Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Баскетбол.  Орталық  жүйке  жүйесі.  Баскетболшылардың  дәрежесін 

жоғарылату үшін қозғалысты басқаруды  жетілдіру қажет, нәтижесінде  қимыл 

қызметінің үйлестігі жақсарады. Мұны кейбір ойын тәсілдерін орындау кезінде 

бұлшық еттің электрлік белсенділігі сипатының өзгеруі бойынша байқауға болады. 

Мысалы, спорт шебері баскетболшыларға допты бергенде және шығыршыққа 

салғанда  иық  белдеуі  және  қол  бұлшық  еттерінің  жиілігі  мен  амплитудасы 

бойынша үлкен емес элекртлік потенциялдары тікелей қимылды орындау кезінде 

пайда  болады,  яғни  олар  уақытпен  жинақталады.  Тек  күрделі  жағдайларда 

(мысалы,  қорғаушы  ролін  орындайтын  үшінші  ойын  болған  кезде)  спорт 

шеберлерінде  бұлшық  еттің  электрлік  белсенділігі  допты  алғанға  дейін  пайда 

болады.  Төменгі  дәрежелі  баскетболшыларда  бұлшық  еттің  элекртлік 

потенциялдары  уақытпен  концентрацияланбаған.  Олар  допты  алғанға  дейін 

кішкене уақыт қалғанда және серігінің алдау қимылдары кезінде пайда болады. 

Соңғысы қажетті жіктеудің жоқтығымен түсіндіріледі. 

Анализаторлар. Баскетбол көптеген анализаторларға жоғары талап қояды. 

Жоғары  дәрежелі  баскетболшыларда  кәдімгі  жағдайда  көру  аймағы  дұрыс 

мөлшерде болады. Ол ойын алаңына шыққан кезде және , әсіресі, бой жазудан кейін 

бастапқы мөлшермен салыстырғанда 15-20 %-ға жоғарылайды. Бұл көру орталығы 

40 



және көздің торлы қабығының перифериялық элементтерінің қозғыштығының 

өсуіне байланысты болады. 

Ойын  кезінде  кеңістікті  көру  үлкен  роль  атқарады.  Баскетболшыларда 

кеңістіктік  қабылдау басқа мамандықтағы спортшылармен салыстырғанда жақсы. 

Баскетболшылардың жүйелі машықтануы көз-қимыл аппаратын жетілдіреді. 

Егер спорттық ойындармен шұғылданбайтындарда көз бұлшық етінің бірегей тепе-

тең дамуы (ортофория) 40% жағдайда кездессе, баскетболшыларда 80%  және одан 

жоғары. Ортофорияның болуы көзге күш түскенде, көздің шаршауын төмендетеді, 

ал ол баскетбол ойыны кезінде өте үлкен роль атқарады. 

Жоғары дәрежелі баскетболшыларда орындалатын қозғалыстардың бағыты, 

амплитудасы, күші туралы ақпаратты қамтамасыз ететін қимыл анализаторы жақсы 

дамыған. Бұл анализатордың қызметтік жағдайы алдымен көзбен бақылау кезінде 

орындалатын қимылдар дәлдігі бойынша бағаланады. Мысалы, спортшы арнайы 

градуирленген штативке бекітілген допты белгілі бір градусқа бұруға тапсырма 

алады. Алдымен доп қимылы көзбен бақыланады, сосын көзді жұмып орындайды. 

Қимыл амплитудасында неғұрлым қателік аз болса, соғұрлым шынтақ-білезік 

буыны аймағындағы қимыл анализаторының сезімталдығы жоғары болады. Ол 

жоғары дәрежелі баскетболшыларда әлдеқайда жоғары болады. 

Тыныс алу. Баскетбол ойыны кезінде тыныс алу жиілігі 1 минутта 50-58 рет 

және одан  жоғары. Тыныс  алу  жиілігі жүрек  соғу жиілігіне  қарағанда  қимыл 

қарқыны  өзгерген  кезде  тезірек  жиілейді.  Бұл  тыныс  алу  жиілігін  реттейтін  

механизмдердің жоғары жылжымалы екендігін көрсетеді. 

Өкпенің желдетілуі және оттегі тұтыну баскетбол ойыны кезінде ойындардың 

қарқынына және басқа жағдайларға байланысты әр түрлі болып өзгереді. 

Баскетболшылардың жүйелі түрде жаттығуы организмнің анаэробты, аэробты 

мүмкіндіктерін  жоғарылатады.  Баскетболшыларды  бақылау  3  айлық  жаттығу 

кезінде оттегі тұтыну шегі орта есеппен минутына 4,3 литрден 4,72 литрге дейін 

өсті,  яғни  20%  (В.А.Данилов).  Баскетболшыларда  жоғары  оттегі  қарызының 

салыстырмалы аз мөлшері жұмыстың ауыспалы қуаттылығымен байланысты және 

ол  тікелей  ойын  процесі  кезінде  жартылай  оттегі  қарызын  жоюға  мүмкіндік 

жасайды. 

Қан айналымы. Ойын қарқынына, ойыншының белсенділігіне және басқа 

жағдайларға байланысты жүрек соғу жиілігі минутына 200 рет және одан жоғары 

мөлшерге жетеді. Бұл көрсеткіш ойын процесі кезінде орташа минутына 170-180 

деңгейінде сақталады. Қимыл қарқынының қысқа мерзімді төмендеуі және тіпті 

тоқтауы (5-10 секунд) жүрек соғу жиілігінің сиреуіне әсер етпейді. Тек ұзақтығы 

20-

60  секунд  үзілістер  кезінде  ғана  жүрек  ырғағы  минутына  100-140  ретке 



төмендейді (Н.Б.Кичайкина). Жұмыс қуаттылығы өскенде, жүрек соғу жиілігі тез 

өседі, ал жұмыс қуаттылығы төмендегенде немесе демалу аралығында оның сиреуі 

баяу  болады.  Жүрек  ырғағы  өзгеруінің  жұмыс  қуаттылығы  өзгеруімен 

салыстырғанда  кешеуілдеуі  жүрек  қызметінің  осы  көрсеткішін  реттейтін 

механизмдерінің кейбір инерттілігін көрсетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет