№ 6 САБАҚ. «ҒАЛАМТОР МЕН МЕССЕНДЖЕРЛЕРДЕГІ ҚАУІПТІ
СІЛТЕМЕЛЕР»
Сабақтың мақсаты: ғаламторды қауіпсіз қолдану ережелерімен таныстыру.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2.
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
Бүгінгі сабақта ғаламтор туралы айтамыз. Жағымды және зиянды
жақтарын анықтаймыз, ғаламтор желісіндегі қауіптің түрлерін анықтаймыз.
3.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Кім ғаламтор желісін қолдануды біледі?
- Ғаламтор дегеніміз не?
- Адам өміріндегі ғаламтордың маңызы
қандай? (Балалардың жауаптары).
Негізгі бөлім.
- Әлемдегі барлық қолданушылар әлеуметтік
желілерге қызығушылық
танытып отыр.
- Қандай әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді білесіздер? ВК,
Инстаграм, Телеграм, Тик-Ток…
- Ғаламторда қанша досың бар? Қанша адам жазылған?
- Олардың нешеуін білесің?
- Ол қандай мақсатта сенімен дос болды?
Топтық жұмыс
- Қазір топта жұмыс істеп біздің өмірімізде
ғаламтор қандай роль
атқаратынын анықтайсыздар.
1-топ – ғаламтор - біздің досымыз деген пікірге 2-3 мысал келтіріңіздер
(достармен сөйлесу, ойындар т.б.).
2-топ – ғаламтор – көмекші (ақпарат алу, сурет салуды үйренуге болады
түрлі танымдық ойында, онлайн сабақтар...).
3-топ – интернет – жау (вирустар, рұқсат етілмеген сайттар).
- Жарайсыздар! Тапсырманы жақсы орындап шықтыңыздар. Ғаламтордан
ақпарат іздеуге, білім алуға, адамдармен сөйлесуге бола ма? Алайда ғаламтор қауіп
те тудыратыны туралы өздеріңіз айтып отырсыздар.
- Ол үшін
арнайы талаптар бар, егер
оларды орындайтын болсақ, алаяқтар
мен қаскүнемдікке тап болып қалу мүмкіндігі азаяды.
1. Жарнамаға сенбеу алынған ақпаратты тексеру.
2. Антивирус қосу.
3. Әлеуметтік желілерге жеке ақпараттарды жүктемеу.
4. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және өзіңді дұрыс ұстау.
5. Бейтаныс адамдармен кездесуге бармау.
6. Қиындық туындаған жағдайда үлкендер көмегіне жүгіну.
Достарыңызбен бөлісу: