Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Жас мөлшеріне қарай дене шынықтырумен айналысудың ерекшеліктері. 

Адамның  жас  мөлшеріне  байланысты  дене-күш  жаттығулардың  сипаты  мен 

рұқсат етілетін жүктемелер мөлшері әртүрлі болуға тиіс. 

Адам ағзасының жеке даму ерекшелігі оның ата-анасынан қабылдап алған 

генетикалық  бағдарламасына  тәуелді.  Алайда  ол  бағдарламаның  ерекшелігіне 

қарай іске асырылады. 

Өмірдің алғашқы жылдарында кейінгі жылдармен салыстырғанда қоршаған 

ортаның  әсері  ықпалды.  Дами  бастаған  ағзаның  мүшелері  мен  жүйелерінің 

қалыптасуы  бір  мезгілде  емес  (гетерохонды)  түрде  жүреді:  біреулері  ерте, 

біреулері кешірек дамиды. Мысалы, ми мен жұлын құрылымдық тұрғыдан сәби 

кезде қарқынды  дамып,  ал  10-12  жаста  даму  шегіне  жетіп,  әрі  қарай  дамуын 

тоқтатады.  Керісінше,  жыныс  мүшелерінің  қалыптасуы  11-12  жасқа  дейін 

баяулау жүреді, ал 12-14 жаста жедел дамып кетеді. 

Адамның жеке дамуы кезінде, өзара байланысты екі құбылыс үздіксіз жүріп 

тұрады:  ассимиляция  (сіңіру,  құрау)  және  диссимиляция  (бұзылу,  ыдырау). 

Дамудың әр сатысында бұл екі процестің арақатынасы өзгеріп отырады. Ағзаның 

өсу  және  қалыптасу  кезеңінде  ассимиляция  құбылысы  белең  алады. 

35 



Ақуыздардың  синтезделуінің  қарқынды  жүретіні  байқалады,  ол  ересек 

адамдарға қарағанда салыстырмалы түрде қуатының көбірек жұмсалуы арқылы 

жүреді. 

Дене-күш жаттығулары мен қозғалыстың адам дамуына тигізетін әсері зор. 

Қозғалыстың  аздығы,  қозғалу  белсенділігін  шектеу,  ағзаның  тұтастай 

қалыптасуына  және  оның  әртүрлі  жүйелерінің  қызметтеріне  теріс  ықпалын 

тигізеді. 

Қозғалыс  зат    және  қуат  алмасуын  ынталандырып,  ағза  жүйелері  мен 

олардың барлық қызметтерін жетілдіріп, жұмысқа қабілеттілігін арттыра түседі. 

Белсенді  қозғалыс  қоршаған  ортадан  талдағыштар  (сенсорлық)  жүйелер 

арқылы  келіп  түсетін  ақпараттарды  игеруге,  өңдеуге  себепші  болады.  Бұл 

ақпараттар  адамның  дене-күш  жұмыстарына  қабілеттілігін  арттырумен  қоса, 

оның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін де аса маңызды болып табылады. 

Педагогика  және  медицина  саласында  жасына  қарай  жіктеу  деген  ұғым 

пайдаланылады.  Осыған  орай,  мектеп  жасына  дейінгі  және  мектеп 

жасындағыларды былай бөліп қарастырады: 

Нәрестелер – 1 жасқа дейін; 

Ерте балалық щақ – 1 жастан 3 жасқа дейін; 

Мектеп жасына дейінгілер – 3 жастан 6-7 жасқа дейін; 

Төменгі мектеп жасындағылар – 6-7 жастан 12 жасқа дейін (қыз балалар 11 

жасқа дейін); 

Орта мектеп жасындағылар (жеткіншектер) – 12-15 жас; 

Жоғары  мектеп  жасындағылар  немесе  жасөспірімдер  –  16-18  жас 

(И.А.Аршавский бойынша). 

Одан әрі қарай (В.В.Дубель және П.В.Дубель бойынша, 1988) бозбала (18-

21 жас) және жастар (21-30 жас) деп бөлінеді. 

Ағзаның  дамуы  мен  қалыптасуы,  оның  қоршаған  ортамен  өзара  тиімді 

әрекет  етуі,  көп  жағдайда  жүйке  жүйесінің,  әсіресе  мидың  үлкен  жартышар 

қыртысының дамуымен тікелей байланыста болады. 

Адамның  түрлі  жас  кезеңі  өсу,  даму  және  жетілу  сияқты  ұғымдармен 

сипатталады. Өсу – дене мен мүшелердің толығуы, даму – өсу процесі кезінде 

орын алатын қызметтік өзгерістердің көрінісі. Жетілу – ересек адамға қойылатын 

табиғи талаптарға сәйкес ағза мүшелерінің қызметтерінің толық деңгейде дамуы. 

Дамудың  әр  сатысында  өздерінің  морфо-физиологиялық  сипаттары 

бойынша,  балалар  мен  жасөспірімдер  ересектермен  салыстырғанда  түбегейлі 

түрде өзгеше болады. Мүшелердің,бұлшық еттердің, сүйектердің толығуы және 

дамуы,  олардың  физиологиялық  ерекшеліктері  мен  денені  жетілдірудегі 

қабілеттерін анықтайды. Баланың өсіп, дамуы барысында оның түгелдей дерлік 

қызметтік  (функционалдық)  мүмкіндіктері,  оның  ішінде  қозғалу  қабілеттілігі, 

күші, аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктері арта түседі. 

Баланың бойы бірқалыпты деңгейде өспейді. Қарқынды өсуі алғашқы екі 

жылда  байқалады.  Екі  жасар  баланың  бойының  ұзындығы  ересек  адамның 

бойының  50  %-ына  дейін  жетуі  мүмкін.  Одан  әрі  өсуі  қарқыны  тежеледі. 

Жыныстық жетілу басталған кезде, дененің  салмағы және оның өсу  қарқыны 

күрт жылдамдай түседі де, одан кейін бойдың өсу процесінің екпіні біртіндеп 

36 



төмендейді, ал шекті мөлшеріне толық жеткенде тоқтайды (қыздарда 16, ұлдарда 

18 жаста). Бойдың өсуі сүйектің өсуіне тәуелді, ал сүйектердің өсуі олардың өсу 

аймағы деп аталатын шеміршек ұлпаларының сүйекке айналып, шеміршектердің 

жойылуына байланысты тоқтайды.  

Дұрыс тиімді тамақтанып, сүйекке дұрыс жүктемелер түсіре білу олардың 

қалыпты дамуының басты шарттары болып саналады. Сүйектің жалпақтығына, 

тығыздығына және беріктігіне дене жүктемелері  әсер етеді де. Ал оның  ұзын 

болып қалыптасуына еш әсерін тигізбейді деуге болады. Бойдың өсуімен қатар 

бұлшық  еттердің  толысуы  бір  уақытта  жүреді.  Ұл  балаларда  қаңқа  бұлшық 

еттерінің қалыптасуы, жыныстық жетілу кезінде күрт өсумен сипатталады. Қыз 

балаларда ондай күрт өсу құбылысы байқалмайды. 

Бұлшық ет массасының толығуы ұл балаларда 18-25 жасқа дейін, ал қыз 

балаларда 16-20 жасқа дейін созылады, бірақ тиісті тамақтану тәртібін қолданып, 

бұлшық  еттерді  қарқынды  өсіру  жаттығуларымен  айналысқан  кезде,  оларды 

одан әрі өсіре түсуге болады. 

Дене  жетілу  шегіне  жеткен  кезде  ағза  құрамындағы  майдың  мөлшері  ер 

адамдарда 15 % -ға, ал әйелдер ағзасының құрамында шамамен 25 %-ға жетеді. 

Жас өскен сайын  қозғалу қабілеттілігі де  жоғарылап, 18 жаста  шарықтау 

шегіне барады. Жыныстық жетілу кезінде қозғалыс қабілеттілігінің тежелуі қыз 

балаларға тән қасиет екен. 

Балалардың, жасөспірімдердің және ересек адамдардың дене жаттығуларды 

орындау  мүкіндіктері,  дене  жүктемелерін  жасаудағы  қабілеттіліктері  әртүрлі 

екендігін көрсетеді, олай болса, балармен, жасөспірімдермен жаттығу жүргізу 

кезінде олардың даму деңгейін және ағза мүмкіншіліктерін ескеру қажеттілігін 

ұмытпаған дұрыс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет