«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет186/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Пайдалы сілтеме: 
https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=BqIN4gX0HtWlpK6T
 


248 
№ 9 САБАҚ. «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАНУ: ҚОРҒАУ 
ӘДІСТЕРІН ЖӘНЕ КӨМЕККЕ ЖҮГІНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ»
 
 
Сабақтың мақсаты: балалар қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық-
зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау. 
Негізгі міндеттері: 
- бір-біріне мейірімді қарым-қатынасқа, жанашырлыққа, қайырымдылыққа 
тәрбиелеу; 
- оқушыларға өзін тұлға ретінде құрметтеуге және айналасындағы адамдарды 
құрметтеуге негізделген белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға 
көмектесу. 
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе (2 мин) 
Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл 
жасөспірімдердің, балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы. Барлық бала үйінде, 
мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және 
зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей 
әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға 
тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат 
болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз. 
2.Негізгі бөлім (6 мин) 
Қалай зорлық-зомбылыққа душар болмау керек? 
- Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын 
адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ 
орындарға және т.б. жерлерге бармау. 
- Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек. 
- Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан 
тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет. 
- Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен 
стадиондардан аулақ жүруге үйрету. 
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым 
қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған 
қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың 
құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық 
заңдылықтың басты талабы. 
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен 
нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы 
күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті 
деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен 
айқындау нүктесі анық белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет