Банктің құқықтары:
4.3.1 Шотты ашу туралы немесе ашудан бас тарту туралы шешімдерді өз бетінше қабылдау;
4.3.2. Клиенттің қандай да бір қосымша келісімінсіз Шотты ашу/жүргізу/жабу үшін қажетті құжаттар тізбесіне өзгерістерді, егер ондай өзгерістерді қолданыстағы заңнама және/немесе Банктің ішкі саясаты, стандарттары мен рәсімдерімен талап етілген болса, енгізу.
4.3.3. Клиенттің Банкке берешектерін, оның ішінде Банк пен Клиент арасында бекітілген осы Шарт және басқа шарттар негізінде Банктің құқығы бар барлық комиссияларды төлеу үшін ақшаны Шоттан дебеттеу, сондай-ақ осы Шарттың 5.3 тармағында қарастырылған тәртіпте Шот бойынша түзетілген жазбаларды Банктің іске асыруы үшін қажет болған жағдайларды қосқанда;
4.3.4. Клиенттің алдын ала келісімінсіз, осы Шарттың 7.2 тармағында анықталғандай Клиентке өзгеріс туралы ескерте отырып, мыналарға бір жақты тәртіпте өзгерістер енгізу:
-
Шарттар мен Тарифтерге;
-
Шартпен анықталмаған банктік қызмет көрсетудің басқа талаптарына:
4.3.5. Шоттан және/немесе Клиенттің Банкте ашылған кез келген банктік шоттарынан, тікелей дебеттеу арқылы мыналарды алып алу:
- Шотқа қате есептелген ақша;
- Шот дұрыс жүргізілмеген кезде (ақша тек Шоттан алынады) Шотқа түскен ақша, Шоттағы ақша сомасын оқшаулау мерзімі ішінде. Шотты дұрыс жүргізбегенде Шотқа есепке алынған ақша сомасы туралы Банк Клиентті Шоттан ақша алынған күні жеке табыстау (курьер арқылы)/тапсырысты хат арқылы/факсимильдік немесе телекстік байланыс арқылы/электрондық почта бойынша/«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі арқылы хабардар етеді (Клиенттің қандай қызметтерге қол жеткізе алатынына және Банктің пікірінше Клиентке ең қысқа мерзімде жеткізілетін жеткізу тәсіліне байланысты);
4.3.6. Клиент Шарттың талаптарын бұзған жағдайда Банк өз талаптарын қанағаттандыру мақсатымен Шоттағы ақшаны тікелей дебеттеу арқылы өндіріп алу құқығымен Шотты оқшаулау (Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру), сондай-ақ:
- Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардан және/немесе лауазымды тұлғалардан Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері мен қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес акцептсіз түрде ақшаны алып алу құқығы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары келіп түскен жағдайда;
- Клиенттің Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша берешектері болғанда;
- Шотқа ақша қате есептелген жағдайда;
- Шартпен және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайларда;
4.3.7. Шартты бекіткен кезде Клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғаларға жататыны туралы ақпаратты талап ету;
4.3.8. Қолданыстағы заңнамаға және Банктің ішкі ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Шот бойынша шығыс операцияларын іске асыруға тыйым салу;
4.3.9. Клиент немесе оның өкілі не болмаса Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк 12 (он екі) ай ішінде қолма-қол және қолма-қол жасалмайтын шығыс операцияларын жүргізбесе, Шотқа ондағы қалдық сомасына қарамастан оған қозғалыссыз шот мәртебесін тағайындау. Шотта қалдық ақша болған жағдайда Банк қозғалыссыз шотты жүргізгені үшін оған тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес Шоттан тікелей дебеттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Шартпен белгіленген берешек сомаларын дебеттеуге құқылы және Клиент онымен сөзсіз келіседі.
4.3.10. Егер Клиенттің нұсқаулары және ол бойынша құжаттар қолданыстағы заңнамаға қайшы келсе, ондай нұсқауларды орындаудан бас тарту;
4.3.11. Клиент Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын қосқанда, ақша аударымын іске асыру үшін Шотта қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда, Клиенттің нұсқауын орындаудан бас тарту;
4.3.12. Банкке жазбаша тапсырмасы/Тараптардың қосымша келісімі болған жағдайда Клиентке Шоты бойынша электрондық нұсқадағы үзінді көшірмелерді Өтініште көрсетілген e-mail поштасына жіберу (жеткізу) бойынша қызметтерін ұсыну;
-
Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шотқа ақша түскен жағдайда Шоттағы ақша сомасын Шотты тікелей дебеттеу арқылы Шоттан ақша сомасын алып алу құқығымен оқшаулау. Шоттың дұрыс жүргізілмеуі – бұл Банктің Шотқа қызмет көрсеткен кезде туындайтын және Шотқа бір соманы екі рет есепке салуды, Шотқа ақшаны есепке алу кезінде Банктің автоматтандырылған жүйелерінде соманы, валютаны дұрыс көрсетпеуді, операция кодын дұрыс термеуді, валюталар бағамын дұрыс ауыстырмауды, операцияны соңына дейін аяқтамауды, бухгалтерлік қателіктерді (баланстық жазбалардың дұрыс көрсетілмеуі, рұқсат етілмеген баланстық жазбалар) білдіретін жағдайлар. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шоттағы ақша сомасы оқшауланған жағдайда Банк Шоттан ақша сомасын алып қояды, Шот бойынша түзетулер, түзету жазбаларын жүргізеді. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шоттағы ақша сомасының оқшауланғаны туралы Банк Клиентті Шот оқшауланған күні электрондық пошта/мобильді байланыс/факс/хабарламаны жеке табыстау/курьерлік қызмет/тапсырысты хат арқылы хабардар етеді (Клиенттің қандай қызметтерге қол жеткізе алатынына және Банктің пікірі бойынша Клиентке ең қысқа мерзімде жеткізілетін жеткізу тәсіліне байланысты). Клиент осы арқылы Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Банктің Шотқа түскен Шоттағы ақша сомасын оқшаулауына сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін білдіреді. Шоттағы ақша сомасын оқшаулау мерзімі Шоттың дұрыс жүргізілмеуі анықталған сәттен бастап бір операциялық күннен аспауға тиіс;
-
Банкке Шарттың 4.2.тармағының 4.2.14.тармақшасында қарастырылған құжат келіп түскен кезде Шоттан жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік төлемдер сомаларын алып алу;
-
Клиенттің, оның заңды өкілінің дербес деректерін, оның ішінде Дербес деректер туралы заңның 16-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес трансшекаралық беруді іске асыру;
-
Клиенттен оны сәйкестендіру үшін қажетті болатын мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды, бенефициарлық иеленушіні анықтауды, сондай-ақ салық резиденттігі, қызметінің түрі мен жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді, операцияларды жасауға байланысты құжаттарды ұсынуды талап ету;
-
операциялар қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстау) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында жасалады деген күдіктер туындаған жағдайда, Клиентке Шот бойынша сондай операцияны жүргізуден бас тарту және/немесе Клиенттің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтату;
-
төмендегідей жағдайларда бір тараптық тәртіппен Шартты орындаудан бас тарту жолымен Клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату:
Клиент жасаған операцияларды орындау барысында Клиент іскерлік қарым-қатынастарды қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстау) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдіктер туындағанда;
Банк Шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуден бірнеше рет бас тартқан немесе Клиенттің банктік шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатқанда;
Клиентке және (немесе) оның үлестес тұлғаларына қатысты қандай болсын елдің (мысалы, OFAC) немесе халықаралық ұйымның (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, ФАТФ және БҰҰ) құзыретіне сәйкес салынған санкциялар болғанда;
тиісті тексеру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бактің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған шараларды қолдану мүмкін болмағанда.
-
Банктің міндеттері:
-
Қолданыстағы заңнамаға, Шартқа және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес Клиент Шотына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
-
Клиент пайдасына түскен ақшаны қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мерзімде Шотқа есепке қосу;
-
Клиентті Шарттың 7.2 және 7.7. тармақтарына сәйкес Шартта және Тарифтерде болатын барлық өзгерістер туралы олар қолданысқа енген күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын хабардар ету;
-
Клиенттің операциялары бойынша құпиялықты сақтау. Банк Клиенттің жазбаша келісімінсіз Шотқа қатысы бар анықтамаларды және ол бойынша жүргізілген операциялар туралы анықтамаларды үшінші тұлғаларға қолданыстағы заңнамада және Шартта тікелей қарастырылған тәртіпте және жағдайларда, тиісті құжаттар негізінде ғана береді;
-
Банк Шот бойынша операцияларды жүргізген кезінде қандай да бір қателіктер/дәлсіздіктерді және/немесе Клиентке берілген ақпаратта, оның ішінде Хабарламаларда қателіктер/дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда, Банк оларды түзетуге міндетті. Бұл ретте қолданыстағы заңнамада тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Банк анықталған қателіктер/дәлсіздіктерді түзетуге қатысты Клиенттің шеккен шығындары үшін жауапкершілік арқаламайды. Сонымен қатар Банк Шотты кредиттеу/дебеттеу арқылы есептеулерді түзетуді Клиенттің келісімінсіз жүргізуге құқылы.
5-бап. Банк көрсеткен қызметтер үшін төлемдер
5.1. Клиент Банк қызметтерін (Банк Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың нұсқаулықтарын/өкімдерін орындауымен байланысты қызметтерді қоса), Шотқа қызмет көрсеткені үшін комиссияны (мұндай Банк Тарифтерінде болған жағдайда) Банктің ішкі ережелерімен және Тарифтерімен белгіленген валютада, мөлшерде және талаптармен төлеуге кепілдік береді.
5.2. Банк көрсеткен қызметтері үшін, Шотқа қызмет көрсеткені (мұндай болған жағдайда) үшін ақы алуды Шоттан комиссиялар сомаларын Шотты тікелей дебеттеу жолымен алуға құқылы.
5.3. Банктің ақшаны Шотты тікелей дебеттеу арқылы алып алуы төлем құжаты болып табылатын төлем ордері негізінде жүргізіледі. Клиенттің Шотында ақша жеткілікті болмаған жағдайда төлем ордерінің орындалуы қолданыстағы заңнамамен қарастырылған төлем ордері ұсынылатын мерзімді ескере отырып, Шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.
5.4. Банк үзінді көшірмеге комиссияларды өндіру туралы растаманы қосуға және Банктің тиісті қызметіне қатысты құжаттан мұндай ақпаратты алуға болмайтын жағдайда қосымша жазбаша есептер беруге құқылы.
5.5. Осы арқылы Тараптар:
(а) Шарт бұзылған жағдайда Шотқа қызмет көрсетілгені үшін Клиент төлеген комиссия (мұндай Банк Тарифтерінде болған жағдайда) Клиентке қайтарылмайды;
(б) қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде Клиент бастамасымен Шот бойынша операциялар болмаған жағдайда Банк Клиентті қосымша хабардар етпестен, Шотқа қызмет көрсетуді басқа тарифке ауыстыруға құқылы.
6-бап. Үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалану
6.1. Банк Клиенттің өкімдерін/нұсқауларын орындау барысында өзінің міндеттемелерін орындау кезінде үшінші тұлғалардың қызметтерін және мұнымен шектелмей, үшінші тұлғалардың қызметін пайдалану қолданыстағы заңнамамен тікелей қарастырылған жағдайларда осы Шартқа сәйкес Клиентке басқа қызметтерді ұсынуды қосқанда, пайдалануға құқылы.
6.2. Банк үшінші тұлғалардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебі болып табылатын қызметтегі кемшіліктері үшін жауапкершілік көтермейді, егер Банк ол үшінші тұлғаларды таңдауда қажетті көрегендік көрсеткен болғанда, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың осы Шарттың талаптарын бұзушылық болған жағдайда кінәсі болмаған жағдайда. Осыларға қарамастан, Банк Клиентке соңғысының көтерген шығындарын, егер ол шығындар үшінші тұлғалар қызметінің кемшілігінен болған салдар болса, орынды көмек көрсетеді.
7-бап. Хабарламалар
-
Осы Шартпен қарастырылған барлық хабарламаларды Тараптар осы Шартпен тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда жазбаша түрде орындайды.
-
Тараптар осы арқылы Банктен Клиентке жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Банк Клиентке мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, жазбаша түрде ресімделген және Клиент оны алған болып есептелетіндігімен келіседі және мұны растайды:
электрондық поштамен;
мобильдік байланыс арқылы;
тиісті ақпаратты Банктің филиалдарында/бөлімшелерінде және веб-сайтында www.halykbank.kz. электрондық мекен-жайы бойынша орналастыру арқылы.
-
Тараптар осы арқылы Клиенттен Банкке жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Клиент Банкке мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, жазбаша түрде ресімделген және Банк оны алған болып есептелетіндігімен келіседі және мұны растайды:
Банктің уәкілетті қызметкеріне алғаны туралы қол қойғыза отырып табыстау арқылы;
Курьерлік қызметі немесе пошталық қызмет арқылы.
-
Хабарламаны адресаттың алған күні болып саналады:
Тікелей қолына табысталатын немесе курьерлік қызмет арқылы жіберілген хабарламалар үшін – тиісті тұлғаның тиісті белгісімен алған күні;
арнайы тапсырыспен жіберілген хабарламалар үшін – жіберілген күннен кейін үшінші күнтізбелік күні (жіберу кезінде почта ұйымының берген құжатындағы күн бойынша);
факс арқылы жіберілген хабарламалар үшін – факс нөміріне жіберілген хабарламаның сәтті аяқталғаны туралы факсимильдік аппараттың үзіндісі бар болған жағдайда, жіберілген күн;
мобильдік байланысты пайдалану арқылы электрондық почта арқылы жіберілген хабарламалар үшін - хабарлама жіберілген күн (жіберу туралы хабарламаның белгісі болғанда);
мобильдік байланыс арқылы (дауыстық хабарлама) хабарламалар үшін – қоңырау шалған күн және уақыт;
Банктің филиалдарында/бөлімшелерінде/веб-сайтында орналастырылған хабарламалар үшін - хабарламаны орналастырған күні.
7.5. Тараптардың біреуі екіншісіне хабарлама жіберетін (мысалы, тек қана үй, жұмыс мекен-жайының, телефон/телефакс, электрондық поштасының және т.б.) байланыс деректерінің/деректемелерінің өзгерісі болған жағдайда, өзгерісі болған тарап (5 (бес) күнтізбелік күнінен кешіктірмей) дереу екінші Тарапты ол өзгерістер туралы хабарлама жіберуі керек немесе Банктің Байланыс - орталығы қызметіне қажетті хабарламаны, егер Банк Клиенттің ауызша хабарламасы жеткілікті деп санағанда, беруі керек.
7.6. Осы Шартқа сай Клиент Банкке өзінің байланыс деректері/деректемелерінің өзгерісі туралы жазбаша хабарламаны жібермегендіктен, Клиент Банктің хабарламаларын алмағаны немесе уақытында алмағаны үшін Банк жауапкершілік арқаламайды.
7.7. Осы Шарттың 36.5 тармағында көрсетілгендей Банк өз құқығын пайдаланып, осы Шартқа және/немесе Тарифтерге қандай да бір өзгерістерді енгізсе, онда Банк Клиентті мұндай өзгерістер туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін 10 (он ) жұмыс күні бұрын, Банктің филиалдарында/бөлімшелерінде және www.halykbank.kz электрондық мекен-жайы бойынша Банктің веб-сайтына тиісті ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етуі тиіс. Банк Шартқа және/немесе Тарифтерге қандай да бір өзгерістер енгізетін кезде осы тәсілдерге қосымша ретінде Клиент осы баптың 7.2.тармағында қарастырылған өзге тәсілдермен хабардар етілуі мүмкін.
7.8. Тараптар осы арқылы Клиент хабарламаларды жіберу немесе алу үшін кез-келген оперативтік байланыс жолдарын пайдалану тәуекелін өз мойнына алуын растайды, бірақ онымен шектелмей, үшінші тұлғалардың кез-келген астарлы іс-әрекеттерін, оның ішінде алаяқтық, жіберілген ақпаратқа уәкілетсіз ену, сондай –ақ хабарламаны жіберу үшін пайдаланатын құралдар мен қызметтерін жеткізушілердің, оперативтік баланыс құралдарының жұмысындағы проблемалардың кесірінен ондай ақпаратты Банктің/клиенттің алуына дейін жоғалуы да кіретін тәуекелдер.
7.9. Банк хабарлама жіберілген кезде кез келген іркіліс үшін және/немесе кез келген құрылғының (оның көмегімен хабарлама жіберілуге және/немесе алынуға тиіс) ақаулықтары үшін жауапкершілік арқаламайды.
7.10. Банк хабарламаның оперативтік байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберілуіне байланысты Клиенттің шеккен кез келген шығындары үшін, онымен қоса, бірақ мұнымен шектелмей Клиенттің хабарламаны алмау/уақытында алмау нәтижесінде туындаған шығындары үшін, үшінші тұлғалардың қаскүнемдік әрекеттері үшін, егер мұндай шығындар Банктің өз міндеттерін ұқыпсыз немесе қасақана істеу нәтижесінде келгендігі дәлелденбесе, жауапкершілік арқаламайды.
8-бап. Шот бойынша үзінділер
-
Банк Клиенттің талабы бойынша оның Шоты бойынша дебеттік/кредиттік операциялары туралы ақпаратты үзінді көшірме түрінде электрондық жолмен және/немесе қағаз түрінде Клиент Банкке келгенде береді. Клиентке Шоты бойынша үзінді көшірмелерді қолданыстағы заңнамаға сай талап етілетін басқа жағдайларда, ол ақпарат Банктің қалауы бойынша электрондық жолмен немесе арнайы қолына тапсырылады.
-
Клиенттің үзіндіні алуы Клиенттің Шоты бойынша операция жасалғаны туралы хабардар болуының дәлелі болып саналады да, Клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелі болып табылатын уәкілетсіз операциялар/олардағы қателіктер туралы Банктің Клиентке дереу хабарлама жіберуінің қажет болмауы болып табылады.
-
Клиент көрсеткен почталық/электрондық мекен-жай бойынша Клиентке берілуге тиіс үзінді көшірме Клиенттің почталық/электрондық мекен-жайын дұрыс көрсетпеуіне немесе Клиенттің ол мекен-жайда болмауына байланысты Банкке қайтып келген жағдайда, Банк Клиенттің үзінді көшшірмелерді алмауына байланысты кез келген жауапкершіліктен босатылады.
9-бап. Дауларды реттеу
-
Шот бойынша қателікпен жасалған операциялар бойынша Банкке Клиенттің шағымы операция жасалған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде келіп түспеген жағдайда операция жасалған болып есептелінеді. Арифметикалық қателіктер табылған жағдайда Банк оларды көрсетілген мерзім аяқталғанша түзетуі тиіс.
-
Клиент Шот бойынша жасалған операциялардың негізділігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмелерін Банктен талап етуге құқылы.
-
Тараптар Шартты орындаумен байланысты туындаған кез келген даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу арқылы шешуге тиіс, ал келісімге келмеген жағдайда қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте қаралуға беруге тиіс.
-
Клиенттің шағымы негізді болып танылған жағдайда Банк жүргізілген операцияға түзету, сондай-ақ туындаған жағдайды реттеу үшін басқа да қажетті іс- әрекеттер жасайды.
-
Ақша жөнелтуші мен ақша алушы арасындағы есеп айырысу бойынша өзара наразылықтар Банктің қатысуынсыз тікелей өзара қарастырылады.
10-бап. Клиенттің хабар-ошарсыз кетуі, қайтыс болуы
-
Банк Клиенттің хабар-ошарсыз кетуі/өлімі/қайтыс болған деп хабарланған фактілерді дәлелдейтін құжаттардың тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін алған жағдайда, осы Шарттың негізінде Банк Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға, кейін Шотты жабуға құқылы.
-
Қайтыс болған/қаза болғаны хабарланған Клиенттің Шотынан ақшаның берілуі қолданыстағы заңнамада, Банктің ішкі саясатында, стандарттарында және рәсімдерінде белгіленген құжаттар негізінде және мерзімде, Тарифтерге сәйкес Банктің комиссиясын шығарып алған соң Клиенттің мұрагерлеріне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес уәкілетті басқа тұлғаларға іске асырылады.
11-бап. Басқа ережелер
11.1. Клиент осы арқылы Банкке өзінің кез келген телефон соғу арқылы хабарласуы Банктің қалауы бойынша осындай мақсатпен пайдаланылатын жазып алушы құрылғылардың көмегімен автоматты түрде тіркелетінін түсінеді және онымен келіседі.
11.2. Клиент осы арқылы Шотқа есептелетін/есептелген кез-келген ақша Заңды жолмен алынғанын растайды және кепілдік береді және Банктің талабы бойынша Клиент ондай ақшаның шыққанын/алынғандығының, сонымен қоса Клиент үшінші тұлғалардың мүддесіне және тапсырысы бойынша Шотқа ақша салған/есептегені жағдайларында да заңдылығын дәлелдейтін құжаттарды/басқа ақпараттарды Банкке ұсынуға міндеттенеді.
11.3. Клиент Банкті үшінші тұлғалардың мүддесіне және тапсырысы бойынша Шот бойынша жүргізілген кез келген операция туралы ондай үшінші тұлғаларды сәйкестендіретін/куәландыратын құжаттарды бір мезгілде беру арқылы хабардар етуге міндеттенеді.
11.4. Тараптар осы арқылы қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайларда Шотта ақша болмағанда, немесе Клиенттің Шарт бойынша талаптарды бұзған жағдайда, сондай-ақ Шартта қарастырылған басқа да негіздемелер жағдайында Шотты жабуы және Шарттан бас тартуы туралы жариялауға құқылы екенімен келіседі.
11.5. Осы Шарттың ережелері жеке тұлғаның Банкте ашылған барлық Шоттарына қолданылады.
12-бап. Телебанкинг
-
Банк Шот бойынша бекітілген тәртіпте ақпарат алу және операциялар жасау үшін телефон арқылы өзіне өзі қызмет көрсетудің автоматтандырылған «Телебанкинг» (бұдан әрі – «Телебанкинг» жүйесі) жүйесінің ақпараттық-банктік қызметтерін ұсынады.
-
Клиент «Телебанкинг» жүйесінің көрсетілетін қызметтер тізімімен, қызмет көрсету талаптарымен және жүйеге тіркелу шарттарымен Банктің филиалдарындағы клиенттер үшін ақпараттар орналасқан жерде (ақпараттық тақтада), сондай-ақ Банктің сыртқы сайтынан мына мекен-жайы бойынша: www.halykbank.kz. таныса алады. Банк өз қалауы бойынша, Клиентті алдын ала хабардар етпестен «Телебанкинг» жүйесі арқылы алатын қызметтер тізіміне өзгерістер енгізуге құқылы.
-
Клиентті «Телебанкинг» жүйесіне тіркеу кезінде сәйкестендіруді Банк кодтық сөз арқылы іске асырады. Өтініште кодтық сөздің болуы қызметтерді көрсету кезінде міндетті.
-
Клиентті «Телебанкинг» жүйесінде автоматты авторизациялау үшін оның сәйкестендіру параметрлері логин (Шоттың соңғы 13 цифры) және пароль (цифрлық код) болып табылады. Клиент өз паролін шектеусіз өзгертіп отыруға құқылы.
-
Клиент қызметті пайдалануда мыналарға міндеттенеді:
Шотқа «Телебанкинг» жүйесі арқылы кіруіне байланысты Банктің талаптарын орындау;
өзінің «Телебанкинг» жүйесіндегі сәйкестендіру параметрлері (логин, паролі) туралы ақпаратты басқа тұлғаларға жария етпеу/бермеу. Бұл ретте осыған байланысты туындауы мүмкін шығыстар мен залардарының барлығын Клиент өзі көтереді және Банктен олардың орнын толтыруын талап етуге құқығы жоқ;
«Телебанкинг» жүйесінде бөтен тұлғаның парольді рұқсатсыз пайдалануын болдырмау мақсатында, пароль жария етілген жағдайда парольді ауыстыру үшін тез арада «Телебанкинг» жүйесінің телефоны бойынша «Банктің Байланыс Орталығының операторына шығу» менюін таңдап хабарласу. Олай болмаған жағдайда Банк Клиенттің пароліне рұқсатсыз кірген тұлғаларға пароль бойынша ақпараттың берілгені үшін жауапкершілік арқаламайды.
-
Банк Клиентке «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін мынадай жағдайларда тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы:
-
сәйкестендіру параметрлерін (логин, пароль) басқа тұлғаларға бергені туралы ақпараттың берілгендігі анықталса. Бұл ретте Банк Клиенттің парольді дер кезінде ауыстырмағаны үшін жауапкершілік арқаламайды;
-
парольді қатарынан үш рет дұрыс енгізбеу және клиент паролін ауыстырғанға дейін немесе есептегішті нөлге айналдырғанға дейін қауіпсіздік жүйесін бұзу ретінде қарау;
-
бағдарламалық жасақтаманы ауыстыру үшін және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін «Телебанкинг» жүйесінің жұмысын тоқтату;
Банк Клиенттің Шоттары бойынша үшінші тұлғаларға ақпаратты беру бойынша және Клиенттің Телебанкинг жүйесіндегі сәйкестендіру параметрлерін (логин, паролін) бөтен тұлғаға жария етуі туралы шағымдарды қабылдамауға құқылы.
-
Банк «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін көрсеткен кезде, оның ішінде Клиенттің тиісті сәйкестендіру параметрлерін енгізген соң телефондық тапсырыс негізінде Шоттың жағдайы туралы мәліметті берген кезде тиісті қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
-
«Телебанкинг» жүйесін пайдаланған кезде Клиент Банк қызметтерін Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сай төлейді.
13-бап. Форс-мажор
13.1. Егер Тараптардың біреуі Форс-мажордың себебінен осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда мұндай Тараптың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мерзімі форс-мажор жағдайы созылатын уақытқа, бірақ 30 (отыз) күнтізбелік күннен көп емес уақытқа сәйкес ұзартылады.
13.2. Форс-мажор жағдайлары кез келген мына төменде аталған, алайда мұнымен шектелмейтін жағдайларды, оның ішінде: электрондық (компьютерлік) желілердегі және деректер базасындағы іркілістер, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, табиғи зілзала, соғыс әрекеттері (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістер, бас көтерулер, азаматтық соғыстар немесе жаппай тәртіпсіздікті білдіреді және олар басталған жағдайда Тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілк арқаламайды.
13.3. Форс-мажор жағдайының басталуы салдарынан Шартты орындау мүмкін еместігіне сілтеме жасаған Тарап оқиға басталған уақыттан бастап және Форс-мажор жағдайы тоқтаған уақыттан бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, жазбаша хабарламаны екінші Тарапқа жіберуге міндетті. Форс-мажорлық жағдайдың басталғаны туралы екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламау осындай жағдайға ұшыраған Тарапты өз міндеттерін орындамауды немесе тиісінше орындамауды негіздеуде әрі қарай осындай жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады, Форс-мажор жағдайы салдарынан ондай хабарламаны екінші Тарапқа жіберу мүмкін болмаған жағдайды қоспағанда.
13.4. Жалпыға белгілі сипаттағы Форс-мажор жағдайлары қосымша дәлелдемелер мен хабарламаларды талап етпейді. Басқа Форс-мажор жағдайларына қатысты дәлелдемелерді мүдделі Тарап ұсынады. Бұл ретте, құзырлы мемлекеттік орган берген куәлік Форс-мажор жағдайларының болуын және әрекет етуінің ұзақтығын жеткілікті түрде растауы болып табылады.
13.5. Форс-мажор жағдайларының әрекеті тоқтатылған соң тиісті Тарап Шарт бойынша өз міндеттерін орындауды жалғастыруы тиіс.
13.6. Форс-мажор басталғаннан бері бір айдан артық уақытқа созылған жағдайда, Тараптар өзара келісе отырып Шарт әрекетін тоқтатуға құқылы, бұл ретте мүдделі Тарап екінші Тарапқа осындай тоқтату болардан кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлама жіберуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |