5) егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім инвестициялық басым жобаны іске асыру кезеңі ішінде салықтар және инвестициялық субсидиялар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық басым жобаны іске асыру кезеңі ішінде басшының қолымен, заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) расталған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасы сараптамасының қорытындысы. (ҚР ПК 292-бабының 1,2-тармақтары); 6) тартылатын шетелдік қызметкердің төлқұжатының немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен) көшірмелері. - Нысаны
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі. (ҚР ПК 292-бабының 1-тармағы).
- Мерзімі
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінім тіркелген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдайды. (ҚР ПК 293-бабының 1-тармағы).
- ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМШАРТ
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде модельдік келісімшарттың ережелерін ескере отырып, инвестициялық келісімшартты қол қою үшін дайындайды. (ҚР ПК 294-бабының 2-тармағы)
Инвестициялық жобаны іске асыру, инвестицияларды жүзеге асыру және инвестициялық преференциялар беру.
ДАЙЫНДАУ
инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде модельдік келісімшарттың ережелерін ескере отырып, инвестициялық келісімшартты қол қою үшін дайындайды.
Тіркеу және күшіне ену
қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні, ол тіркелген күнінен бастап күшіне енуі
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМШАРТ
ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімі
Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тоғыз айдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.
ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУҒА КВОТА ЖӘНЕ РҰҚСАТ Шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы талап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, оның ішінде: - Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін;
- сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін);
басшы және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсіптер мен сан тізбесіне сәйкес білікті жұмысшылар ретінде пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге беріледі. (ҚР халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 32тармақшасы, 3-баптың 2-тармағының)
Достарыңызбен бөлісу: |