«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


Білімді өзектендіру. Өтілгенді қайталау



Pdf көрінісі
бет81/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Білімді өзектендіру. Өтілгенді қайталау 
- Үйде қандай қауіптер бар? (Балалар үйде оларға не қауіп төндіретінін 
тізімдейді) 
- Ал бізді көшеде қандай қауіптер күтіп тұр? (Балалардың жауаптары) 
2.Негізгі бөлім 
- Үйде бізге қандай қауіп төнуі мүмкін? 
(Балалар қорқыныш тудыратын жағдайларды айтады). 
- Ал көшеде қандай қауіп төнуі мүмкін? (Балалардың жауаптары)
- Қауіп төндіретін адамдарды қалай атайды? (Қылмыскерлер, алаяқтар). 
- Сондай адамдар қандай қауіп төндіруі мүмкін (Балалар жауап береді). 
- Өте дұрыс, олар адам өлтіруі балаларды ұрлап кетуі үйді тонауы т.б. 
көптеген жағдайларды жасауы мүмкін. Осындай жамандықтан құтылу үшін мына 
ережелерді есте сақтаңыздар: Бүгінгі сабақта біз осылар туралы біліп алайық! 
1-ереже. Есікті танымайтын адам түртсе не қоңырау соқса, ашуға бола ма? 
(Балалардың жауаптары: Жоқ, ашуға болмайды, анамызға, не әкемізге 
қоңырау соғып хабарласу керек, полицияға да хабарлауға болады). 
Ешкімге есікті ашуға болмайды! Себебі қылмыскер киімді ауыстырып киіп 
алуы мүмкін. 
-Ал қылмыскер есікті бұзғысы келсе, не істейміз ? (Балалардың жауабы: 
ата-анамызға қоңырау соғамыз). 
- Телефон жоқ болса ше? (Балалардың жауаптары)
- Дұрыс, балконнан немесе терезеден қатты айқайлап көмекке шақырамыз. 
«Телефонмен сөйлесу» ойыны: 
- Сәлеметсіз бе! Мен қайда түстім? 
- … 
- Бұл кімнің пәтері? 
- … 
- Сенің есімің кім? 
- … 
- Әке-шешең үйде ме? 
- … 
- Сен үйде жалғыз отырсың ба? 


- … 
- Танымайтын адамның барлық сұрақтарына «Жоқ» деп жауап беріңіздер. 
«Ата-анаң үйде ме» деген сұраққа «Үйде, бірақ олардың қолдары бос емес
телефонға жауап бере алмайды» деп жауап қайтарыңыз. 
2-ереже. Сен көшеде ойнап жүргенде күтпеген жерден бейтаныс адам 
машинасына мінгізіп аралатып келуді ұсынды. Сен қалай жауап бересің? 
(Еш уақытта келіспеймін. Бейтаныс адамның көлігіне мінуге болмайды). 
- Жарайсыздар. Өте дұрыс жауап бердіңіздер. 
3-ереже. Сабақтан соң мектептен шығасың. Саған бейтаныс кісі келіп 
анаңның досымын дейді. Анаңның телефон қуаттағышы отырып қалғанын, сені 
мектептен алып кетуімді өтінді деп, жылы лебізін білдіреді. Сен не істер едің? 
- Күмәнді адаммен кездесіп қалсаң, не істеу керек? 
- Құпия сөз деген не?
- Ата- аналарыңмен бірге бір сөз ойлап табыңыздар – ол сөзді тек сендер, 
яғни ата-анаң мен өзің ғана білулерің керек. Қауіп төнгенде бұл сөз сіздің 
өміріңізді сақтап қалуы, жағымсыз байланыстан құтқаруы мүмкін. Міндетті түрде 
бір сөзден емес, тұтас сөйлем болса да жақсы. 
- Сіз қонаққа бардыңыз. Сізге қауіпті жағдай төніп тұр. Бұл жағдайда 
анаңыз алып кетуі үшін құпия сөз жазасыз немесе айтасыз. Құпия сөз смайл 
түрінде болуы да мүмкін. Анаңыз түсініп, сізді алып кете қояды. 
4-ереже. Еш уақытта бейтаныс адамның көлігіне отырма, барайық деген 
жеріне барушы болма, бейтаныс адамды өзіңе 2 метрден жақын жолатпа, егер ол 
жақындайтын болса, айғайлап, көмекке шақыр, құпия сөзді айтуын сұра. 
Білімді тексеру. 
- Ребусты шешіп, бүгінгі сабаққа қатысты тірек сөзді табыңыздар. Біздің 
тақырыбымызға сәйкестігін дәлелдеңіздер. 
» » » » 
»»»» 
(Құпия сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет