Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

 

 

37 



4. 

СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ  

НЕГІЗДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ 

 

Спорттық ойындар үйреншікті емес – айнымалы (ахуалдық, ситуациялық)  

дене жаттығулар түріне жатады. Олар жүгіру, секіру, бір орында тұрып және секіріп 

барып доп лақтыру, соққылар, түрлі күш түсіретін элементтер кіретін және әртүрлі 

қозғалыстармен сипатталады. 

Мұндай  қозғалыстардың  құрылымы,  бағыты  мен  күші  алдын  ала 

жоспарланбайды, әрбір жеке жағдайға байланысты қас-қағым сәтте туындайды. 

Қозғалыс құрылымы мен олардың екпіні ойын барысында өзгеріп тұрады. Барлық 

қозғалыстар  ойыншылардың  өзара  қарым-қатынасы  мен  таласы  арқылы 

орындалады. 

Спорттық ойындар – спорттық құрал-жабдық, снарядпен (доп, шайба және 

т.б.)  нысанаға  дәл  тигізуді  қаматамасыз  ететін,  арнайы  техникалық  және 

тактикалық тәсілдерді қолданатын сайыс түрлері. Спорттық ойындар – бұл сайыс 

қорытындысы бойынша нәтижеге жетуге бағытталған дене жаттығулар, ол кезде 

жеке спортшылар немесе команда бекітілген ереже бойынша әрекет етеді. 

Спортшының спорттық ойындарға қатысуы, әлі белгісіз және пайда болуы 

екіталай жағдайларды алдын ала болжап, дайын болуды талап етеді. Нәтижелердің 

қандай болатынын, қолдағы бар мәліметтерді экстраполяциялау арқылы есептеп 

шығаруға  болады.  Экстраполяция  –  өмірде  кездесетін  әртүрлі  жағдайларға 

байланысты қолданылатын тәсіл және қозғалу актісінің басым көпшілігі сол тәсілді 

пайдалану  арқылы  іске  асырылады.  Қарсыласының  (немесе  өз  командасы 

мүшесінің) денесіне, сермеу күшіне, доптың жылдамдығы мен тұрған орнына қарап 

және  басқа  да  факторларды  талдай  отырып,  спортшы  допты  дәл  қабылдап, 

нәтижеге жету үшін, оның қай жерге келіп түсетінін алдын ала болжай білуге тиіс. 

Ондай  нәтижені  талдағыштар  (сенсорлық)  аппараттың  тиімді  жұмысы  ғана 

қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар бұлшық еттердің кернеу мен тұлға 

бөліктерінің  орналасу  жерлері  туралы  ақпараттарды  беруші,  жүйке  жүйесінің 

проприорецепторларынан (бұлшық етте, буында, сіңір байламдарда орналасқан 

сезімтал нерв ұштары) алынатын белгілер де қамтамасыз етеді.Осының барлығына 

орталық  жүйке  жүйесінің,  талдағыштар  жүйесінің  қарқыныды  жұмысының 

арқасында қол жеткізіледі, ал спорттық ойын түрлерінің жаттығулары ептілік, 

дәлдік сияқты және басқа да қасиеттерді дамытуға себепші болады. Сонымен бірге 

шапшаңдықты-күшті аралас түрдегі қозғалыспен сипатталатын спорттық ойындар, 

жылдамдық пен күштілік сияқты сапаларды дамытуға ықпал етеді. 

Спорттық ойындарда ағзаның күйіне, оның негізгі жүйелерінің жұмысына, 

жүгіру бөлігінің  тигізетін  ықпалы  зор. Жүгіру  жүктемесінің  екпіні,  ұзақтығы, 

ойынның түрлеріне, алаңның көлеміне,  ойын қарқындылығына және  ойынды 

айқындайтын  басқа  да  факторларға  тәуелді.  Жүгірудің  белсенді  қозғалыстың 

айналымдық (циклдік) түріне жататыны белгілі. Бірақ ойын барысында мұндай 

айналымдық  қозғалыстың  қуаты  бірқалыптылықтан,  үлкен,  жоғарғы  қуатты 

(субмаксималды),  аса  қуатты  (максималды)  жұмысқа  дейін  өзгеруі  мүмкін. 

Ойынның кей  кездерінде жұмыс қуаты ең төменгі деңгейге дейін азайып, яғни 

ойынға  қатысушының  ағзасын  қалпына  келтіру  құбылыстардың  іске  қосу 

мүмкіндігі туады. Тәжірибелі, кәсіби шебер спортшы, ағзаны қалпына келтіру 

38 



мүмкіндіктерін ұзарта отырып, сол арқылы өзіне түсетін жүктемені реттейді, соның 

арқасында ойын құбылысына тиімдірек қатысу мүмкіндігін туғызады. 

Үдеуге  қатысты  әрекеттерге  көшу  үшін,  қуатпен  қамтамасыз  етудің 

анаэробтық үлгісінің талап етілуі табиғи нәрсе, сонымен қатар, күту кезеңі немесе 

әрекет  етудің  баяулатылуына  қатысты,  қуатпен  қамтамасыз  ету  аэробтық 

механизмдер  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Осыған  байланысты,  спорттық 

ойынармен айналысатын спортшы үшін, ағзаның аэробтық та, анаэробтық  та 

мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып табылады. 

Футбол  мен  допты  хоккейде  (доппен  қозғалу  және  шапшаңдықты  үдету 

кезінде) және шайбалы хоккейде жұмыс негізінен анаэробтық тәртіпте атқарылады. 

Аса қуатты (максималды) деңгейлі жүктемемен жұмыс істеу ұзаққа  созылып, 

шаршата бастайтындықтан, спорттың кей түрлерінде ойыншыларды алмастыруға 

рұсат етіледі (хоккей, баскетбол), ал ойынға қатысу уақыты 2-5 минуттық кезеңмен 

шектеледі.  Сонымен  бірге  теннисте,  ойыншылардың  күшін  қалпына  келтіру 

мүмкіндіктері бар болғандықтан, ойын бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. 

Спорттық  ойындардың  көптеген  түрлері,  техникалық  тәсілдердің 

әртүрлілігімен және көпшілік жағдайда, әсіресе доппен бірге жылдам қозғалып, 

секіру, жүгіру кезінде техникалық тәсілдерді орындау, сонымен қатар оған қол 

жеткізу үшін үздіксіз күресу, координацияның өте күрделілігімен сипатталады 

(баскетбол, қол добы, футбол және т.б.). Кәсіби біліктілігі жоғары ойыншылар 

көпжылдық  жаттығулар  жасау  мен  жарысу  процесінде  ойын  барысындағы 

әрекеттерін автоматты түрде орындау деңгейіне дейін көтереді. Спортшы тиісті 

техникалық тәсілді дұрыс орындап қана қоймай, оны жылдам орындауға тиісті. 

Жаттығу және жарыс процесінде спортшылардың қозғалыс стереотипі пайда 

болып,  қозғалысты  атқаратын  жүйке  процестерінің  жылдамдығы  мен  күші, 

жүйкенің тұтастай қозғыштығы мен лабильдігі (құбылмалылық) арта түседі. 

Қалыптасқан қозғалу дағдысы белгілі уақытша байланыстарымен қамтамасыз 

етіледі әрі қозғалу компоненттерінің басым көпшілігі санасыз, автоматты түрде 

орындалады.  Аталған  тәртіпте  (автоматты  түрде)  орындалатын  дене 

жаттығулардың компоненттер саны неғұрлым көп болса, соғұрлым спортшының 

дайындық деңгейі биік және оның жаттығуларды орындаудағы негізгі мақсаттарын 

талдау мүмкіндігі де жоғары болады. 

Алғашқы құбылыстардың қозғалысын жетілдіру, дұрыс жауап беруді талап 

ететін күрделі реакциялардың латенттік (жасырын) уақытын қысқартуға әкеледі. 

Реакциялардың латенттік уақытын азайту, жаттығулар арқылы қамтамасыз етілетін 

жауап таңдаудың уақытын едәуір деңгейде азайтумен байланысты. 

Спорттық  ойын  кезінде  ойыншыға  көптеген  факторлар  әсер  етеді  және 

неғұрлым алаңдағы болып жатқан жағдайлар толық, нақты, тура қабылданса, ол 

қоздырғыштарға неғұрлым жауап реакциясы тез жасалатын болса, соғұрлым ойын 

оң нәтижелі болады. 

Алаңдағы жалпыға бірдей жағдайда, ойыншының тезірек шешім қабылдау 

қабілеті оның сезім мүшелерінің қызметіне байланысты болады. Жаттығу (және 

жарысу) процесінде талдағыштардың жетіле түсуі қамтамасыз етіледі. Спорттық 

ойындарда  көру,  қозғалу  және  есту  талдағыштардың  маңызы  өте  зор.  Көру 

қабілеттілігі,  негізінен,  ойыншының  алаңдағы  жүріс-тұрысы  мен  әрекет  етуін 

анықтайды. Алаңда бағдарлау дұрыс жүргізу үшін көздегі көру алаңының орны 

ерекше.  Көздің  анатомиялық  құрылысы  ерекшеліктеріне  және  қызметіне 

39 



байланысты, көруді жаттықтыру мүмкін емес екендігін атап өткен жөн. Сондықтан 

көру қабілеті төмен ойыншы жоғары спорттық жетістіктерге жете алмайды. 

Көру алаңын ұлғайтуға жаттығу арқылы қол жеткізу мүмкін емес, бірақ жүйке 

жүйесіне  жүктемелер  түскен  кезде  оның  аздап  артуы  мүмкін.  Мысалы, 

баскетболшылар ойынға кіріскеннен кейін, оның көру алаңы бастапқы деңгеймен 

салыстырғанда 15-20 %-ға дейін өседі. Ойын барысында кеңістікті көру (тереңдете) 

қабілетінің маңызы зор. Бұл қасиет, әсіресе теннисшілер үшін аса қажет, доптың 

нысанға дәл бағытталуы осыған тікелей байланысты. Кеңістікті бағдарлай білу 

үшін көптеген рецепторлар  қатысады, бірақ  басты рөлді  көру және  қозғалыс 

талдағыштары  атқарады.  Сонымен  қатар  спорттық  ойындарында,  ойлау  мен 

қозғалыс  реакциясының  шапшаңдығы,  оларды  басқара  білу  қабілеттілігі  аса 

маңызды болып табылады. 

Спорттық ойындарда қуат шығыны алаңның көлеміне, ойынның қарқыны мен 

ырғағына,  жекпе-жек  тартысқа,  спортшылардың  шеберлігі  мен  олардың 

машықтану  деңгейіне  байланысты  болады.  Мысалы,  волейболшылардың, 

баскетболшылардың қуат шығыны ерлерде  4200-4500 ккал, әйелдерде – 3600-3800 

ккал.  Баскетболшы  әйелдердің  ОМС  (оттегін  максималды  сіңіруі)  деңгейі    - 

минутына 44 милилитр келі. Ал баскетболшы ер адамдардікі тиісінше – минутына 

53 милилитр келі және 57 милилитр келі. Ойын кезінде тыныс жиілігі 20-30-дан 60 

экс/минутқа дейін жетуі мүмкін. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы ерлерде 3500-ден 

5000 

милилитр, ал әйелдерде – 3000-4500 милилитр болғаны анықталған. Жүрек 



соғу жиілігі (ЖСЖ) тыныштық күйінде 45-тен 55 минут екені тіркелді. Шайбалы 

хоккей  ойыны  кезінде  ЖСЖ  минутына  160-200  және  одан  да  жоғары  болу 

анықталды. Баскетболда, футболда, қол добында (гандбол) ЖСЖ – минутына 140-

180 және одан да жоғары болуы мүмкін. 

Басқа спорт түрлерімен айналысатын спортшылар сияқты, ойыннан кейін 

спортшының ағзасында сүт қышқылының (лактат) деңгейі едәуір көбейіп, 8-ден 14 

ммоль/литрге  дейін  жетуі  мүмкін,  бұл  қуат  шығынының  қарқынды  екендігін 

көрсетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет