аудандық салық комитетінің экономикалық-бақылау жоспарын жасауға қатысады және оның кезекпен орындалуын қамтамасыз етеді; белгіленген заңдарға сәйкес аудандық салық комитетінің құқық қорғау және басқа мемлекеттік мекемелерде ұсыну міндеті жүктеледі; аудандық салық комитетінің талап ету жұмыстарын ұйымдастыруға жүргізуін міндетті; салық төлеушілермен салық комитетінің арасында болатын түсінбеушіліктерде шешімдерін табуға міндетті; -
мемлекет мұра ретінде берген мүліктерді бағалауға, сақтауға, есеп беруді жүзеге асырады;
-
аудандық салық комитетінің басқа бөлімдерін қүқықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі орындаулуын бақылайды, басқа мекемелерге жіберілетін түсініктеме түріндегі хаттардың, шешімдердің дұрыстығын тексереді.
-
салық төлеушілер арасында нормативті құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
4 Іс-құжаттардың айналысы және кадрлар жұмысын ұйымдастыру
Бұл бөлім өз жұмысын басқа бөлімдермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады, басқа бөлімдерге жүктелетін функционалдық міндеттерді қызметкерлерінің қызметтерін белгілейді.
Бөлімге ұйымдастыру жұмыстары бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:
- Тоқсандық, жылдық жоспарлардың өнделуін және экономикалық-бақылау жұмыстарының өз уақытысында орындалуын бақылау;
-
Салық комитетінің жұмыстарын жақсарту- әр бөлім бойынша олардың функционалдық міндеттер шеңберін анықтау;
-
Аудандық салық комитетінің басқармасына салық комитетінің жұмысын жақсарту жайлы ұсыныстар жасау.
-
Басқарманың ағымдағы және қорытынды ақпараттарды уақытысында алуын бақылау;
-
Жоғарғы органдардың сұранымдарына уақытылы жауап қайтарылуын бақылау;
-
Қалалық салық комитетінің жоспарлы кеңестерінің хаттамаларын құрастыру;
-
Салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіретін семинарлар,кеңестер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
Кадрлар жұмысы бойынша:
-
Барлық қызметкерлердің дербес ісін жүргізуге, яғни дербес кітапшаларын толтырады;
-
Жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кезекті демалыс және т.б бұйрықтар шығарады;
-
Комиссиялар кеңесін өткізуді ұйымдастыру мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясын өткізу;
-
Қызметкерлердің істеген жылына байланысты еңбек стажын белгілеу;
-
Қызметкерлер бойынша статистикалық есеп беруді дайындау;
Архив жұмыстары бойынша:
-
Салық төлеушілердің құқытық істері жөніндегі құжаттардың уақытылы жиналуына;
-
Салық төлеушілердің сұранысы бойынша басқа аудандық салық комитетіне ауысуына байланысты қосымша құжаттарды тағайындау;
Іс-қағаздары бойынша:
- бөлім басқармаларына хаттардың уақытысында тапсырылуын орындау;
- телефонограмма, факс бойынша жіберілетін хабарлардың жауапты қызметкерлерге уақытысында тапсырылуын қамтамасыз ету.
5 Өндіріп алу бөлімі
Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
- салық төлеушілердің бюджетке берешек қарыздары және қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерін талдау;
-
салық төлеушілердің және оның дебиторларының есеп айырысу шотына уақытылы төлемдердің түсуін бақылау;
-
салық төлеушілердің дебиторлары жайлы мәліметтердің жүйелі болуы, сонымен қатар жазбаша түрдегі хабардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
-
кәсіпорындар иелігіндегі мүліктердің тізімін ұйымдастыру;
-
аукционға қатысқан мүліктің табысының бюджетке түсуін қадағалау;
-
бюджетке қарызы бар салық төлеушілердің ақшаларының өздерінің банктегі есеп шотарына түсуін бақылау;
-
2-Н формасын жасауға қатысу, мәліметтер ұсыну
-
ГАИ, қалалық жер комитеті, БТИ басқа да мекемелерімен бірлесе отырып жұмыс жасау;
-
қарыздары бар кәсіпорындарды заң бойынша жауапқа тарту үшін қажетті құжаттарды жинап құқықтық бөлімге беру;
-
өз уақытысында салық есептілігін тапсырмағаны үшін жеке есеп айырысу шоттарын жабу;
-
салық төлеушілердің мезгілінде төленбеген салықтары туралы жазбаша хат хабар беру.
6 Жанама салықтар бөлімі
Негізгі міндеттері ол салық комитеттінің ұсынылған декларациялардың, есептеулердің дұрыстығын, салықтың дұрыс есептелуін жеке және заңды тұлғаларға салынатын жанама салықтардың уақытысында төленуін қадағалайды. Жанама салықтар бөліміне келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:
-қосылған құнға салық және акциз бойынша қабылданған декларацияларды жинақтап, тіркелген салық төлеушілерді тексеру;
-тұрақты дебет сальдосы бар кәсіпорындардың жай-күйін бақылау;
-жабдықтаушылардың есеп-фактураларын электронды мәліметтер базасын қолдана отырып тексеру;
-акциз бойынша тематикалық тексерулерді жүзеге асыру;
-рейд тексерулерін жүзеге асыру;
-көлік жанармай құю станцияларын хронометражды тексеруін ұйымдастыру;
-№558 шешімге сәйкес кедендік құжаттарды рәсімдеу кезіндегі қосымша құн салығының төленбеуін бақылау
7 Заңды тұлғалардың аудит бөлімі
Егер де кәсіпорындар тексерілетін құжаттарды толығымен ұсынбаса, тексеруге қарсы болған жағдайда қаржы полициясына хабарлайды. Бөлімге негізгі топтар бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
-шаруашылық субъектілердің камералды тексерулерін жүзеге асырады;
-2-Н формасындағы есептілікке қажетті мәліметтерді талдау.
-әкімшілік жазаға тартылатын салық төлеушілердің хаттамаларын құқықтық бөлімге беру;
-акт-сверкалар бойынша жеке есеп айырысу шоттарындағы төленбеген салықтардың толық төленуін тексеру;
-құқық бөліміне заңға қайшы келген құжаттарды беру;
-Салық Кодексіне сәйкес келмейтін инспекторлардың іс-әрекеттері жайлы заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап оны тексеру;
Техникалқ тексеруді қамтамасыз ету тобы бойынша орындалатын іс-әрекеттер:
-кәсіпорындардың нақты адресін анықтау;кәсіпорын туралы мәліметтер жинақтау, яғни кәсіпорынның Әділет Министірлігінде тіркелгені жайлы құжаттың бар болуы, құжаттың нөмірі, құрылтайшылар жайлы мәліметтер, жетекшісінің, бас бухгалтерінің аты-жөні, тегі және т.б. реквизиттердің бар болуын тексеру;
|