Кәсіпорындардың кассалық аппаратары бар ма? бар болса, салық комитетінде тіркелген бе? тіркелсе оның тұрақты есеп беруін және кассалық тәртібін тексереді.
8 Есеп және жинақтық талдау бөлімі
Негізінен бөлім бюджетке түсетін түсімдердің есебін жүргізеді.Төлемдер есебі бойынша функционалдық міндеттерін төменде келтіреміз:
-
бюджетке қаржының түсуінің есебі;
-
салық төлеушілердің жеке шоттарының
уақытысында ашылуы және толығымен жүргізілуі;
-
басшылықты қажетті ақпарататтармен қамтамасыз ету;
-
салық төлемдерінің түсуі жайлы 1-Н есеп беруін және 1-Н төленбеген салық жайлы есеп берулерді жедел жасау;
-
бюджетке түсетін түсімдердің уақытылы және толықымен түсуін бақылау;
-
түбіртектердегі(квитанция) мәндерді мәліметтер базасына енгізу және дұрыс емес төлемдермен жұмыс жасау;
-
салықты есептеу үшін жаңа мөлшерлемені есептеу;
-
“Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдер туралы” Салық кодексінің 39-бабына сәйкес салық төлеушілердің мерзімінде төлемеген төлемдері үшін заң бойынша жауапқа тартылатын салық төлеушілердің тізімін қүқықтық бөлімге тапсыру;
Жинақтық талдау бойынша орындалатын міндеттер:
-
Кәсіпорындардың жай-күйі туралы айқын, мерзімінде ақпарат ұсыну;
-
ірі кәсіпорындардың салық және басқа да міндетті төлемдерінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету;
-
Алматы қаласы бойынша салық комитетінің №218 бұйрығы бойынша жобалық көрсеткіштердің айлық талдаудың орындалуын қамтамасыз ету;
-
барлық салық бойынша айлық түсімдердің динамикасын жасау;
-
барлық салықтардың болжамының орындалуын факторлық талдауды жүзеге асырады;
-
салықтардың болжамдық көрсеткіші бойынша азаюын немесе көбеюін талдайды;
-
ірі салық төлеушілердің айлық кестесін жасау;
-
бекітілген салықтар бойынша жобалық көрсеткіштерді талдап ұсыну;
-
айналым қоры 500000 мың теңгеден жоғары қоры бар кәсіпорындардың есептіліктерін қабылдайды.
9 Жеке тұлғалардың аудит бөлімі
Жеке тұлғалардың салық комитетіне ұсынған декларациялардың айқындығын тексереді, 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, шетел азаматтары болса немесе шетелде табыс тапқан жеке тұлғалардың салық төлемдерінің дұрыс есептелуін қадағалайды. Сонымен қатар жеке тұлғаларға салынатын салықтардың мезгілінде бюджетке түсіп отыруын қамтамасыз ету. Инспекторлар өздеріне белгіленген аумағы бойынша салық жинауды жүзеге асырады.
10 Заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім
Негізгі атқаратын қызметтері заңды тұлғалардың есептіліктерін қабылдау, арнайы салық режимі бойынша тіркеу карточкаларын беру, қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған салық төлеушілерді есепке алу немесе есептен шығарып тастау, белгіленген мерзім бойынша қағаз түрінде, почта арқылы салық есептілігін қабылдау, әр салық есептілігін мәліметтер базасында тіркеу екі рет тіркеу нөмерінің берілмеуін жібермеу.Тоқсандық есептілік бойынша салық төлеушілердің жеке есеп айырысу шоттарын түгендеу белгіленген мерзімі бойынша есептілік тапсырмаған кәсіпорындардың есеп айырысу шоттарын жабу және бұндай мәліметтерді өндіріп алу бөліміне береді. Заңды тұлғалар бөлімі басқа бөлімдер сияқты өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша жүзеге асырады.
1.3. Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты
Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпараттық жүйені тұрғызу әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын аппаратына, қолдану саласына байланыссыз кез-келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу” ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты, ол салық төлемдерінің бюджетке түсу көлемін арттыру, сонымен қатар қажетті ақпараттарды беру, жинау, сақтау, өңдеу, іздеу. Экономикалық ақпараттар жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегі болып табылады:
-
салық операцияларына қолданатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;
-
ақпараттар ағымының тиімділігін және оның айқындылығын арттыру;
-
салық төлеушілер мен жұмыс жөніндегі бөлімнің жұмыс өнімділігін арттыру;
-
ұсынылатын мәліметтердің нақты, дәл болуын қамтамасыз ету;
-
салық төлеушілер бойынша алынатын деректердің жеделдігін арттыру;
-
талаптар кешенінің және ақпарат қорғаудың орындалуын қамтамасыз ету;
-
қызметтік процедуралардың жүзеге асуын бақылауды жақсарту.
“Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу” ақпараттық жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты салық комитетіндегі қызметкерлердің, салық төлеушілердің салық төлеу туралы ақпарат беру жұмыстарын автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенін қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін “достық интерфейсі” және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек, ол салық төлеушілер бөліміндегі инспекторлардың мүлікке салынатын салықты есептеудегі жұмыстарының өнімділігін арттырады.
1.4. “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу” ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, қайта өңдеуге және сұраныстарға қатысты ақпараттарды қолданушылармен таныстыруға арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Қолданушыларға жүйе өте ыңғайлы және ұнамды болатын интерфейс және рұқсат етілмеген қимылдардан қорғау.
Осы АЖ ақпарат құпия болмайды және ішкі қолданушылар қолдана алады. Бірақ жүйенің жұмыс істеу кезінде кедергілерден қорғауды қарастыру қажет, қолданушылардың дұрыс емес қимылдарын, сондай – ақ істен шығуды қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.
Фактілерді ескеріп, компьютерлік жүйенің архитектурасына әсер етеді, оған мынандай басты талаптар құрастырады:
- АЖ архитектурасы барлық жүйенің жұмыс тәртібінің бұзылу ықтималдығын азайту қажет (жүйенің істен шығуы, ақпараттық базаның бұзылуы, ақпараттардың жоғалуы немесе өзгеруі) қолданушылардың кездейсоқ және әдейі жасалған қимылдары;
- ақпараттар легінің қатысуымен элементтер жүйесі арасындағы ақпараттардың байланысы мен алмасуын іске асыру қажет;
- берілген тапсырмаларды қарастыру және ақпараттардың жаңартуын жабдықтау;
- қарым – қатынас тәртібінде қолданушылардың сұраныстарының тапсырмаларын іздеу;
- ақпараттарды ыңғайлы енгізу;
- ерте енгізілген ақпараттарға тез арада қол жеткізу;
- нормативтік – анықтама ақпараттарын қайта – қайта қарап отыру қажет;
- ақпараттық жеткілікті жылдамдық, ақпараттың ауысу көлемі және жиілігі ағымдағы процестердің үдейі қозғалысына сәйкес келу керек .
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе – бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ және нақтырырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдердің ара – қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірірек болады.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық – уақыттық байланыстарының тұрақты тәртібі және элементтер мен жүйеасты бөлімдерінің арасындағы қатынасы, жүйеастының атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе жүйеастыларының жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды .
Есептер комплексі – бұл есеп жиынтығы, белгілі бір қасиетіне қарай топталған.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.)
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
- жоғары алгоритмдеу;
- иерархиялық, яғни жүйе астыларына, блоктарға, есептер комплексіне кіруі;
- шешімнің бір қалыптылығы;
- шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
- типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
- жүйенің шығу – кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі.
1.4.2. Ақпараттық жүйелер қорларына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар дегеніміз бір фирмаға құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз, оған ішкі жадыда сақталатын негізгі,көмекші мәліметтер массиві және кіру құжаттары жатады.
Ақпараттық жүйе қорларына келесі талаптар қойылады: ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар,программалық жабдықтауға қойылатын талаптар,техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар, математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар, ақпараты қорғауға және программалық құралдар жабдығына қойылатын талаптар.
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтау болып экономикалық ақпараттарды кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады.
Ақпараттық жабдықтау келесі қойылатын талаптарды қанағаттандыруы керек:
-
салық салынатын объектлердің, субъектлердің сипаттамаларына сәйкес келуі керек,сонымен қатар ақпарат айқын,актуалды болу керек;
-
салық мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі керек және ақпарат толық болу керек;
-
ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;
-
ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетуі қажет.
1-кесте
Элементтер
|
Сипаттамалар
|
Ақпараттық технология
|
Мәліметтер базасында негізделген
|
Мәліметтер базасы типі
|
Реляциондық
|
Кодтау жүйесі
|
Фасеттік жүйе
|
Ақпараттық қорғау
|
АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.
|
Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау - автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылатын техникалық құраладар жабдығы. Техникалық жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы тис:
-
ақпараттық жүйенің ақпараттық есептерінің өнімділігін, берілген есептің автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;
-
жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүкіндігінің болуы.
-
ақпараттың диалогты режимде өнделуін қамтамасыз ету;
-
есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек, өйткені мұндай құралдар техниканың қызмет көрсетуін және программалық қамтамасыз етуді өндеуде тиімді болады.
Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру,өндеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта орнына келтіру және сақтауды қамтамасыз ету,сонымен қатар өнделетін ақпараттардың құпиялықын сақтау керек.
Бостандық аудандық салық комитетінің жеке тұлғаларының мүлік салықтары бойынша ақпараттарды жинау, өндеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
-
SVGA немесе VGA видеоадаптері;
-
процессор жиілігі 100МГЦ кем болмауы тиіс (200МГЦ жоғары жиілік болуы ұсынылады);
-
жедел жады 32МБ кем болмауы тиіс(64 немесе128МБ болғаны жақсы);
-
диск кеңістігі 7МБ әрқашанда кем дегенде 3МБ бос болуы тиіс;
-
дисплейдің экраны 800*600 нүктеден жоғары болуы тиіс;
-
стандартты 107 пернелі пернелер тақтайшасы болуы керек;
-
100 проценті принтер немесе лазерлік принтер(laser Jet1100).
Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы тиіс және жүйеастарынан қызмет етуі үрдісі кезінде құралдар -жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет.
Техникалық құралдар атауы
|
Физикалық модуль
|
Сипаттамалары
|
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4
|
Процессор
Зерделік сақтаушы құрылғы
МҚДЖ
Монитор
Перне тақтасы
Тышқан
|
Іntel, 2.4MHz
512Mb
80Gb
19 дюймдік
105 батырмалы
2 баспалы
|
Принтер
|
Принтер
|
HP LaserJet
|
Факс – модем
|
Факс – модем
|
Sony – 42S
|
Телефон
|
Телефон
|
Panasonіс
|
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау - ақпараттық жүйенің техникалық құралдар жабдығының қызмет көрсетуін,есептердің жүзеге асу мақсатарын қамтамасыз ететін программалар бірлігінің жиынтығы.
Программалық жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
-
Мәліметтер базасындағы мәліметтердің құрамын кеңейту мүмкіндігі;
-
Мәліметтер базасы қызмет атқару үшін жаңа формалар енгізу формаларын өзгерту, өндеу мүмкіндігі;
-
Салық функцияларының орындалуы салық функцияларын жоспарлау;
-
Жүйедегі формаларды шығу мәліметтерін, іздеу әдісін анықтау;
-
Мәліметтер қорынының құрамын және кезектілігін анықтау;
Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:
-жұмыстың диалог режимі, яғни меню, сұраныстар;
-диалогтың икемді болуы;
-абсолютті түсінікті болуы;
-қолданудағы қарапайымдылығы;
-үйренуге жеңіл болуы;
-жұмыс үзілгенен кейін жұмысты қайта жалғастыру мүмкінділігі;
-жұмыс істеу кезінде қажет кезде сәйкес келетін анықтамалардың шығуы;
-ЭЕМ-ға жеке қызметкерлердің ғана қол жеткізуін қамтамасыз ету, яғни тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау;
Программалық жабдықтау өндеу кезінде үндемеу бойынша қолданылатын қағидаларын есекеру, яғни олар ыңғайлырақ,тираждау ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпараттың көлемінің үлкен болуына байланысты программалық жабдықтау келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: Mіcrosoft Wіndows 98 операциондық жүйесі, Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0 Mіcrosoft Wіndows NT Worstatіon 4.0; өндеу ортасы-Delphі7.0.
Программалық жабдықтау
3-кесте
Тип
|
Атауы
|
Мүмкіндіктері
|
Жалпы программалық жабдықтау
|
ОЖ
|
Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0
|
Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
|
Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0
MS Offіce XP
|
Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылықы.
|
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal
|
Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
|
Арнаулы программалық жабдықтау.
|
ҚПП
|
Delphі 7
|
Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
|
МББЖ
|
Paradox 7
|
Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.
|
Қорғау
|
ОЖ паролі
|
Желіге енуді бақылайды.
|
МББЖ паролі
|
МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
|
Вирусқа қарсы программа
|
Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.
|
Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Математикалық жабдықтау бұл- ақпаратты өндеудің алгоритмінің үлгісі және математикалық әдістердің жиынтығы. “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу” ақпараттық жүйесін математикалық жабдықтау программада нақты шешілетін есептердің дұрыс өнделуі, есептеуіш машиналарда дұрыс есептелуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйенің математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар:
-
ақпаратты жинау және өндеу алгоритмін,сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстығын бақылау;
-
мәліметтерді іздеу, іріктеу, құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;
-
қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі тиіс;
Алгоритмді ұсынудың формула, кесте, блок-схемалар, жазу және т.б. түрлері қолданылады.
Математикалық жабдықтаудың алгоритмін құруына қойылатын талаптар:
-
қарапайым блоктарды декомпозициялау;
-
колданбалы программалар пакеттеріне және программалау тілдеріне қолданылатын стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды түрде пайдалану;
-
программалардың орындалуын және есептің қызмет көрсету байланысын бақылау;
1.5 Концептуалды схема
Концептуалды схема ақпараттық жүйенің қызмет етуінің негізгі әдістемелік ізденістерін көрстеді.Схемалардың жиынтығы иерархия және сызықты байланысты құрылымды көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе жоба құжаттарын өндегенде жүйедегі графикалық интерпритация маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық үлгілер, алгоритмдердің блок схемалары, ақпаратты өндеудің технологиялық үрдісі, құжаттар айналымы, ақпараттар ағыны және т.б.
Негізгі концептуалды жүйесінің біртұтастылығының құрылуы ақпараттық жүйе әдістемелері мен аспектілерінің тұтастай және негізгі құралдар-жабдықтарын анықтайды, сонымен қатар пәндік салаға кіретін жүйе астарының қызметін көрсетеді. Кез-келген ақпараттық жүйе 2 бөлімнен тұратын жүйе ретінде қарастырылады: құралдар және қызметтік.
Жүйенің функционалды бөлімі - өндеу деңгейі және ақпараттың қозғалысы бойынша графикалық түрдегі ақпараттық және технологиялық байланыстарды көрсетеді.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау бөлімі келесі элементтерден тұрады:
-техникалық базадан;
-программалық құралдардан;
-есептеуіш желінің түрінен;
Ақпараттық жүйені жабдықтаудың сипаттамасы
Элементтері
|
Сипаттамалары
|
Ақпараттық технологиялар
|
Барлық ақпараттар МБ түрінде сақталады
|
Мәліметтер базасының типі
|
Реляционды
|
Классификациялау жүйесі
|
Классификациялаудың фасеті жүйесі
|
Кодттау жүйесі
|
Кодттаудың реттік жүйесі, идентификациялы әдіс
|
Қорғау
|
Ақаулар болған кездегі мәліметтерді қайта қалпына келтіру мүмкіншілігі, АЖ жұмыс істеген кезде парольдар жүйесі
|
-
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
|
Жүйе
|
Сипаттамалары
|
Типі
|
ЭАЖ
|
ЭАЖ
|
Желілік
|
Желі
|
Локальді
|
Локальді желі
|
Шиналы
|
Ортақ жүйелі құжаттау
|
Құжат
|
Жабдықтаушы бөлiмi
Функцианалды бөлім
Техникалық жабдықтау
Ақпараттық база
Программалық жабдықтау
Техникалық
құжаттар
Кәсіпорындар бойынша деклорация
Өткен жылғы төлем түбіртегі
Достарыңызбен бөлісу: