33-бап. Тараптардың құқықтары мен жауапкершілігі
-
Клиент Банкке жәрдемақылар үшін арнайы шоттан ақшаны тек Клиенттің Банкте ашылған карточкалар базасындағы ағымдағы шотына аударуға ұзақ уақытқа тапсырма беруге құқылы.
-
Банк жәрдемақылар үшін арнайы шоттан ақшаның банктік заемдар бойынша Клиенттің берешегін өтеу есебіне алып алынуына жол бермеуге міндеттенеді.
-
Клиент осы арқылы жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер сомаларын ЗТМО Клиенттің қайтыс болуынан, Клиенттің Қазақстан аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткеннен кейін жәрдемақылар үшін арнайы шотқа артық аударылған (есепке алынған) ақшаны жәрдемақылар үшін арнайы шоттан тікелей дебеттеу жолымен алып алуына Банкке сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Жәрдемақылар үшін арнайы шоттан жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер сомаларын көрсетілген тәсіл арқылы алып алу үшін міндетті талап - ЗТМО Банкке Клиенттің қайтыс болуынан, Клиенттің Қазақстан аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткеннен кейін жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер сомаларының жәрдемақылар үшін арнайы шотқа артық аударылғандығы (есепке алынғандығы) көрсетілген, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке, ЗТМО-ға қайтарылуға тиіс жәрдемақы, әлеуметттік төлемдер сомалары көрсетілген құжатты ұсыну болып табылады. Банкке осы тармақта көзделген құжат келіп түскен жағдайда Банк жәрдемақының, әлеуметтік төлемнің сомаларын жәрдемақылар үшін арнайы шоттан алып алуға құқылы.
5-бөлім. Тұрғын төлемдері үшін арнайы шотты жүргізу
34-бап. Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша жүргізілетін операциялар
-
Тұрғын үй төлемдері туралы шарт және Қосу шарты бойынша тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот ашылған кезде Банк Клиенттің пайдасына түсетін ақшаны қабылдау бойынша міндеттемелерді тек тұрғын үй төлемдерін тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа аударатын ҚР арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үй төлемдері түрінде ғана өзіне қабылдайды.
-
Банк тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша мынадай операцияларын іске асырады:
1) ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесінде ашылған, ҚР арнаулы мемлекеттік органының шотынан түсетін теңгедегі тұрғын үй төлемдерін тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа есепке алу;
2) мынадай мақсаттарға сәйкес тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шоттан қолма-қол ақшасыз аудару:
-
ипотекалық заемды пайдалана отырып тұрғын үй-жайды меншігіне алу;
-
тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу немесе тұрғын үйді (кейін оны сатып алумен) жалдау ақысын төлеу;
-
бұрын алынған ипотекалық заемды өтеу;
-
тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысу кезінде жарналарды төлеу;
-
тұрғын үй иелерінің кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;
-
тұрғын үй құрылыс жинақ ақша түріндегі жинақтарын толықтыру;
-
тұрғын үй жағдайларын жақсарту;
-
тұрғын үй төлемдерін тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа аударатын ҚР арнайы мемлекеттік органының және Банктің келісімі, сондай-ақ Тұрғын үй төлемдері туралы шарттың тиісті қосымша келісімі болған жағдайда, екінші деңгейдегі өзге банкте ашылған, тұрғын үй төлемдерін есепке алу үшін жеке тұлғаның арнайы ағымдағы шотына тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын аудару;
3) тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шоттан қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару. Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотта Банктің қайтаруы үшін ақша болмаған жағдайда Клиент заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін ҚР арнайы мемлекеттік органының бюджеттік шотына кейін қалпына келтіру үшін ҚР арнайы мемлекеттік органының кассасына қайтарады.
-
Тұрғын үй төлемдерін мақсатты пайдалану талаптарын ескере отырып, тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша мынадай операцияларды жасауға тыйым салынады:
тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа Клиенттің және (немесе) үшінші тұлғалардың қолма-қол ақша салуы;
тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шоттан қолма-қол ақшаны алып алу;
тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа есепке алынған тұрғын үй төлемдері есебінен тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша жасалатын операциялар үшін комиссиялық сыйақы сомаларын Банктің алып алуы;
тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шоттан осы Шарттың 34.2.тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген өзге мақсаттарға қолма-қол ақшасыз аударымдар.
-
Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша белгілі жұмыс тәртібі әрекет етеді:
тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдері бюджетке алынбайды, осы Шарттың 23.3.2. тармағының 2) тармақшасына сәйкес Клиенттің тұрғын үйге мұқтаждығын қамтамасыз ету бойынша шарттарды қоспағанда, Клиенттің немесе басқа тұлғалардың міндеттемелерінің кепіл мәні немесе өзге ауыртпалығының мәні болып табылмайды;
салымға ақша салу/салымнан ақшаны алып алу үшін немесе заемды есепке алу/өтеу үшін тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот депозиттік және кредиттік шарттар бойынша есеп айырысуларға қатыса алмайды;
тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша Банк клиентке «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» өзіне өзі қызмет көрсету жүйесінің және басқа да өзіне өзі қызмет көрсету жүйесінің қызметтерін ұсынбайды.
-
Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша шығыс операцияларын үшінші тұлғалар Клиент атынан берілген нотариалдық куәландырылған сенімхат негізінде ғана, сондай-ақ Клиенттің заңды өкілдері (оның ішінде қорғаншылары мен қамқоршылары) қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асыруы мүмкін.
-
Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша шығыс операцияларының барлығын Банк тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шоттағы сома шегінде іске асырады.
-
Банк Клиенттің тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша ақша қалдығына сыйақы есептеуді жүргізбейді.
-
Банк Клиенттен тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша операциялардың жүргізілгені және Банк Тарифтеріне сәйкес көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық сыйақы өндіріп алады.
-
Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша жүргізілетін операцияларды көрсету үшін Клиентке және/немесе тұрғын үй төлемдерін тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа аударатын ҚР арнайы мемлекеттік органына (тұрғын үй төлемдерін алушының банктік құпияны құрайтын мәліметтерді ашуға берген келісімі туралы жазбаша өтініші болған жағдайда) Банк Тарифтеріне сәйкес тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша үзінді көшірмелер беріледі. Үзінді көшірмеде тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша барлық операциялардың жазбалары дәйектілікпен көрсетіледі.
-
Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шоттың жабылуы былайша жүргізіледі:
Клиенттің өтініші бойынша кез келген уақытта, егер ҚР заңнамасында немесе Қосу шартында басқаша қарастырылмаған болса;
Шотта ақшаның болмауы ҚР қолданыстағы заңнамасында немесе Қосу шартында көзделген мерзімнен асып кетуіне байланысты Банк өз бетінше.
35-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
-
Тараптардың құқықтары мен міндеттері ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №1727 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін белгілеу, тағайындау, қайта есептеу, іске асыру және тоқтату туралы ережесінің 10-қосымшасының нысаны бойынша тұрғын үй төлемдерін тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа аударатын ҚР арнайы мемлекеттік органы, ҚР осындай арнайы мемлекеттік органының қызметкері және Банк арасында жасалған Тұрғын үй төлемдері туралы шартта көрсетілген.
-
Банк Клиенттің алдын ала келісімін алмастан, Банк филиалдарында/құрылымдық/мамандандырылған бөлімшелерінде және Банктің веб-сайтында www.halykbank.kz мекен-жайы бойынша тиісті ақпаратты орналастыру арқылы Банктің қолданыстағы Тарифтеріне және Қосу шартына өзгерістерді біржақты тәртіпте енгізуге құқылы. Банктің Дербес сервис орталықтары мен VIP орталықтары туындаған өзгерістер туралы хабарлау үшін Клиентке қосымша қоңырау шалады. Клиентке менеджерлер/менеджерлердің ассистенттері қоңырау шалады.
-
Клиенттің немесе оның заңды өкілдерінің тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша соңғы операция жасаған күнінен бастап ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген мерзім ішінде Клиент немесе оның заңды өкілдері не болмаса Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк шығыс операциясын жасамаса, Банк шоттағы қалдық сомасына қарамастан тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа қозғалмайтын шот мәртебесін беруге құқылы.
6-бөлім. Қорытынды ережелер
-
Осы Шартты орындау Тараптар үшін, олардың құқықтық мирасқорларына және сенімді тұлғалары үшін де міндетті.
-
Осы Шарттағы баптар мен тақырыптардың аттары ыңғайлы орналастырылған және олар аталған құжаттардың қандай да бір ережелеріне түсіндіру және/немесе қандай да бір шектеулер мен сипаттамалардан тұрмайды, сондай-ақ осы Шарт баптарының орналасу тәртібі бір баптардың екінші баптарға қарағанда бастамашылық ерекшелігін білдірмейді.
-
Осы Шарттың қандай да бір немесе одан да көп ережесі күшін жойғанда, жарамсыз болғанда немесе кез келген байланыста заңды түрде қамтамасыз етілмейтін болғанда, онда ол осы Шартта мазмұндалған басқа ережелерінің жарамдылығына және заңдылығына қандай да бір жағдаймен әсер ететін немесе әлсірететін болмауы тиіс.
-
Тараптың осы Шарттың ішіндегі кез келген құқығын пайдаланбағаны немесе уақытында пайдаланбағаны оның ол құқықтан бас тартуы деп есептелмеуі керек, сондай-ақ ондай Тараптың өзінің басқа құқықтарын іске асыруына әсер етпеуі тиіс. Барлық құқықтары да, сондай-ақ міндеттері де осы Шартқа сәйкес оның басқа құқықтары мен міндеттерінен ерекше емес, шарттың бір бөлігі болып табылады.
-
Банк осы Шартқа және Тарифтерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ Клиентте Шоттың болуына байланысты Банк көрсететін жаңа қызмет түрлерін кеңейту құқығын өзіне қалдырады және ондай өзгерістер туралы осы Шарттың 7.7. тармағында қарастырылған тәртіпте Клиентті хабардар етуге міндетті. Клиент ондай хабарламаны алған соң өзгерістермен келіспеген жағдайда дереу ол туралы Банкті жазбаша түрде ескертуі керек, бірақ оны хабарламаны алған күннен 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмеуі тиіс. Өзгерістер енгізілген соң осы Шарт пен Тарифтер жаңа/өзгертілген редакцияда қолданыста болады.
-
Клиент осы арқылы Банктің алғашқы талабы бойынша Банк бекіткен мерзімде Банктің «Өз клиентіңді тани біл» барлық рәсімдеріне және/немесе басқа да рәсімдерге және/немесе қолданыстағы заңнамамен қарастырылған сондай рәсімдерге қажетті талаптарын сақтау және іске асыру мүмкіндігіне қажет құжаттамаларды және/немесе ақпаратты беруге және/немесе берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
36.7. Осы Шартқа қатысы бар барлық құжаттар Тараптардың таңдауы бойынша мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жасалды. Әр тілдегі нұсқаларының арасында айырмашылық болған жағдайда орыс тіліндегі мәтін мазмұнына басымдық беріледі. Бұл ретте Өтінішті, Клиенттің нұсқаулықтарын Клиент өз қалауы бойынша жоғарыда көрсетілген тілдердің біреуінде толтыруға және қол қоюға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |