бөлігінде буллинг пен зорлық-зомбылықты байқауға болады? 
4. 
Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут). 
-Үйрекке неге әлімжеттік жасады? 
-Үйректің қателігі неде? Оны ренжітпес үшін не істеуі керек еді? 
-Балалардың бір қиындыққа тап болғанын, біреудің оларды ренжіткенін ата-
аналарынан жасырған жағдай кездесті ме? 
-Осы әңгімемізден қандай қорытынды шығаруға болады? 
5. 
Бекіту. 
-Әлімжеттікке ұшыраған балаға қандай кеңес айтар едің? 
6. 
Қорытынды. Рефлексия ( 2минут) 
Сөйлемдерді толықтыр: 
-Бүгінгі сабақтан мен ............... білдім. 
-Егер мен бір қиын жағдайға ұшырасам, онда мен міндетті түрде……………… 
-Егер мен басқалардың біреуді ренжіткенін көрсем, онда…… 
«Әлімжеттікке жол жоқ!» тақырыбында сурет сал.
Пайдалы сілтеме
https://youtu.be/AdGoe5qeIco
 


№ 4 САБАҚ. «ҚАЛАЙ ӨЗ-ӨЗІҢДІ ҚАУІПСІЗ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?» 
 
Сабақтың мақсаты: оқушыларды әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік 
ережелерін сақтауға үйрету. 
Сабақтың барысы 
1. 
Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 
2. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. 
- Сен басқаларға жиі жақтасасың ба? 
-«Өзің үшін тұру» дегенді қалай түсінесіңдер? 
Сабақтың мақсаты: өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға үйрену. 
3.Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
- Сені біреу ренжітсе, не істейсің? Оған қалай жауап бересің? 
-Сені ренжіткен адамға дәл солай жауап берсең, мәселе шешіледі деп 
ойлайсың ба? 
-Мәселені қалай шешуге болады деп ойлайсың? 
4. 
Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут) 
-Бүгін бізге «Қалай өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» тақырыбында жоба 
қорғау керек. 
Қалай қорғануға болады? Сені ренжітпеу үшін не істеу керек
- Не дұрыс: үндемей шыдау ма әлде мәселені шешу ме? 
- Балалардың құқығы жөніндегі Конвенция бізге қалай көмектеседі? 
- Әлімжеттікті қалай болдырмауға болады? 
Тапсырма. Тақтада «Қалай өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» 
тақырыбымен ватман қағаз. 
-Қарапайым және түсінікті 3 скрипт жазу керек. Скрипт деген не, еске 
түсіріңдер. 
«Есте сақта!». 
1. Батыл бол, ренжіткен адамның көзіне тік қара. 
2. Өзіңді сабырлы ұста, олардың іс-әрекеті саған ұнамайтынын және оған 
шыдамайтыныңды, жағдайды өзгертуге дайын екеніңді ескерт. 
3. Жалғыз күреспе! Міндетті түрде өзің сенетін үлкендерге айт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет