Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Үстел теннисі (пинг-понг), спорт ойыны целлулоидтан жасалған кішкентай 

доппен (салмағы – 2,40-2,53 грамм, көлемі 11,4-12,0 см), үстіңгі беткейі биіктігі 

15,25 см  тормен тең бөлінген үстел үстінде жүргізіледі.Үстелдің ойнайтын беткейі 

тақтайының  ұзындығы  2,74  және  жалпақтығы  1,525  метр  тік  бұрыш  түрінде 

болады. Оның еденнен биіктігі 0,76 метр. Үстелдің бет жағы қою жасыл түсті 

53 



бояумен сырланып (оның үстіңгі жағы жылтыр болмауы қажет) шет жақтары 15 мм 

ақ  түсті  бояумен  айналдыра  қоршалған  сызық  түстес  болады.  Үстелдің  бет 

жағының орта тұсынан жалпақтығы 3 мм ақ сызық жүргізіледі. Ойынның мақсаты 

– 

ракетканың көмегімен допты тордан асыра үстелдің бетіне  бір рет соғылған соң 



кейін қайтару. Ойын жеке қарсыластар немесе жұптасқан ойыншылардың (2-2) 

қатысуымен өткізіледі. Ойын допты ракеткамен соғумен жалғасады. Ойынның 

мақсаты допты түрлі амал-әдістермен соққанда қарсыласының сол допты қайыра 

алмауына  деген  ұмтылу.  Үстел  теннисі  бұлшық  еттердің  жетілуіне  мүмкіндік 

жасап, қан айналымын жақсартады, жүректі шынықтырып, тыныс алуын кеңейтіп, 

ептілігін,  жылдамдығын,  тапқырлығын,  ұстамдылық  қасиеттерін  дамытып 

жетілдіру.  Үстел  теннисінің  басқа  спорт  түрлерімен  салыстырғандағы  үлкен 

айырмашылығы – оның қарапайымдылығы. Ойын ережесі өте қарапайым, құрал-

жабдықтары арзан. Ойын үстелін жасап алуына әркімнің өз мүмкіндігі бар; үстел 

теннисін ашық алаңды жерлерге немесе жабық шағын бөлмелерге қойып ойнауға 

болады. Ракеткамен допты соғу – үстел теннисінің негізгі техникалық әдісі. Допты 

соғудың жылдамдығы мен екпіні ракетканы ұстаудың айла-тәсілін қолдана білуіне 

қатысты. Ракетка бір кесек ағаштан немесе шереден – жұқа тақтайдан жасалынады, 

көлемі, формасы мен салмағы әртүрлі болады, бет жағы жылтыр болмауы керек. 

Үстел теннисі ойынына үйрету әдетте топты жүйеде өткізіледі: ең бірінші кезекте 

допты  ұрудың  қозғалыс  қимылдарын  допсыз  үйреніп,  кейін  жаттықтыру 

қабырғасына ұруды, ең соңында үстелде жаттығып үйренеді. Үйренуді шабуылдың 

әдіс-тәсілдерін  игеруден  бастаған  дұрыс,  Бірінші  кезекте  қорғаныс  әдістерін 

үйренерден бұрын, сол қапталдан шабуылдан бастау керек. Жаттығудың әдіс-

тәсілдік  жобасының  көмегімен  бірінші  кезекте  допты  қабылдаудың  тәсіл 

комбинациясын жетілдіруге көңіл аудару қажет. Осындай жаттығуларда допты 

ұрудың қарапайым  түрлері  қолданылады: ертерек  белгіленген  бағытпен  және 

допты айналдырып соғу. Осы әдіс ХХ ғасырдың 50 жылдарының соңында кеңінен 

қолданылды.  Үстел  теннисі  шетелдерде,  әсіресе  Германия,  Жапония,  КНР, 

Ұлыбритания,  Румыния,  Венгрияда  кеңінен  дамыған  1927  жылдан  Әлем 

чемпионаты өткізілуде. 

Қазақстандағы үстел теннисі 1950-54 жылдардан бастау алды. Ә.Серікбаева – 

«С» КСРО чемпионы, ҚазКСР-нің 15  дүркін чемпионы. М.Аксянов –  КСРО 

чемпионатының  қола  жүлдегері  (1964).  Ф.Хасанова  қыздар  арасында  Еуропа 

чемпионы (1982-85). КСРО Халықтары VІІІ спартакиадасының қола жүлдегері 

(1983), КСРО Халықтары V спартакиадасының чемпионы (1986) Д.Переверзев – 2 

мәртебе,  А.Оспанова  –  КСРО-ның  командалық  біріншілігінің  қола  жүлдегері 

(1969). 

Теннис  үстелі.  Арнаулы  қақпақпен  үстелді  жайғастыратын  жабдықтан 

құралады.  Ойынға  арналған  төртбұрышты  қақпақтың  ұзындығы  274  см, 

жалпақтығы -152,5 см көлемінде болып, биіктігі еденнен 76 см арнаулы тіректердің 

үстіне қойылады. 30  см биіктіктен берілетін  доп үстел бетінен  кейін 20-23  см 

биіктікке  серпіле  көтерілуі  керек.  Үстел  теннисінің  жайма  қақпағы  мұқият 

дайындалады. Арнаулы  түрде  келтірілген  онша жалпақ  емес  (80  мм-ге  дейін) 

тақтайлардан, авиациялық жұқа фанерден (қалыңдығы 10-20 мм) немесе беті тегіс 

болып келген басқа да материалдардан жасалады. Қою жасыл түсті бояулармен 

54 



сырланады,  беткей  жағы  жылтыр  болмауы  керек.  Үстелдің  бет  жағының 

жалпақтығы  15  мм,  ақ  түсті  бояумен  көмкеріледі.  Үстелдің  тіректері  әртүрлі 

жобалардағы  үлгідегідей  болады,  қақпақтары  екі  бөлшекті  болып  келеді, 

тіректерінің жинамалы болғаны өте ыңғайлы.  

Теннис ракеткасы ойынның  спорт құралы болып  есептелінеді. Бас  жағы 

сопақша түрде болып, мойын және қолмен ұстайтын жақтары сегіз қырлы келеді. 

Ракетка ағаштан жасалынады, өйткені ол өте иілгіш, құрсауы 5 немесе 7 қабатты 

болып  желімделгендері  құрсауының  қырынан  жақсы  көрінеді.  Теннис 

ракеткасының салмағы әртүрлі. Ер адамдар салмағы 131 (2-ден 141) 2 унций (бір 

унций салмағы – 28,35 гр тепе-тең болады), әйелдердікі – 13-тен 131\ 2 унций; 

жасөспірім балалар мен қыздар үшін – 12-ден 13 унцийге; кішкентай балалар үшін 

8-

ден 12 унцийге дейін. Ракетканың салмағы қолмен ұстайтын сабында унций әлде 



грамм мөлшерінде көрсетіліп жазылады. Оның балансы әртүрлі болады. Бас жағы 

салмақты немесе қолға ұстайтын сабына қарай салмақты немесе тең салмақты 

болады,  бұл  көбінесе  ауырлық  салмағы  ракетканың  орталығына  түскенінде. 

Теннисші  ракетканы  өзінің  ойын  әдісіне  қарай  таңдап  алады.  Артқы    жақта 

ойнаушылардың басым көпшілігі сабы салмақты теннис ракеткасын таңдайды, 

өйткені  допты  соққанда  оған  аса  жылдамдық  береді.  Үстелге    жақын  тұста 

ойнаушылар көбінесе сабы салмақты ракетканы пайдаланады. Теннис ойынын 

жаңадан үйренушілерге арналған ракетканың бас жағы жеңілірек болады. 



Футбол командалық спорт ойыны. Футболдың тарихы сандаған ғасырларға 

созылады. Қазіргі футболға ұқсас ойындарды көне шығыс елдерінде Мысыр мен 

Шында (Қытай) ойнапты, мұндай ойынның түрлері көне француздарда «Ла суль», 

латындарда  «кольчно»  деп  аталған.  Рим  империясындағы  «гарастум»  тура 

футболдың бастапқы қалпына ұқсайды. Мұнда легионерлер допты екі бағананың 

арасынан алып өтуге тиісті болған. Бірақ Рим империясы құлағаннан кейін бұл 

ойын да  V  ғасырда  бірте-бірте  ұмытыла  бастады.  Бірақ  «галастум»  империя 

халықтарының әсіресе итальяндардың жадында ұзақ сақталды. Замандастары өте 

ұстамды, салқынқанды  деп  есептелген  Леонард да  Винчидің  өзі  осы  ойынға 

жанкүйер болғанда қызуқандыланып кетеді екен. Оның өмірбаян деректерінде 

өзінің  флорнециялық  құрдастарымен  «аяқ  допты»  құмартып  ойнайтындығы 

жазылған.    ХVІІ  ғасырда  жазылған  ағылшын  королі  Карл  І-дің  жақтастары 

Италияға қашып  келгенде  осы ойынды  үйреніп  Карл ІІ-нің  тұсында  елдеріне 

қайтқанда оны Англияға ала барған. Өте келе 1863 жылы Англияда бірінші рет 

футбол қауымдастығы құрылды. 1872 жылы футболдан алғашқы халықаралық 

кездесу өтіп Англия мен Шотландия командаларының арасындағы кездесу 0:0 

есебімен аяқталды. Келесі жылы футбол турнирі Англия, Шотландия, Ирландия; 

Уэльс қалаларының арасында өтті. ХІХ ғасырдың аяғында футбол ойнау Еуропа 

және  Латын  Америкасы  елдеріне  жайылды.  1904  жылы  Бельгия,  Дания, 

Нидерланды  және  Швецария  өкілдерінің  ұсынысымен  халықаралық  футбол 

қауымдастығы ФИФА құрылды. Арада жарты ғасыр өткен соң 1954 жылы Еуропа 

футбол қауымдастығы УЕФА ұйымдастырылды. Ал 1930 жылдан бастап әрбір 4 

жылда бір рет футболдан Әлем чемпионаты, 1958 жылдан Еуропа чемпионаты өтіп, 

УЕФА-ның басшылығымен 1956 жылдан  еуропа чемпиондарының кубогі, 1961 

жылдан Кубок иелерінің кубогі, 1958 жылдан бастап УЕФА кубогі өтіп келеді. 

55 



Футболдан 1900 жылдан бастап Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. 

Мұнда көбінесе Еуропа мемлекеттерінің командалары жеңіске жетіп отырды. Тек 

1904  жылы  Канаданың,  1924-28  жылы  Уругвайдың,  1956  жылы  КСРО-ның 

командалары жеңіске жетті. Халықаралық стандарт бойынша футбол ұзындығы 

100-

110 метр, ені 64-75 метр төртбұрыш алаңда ойналды. Жасыл алаң әртүрлі 



сызықтармен белгіленеді. Маңдай сызықтың дәл ортасында орналасқан қақпаның 

екі шеткі бағанасының арасы 7 м 32 см, жоғарыдағы бағананың жерден  биіктігі 2 

м 44 см. Қақпаның сыртын тор жауып тұрады. Ойын диаметрі 68-71 см, салмағы 

396-


453 гр келетін доппен ойналады.  

Ұзақтығы әрқайсысы 45 минутқа созылатын 2 таймнан тұратын ойын 90 

минутқа созылады. Бірінші таймнан кейін 15 минуттық үзіліс бар. Балалар мен 

жасөспірімдерге арналған ойын уақыты аз, үзіліс 10 минут. Ойынның мақсаты – 

қарсыластарының қақпасына неғұрлым көп доп соғу. Ойыншыларға допты қолиан 

тоқтатуға, ұруға рұқсат етілмейді. Мұндай мүмкіндік тек қақпашыда ғана бар. 

Футбол ойыны әдістерге бай. Жақсы ойыншы үшін футболшы шапшаң, шыдамды, 

жан-жақты дайындығы мол, күшті болуы тиіс. Жеке ойыншылардың әдістерді өте 

жақсы меңгеруіне қоса командалық тәсілде ойында шешуші мінде атқарады. Оның 

сан қырлылығы ойыншылардың өзара байланысы, бір-бірлерін түсінуі, стильдік 

ерекшеліктері осы қызықты ойындағы табыстың кепілі болып табылады. 

Қазақстанға

 

футбол 


1909

-

1910



 

жылдары келді. Әуелі 

Орал



Атырау



Ақтөбе


Павлодар


Семей


Петропавл

 

қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-



бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 

жылдан  басталған. 

Семейде

 

М.



Сайдашев

,  А.


Кәрімов

,  Ю.


Нығматулин

,  т.б. 


жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын «

Жарыс


» 

командасын құрып, 

көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол 

команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым 

Мұхтар Әуезов

 

жартылай 



қорғаушы болып ойнаған. 

1914


 

жылы семейліктер алғаш рет 

Томск

 

қаласының 



политехникалық  институты  студенттерімен  жолдастық  кездесу  өткізді.  Бұл 

Қазақстан

 

футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-



жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық 

деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды.  

Шапшаңдыққа қоса футболшыға жылдамдық та қажет. Екі таймды 90 минут 

толық ойнаған кезде футболшы 17-20 км жүгіреді екен. Шыдамдылықты арнайы 

дамытпай мұндай жүктемені кез-келген спортшы көтере алмайды. Шаңғы тебу, 

жүгіру, конькимен сырғанау шыдамдылықты жақсы дамытады.  

Футболшы тепе-теңдік қалпын жақсы ұстап алаңда  орнықты қимылдауы 

керек. Мұндай қалыпты жақсы ұстай білген адам алаңда жиі құламайды. Осындай 

қасиетті де әр түрлі жаттығуларды орындау акробатика, гимнастика, батуттан 

секіру, фристайл сияқты спорт түрлерімен айналысу арқылы дамытуға болады. 

Алаңдағы футбол добын меңгеруі оны өзі қалаған жағына теуіп жібере алуы 

футболшының әдістік дайындығы деп аталады. Әрине футболшының тез жүгіре 

білуі, әріптесімен түсінсуі, ұйымдастырушылық қабілеті, алаңды жақсы көре білуі, 

жігерлігіне қоса аяғының астындағы допты шебер меңгере алуы қажет.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет