Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

 

 

 

 




1. 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  

МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 

 

Тәрбиедегі мақсат жеке тұлғаны қалыптастыру, оны жан-жақты әрі үйлесімді 



дамытуды көздейтіндігі екені белгілі. Даму – табиғи процесс, соның негізінде адам 

организмінің сапа және сан жағынан өзгеруінің нәтижесі көрініс береді. Даму үнемі 

бітпейтін, бір жағдайдан екінші жағдайға, қарапайымнан күрделіге барлық кезде 

өтіп тұратын өзгермелі жағдаймен байланысты. Сондықтан жеке тұлғаның дамуы 

мен қалыптасуы – ақиқат дүниедегі өте нәзік әрі күрделі процесс.  Себебі, балада 

анадан туа біткен психологиялық және әлеуметтік қасиеттер пайда болмайды. Ол 

өмір  жағдайына  байланысты  біртіндеп  қалыптасып,  дамып  отырады.  Адам 

баласының дамуы бір-бірімен өзара байланысты екі жағдайда – биологиялық және 

әлеуметтік салада жүзеге асады. 

К.Маркстің айтуынша, жеке адам дегеніміз – қоғамдық дамудың нәтижесі, 

белгілі қоғамдық қатынастардың жемісі (мемлекет, мораль, өнер, философия, дін, 

саясат, т.т.). 

Жеке  тұлғаның  дамуы  жайлы  Н.В.Савиннің  «Педагогика»  оқулығында: 

«Жеке адамның дамуы – бұл, ең алдымен, оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі, 

жеке адам үшін елеулі болып  табылатын барлық сфераларда: іс-әрекетте,  өзін 

қоршаған  өмір  шындығының  бейнеленуінде,  өзін  қоршаған  құбылыстарға, 

адамдарға деген қарым-қатынаста, таным-білім процестерінде болатын сапалық 

өзгерістер процесі», - деп тұжырымдайды. 

Ж.Қоянбаевтың «Педагогика» оқулығында ол туралы: «Жеке адамның дамуы 

дегеніміз – оның жүйке жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психи-

калық процестерінің, адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының, оқу 

қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты келешекте 

жасаудың даму тарихы» деген пікірді қуаттайды. 

Қорыта  айтқанда,  адам  биологиялық  фактор  ретінде  өзінің  тіршілік  ету 

барысында көптеген әлеуметтік қасиеттерді қалыптастырып дамиды, яғни жеке 

адам, жеке бас немесе жеке  тұлға деген түсінік биологиялық және  әлеуметтік 

қасиеттердің қосылуы негізінде анықталады. 

 

«Қалыптастыру»  – экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, 



психологиялық,  т.б.  көптеген  факторлардың  ықпал  етуі  барысында  адамның 

тұлғалық қалыптасу процесі. 

Тәрбие – тұлғаны қалыптастыруда негізгі факторлардың бірегейі, бірақ та ол 

бірден-бір  бола  алмайды.  Сондықтан  қалыптастыру  процесі  –  тұлғаның 

қалыптасуындағы соңғы кемелденген, толысқан шағы. 

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, 

әділетті  қоғамды  өз  қолымен  құратын  және  оны  қорғай  алатын  азамат  етіп 

тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды 

оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-

ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек. 

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз: 




˗ 

Отанына  берілгендікті,  оның  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғауға 

даярлығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы  мен ынтымағы үшін, 

еңбекшілердің бақыты үшін арнауға даярлығын тәрбиелеу; 

˗ 

ғылым, мәдениет, техника салаларындағы білімдер жүйесін және өндірісті 



ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу; 

˗ 

адамгершілік  қасиеттерді  барынша  құрметтеушілік,  адамдарға  деген 



қамқорлық  жасау  және  оларға  ілтипатпен  қараушылық,  жолдастық  пен 

адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу; 

˗ 

еңбекте  адал  қарым-қатынасын,  қоғам  игілігі  үшін  материалдық  өндіріс 



саласында  еңбек  етуге  даяр  болуы,  еңбек  ету  қажеттігін  түсінуге,  еңбек 

адамын құрметтеуге тәрбиелеу; 

˗ 

әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата 



білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі кеңейтуге талпынысын, 

құштарлығын, табиғатты сүю және оны қорғай білуін тәрбиелеу;   

˗ 

денсаулығы  мықты  және  дене  құрылысы  жақсы  дамыған,  дене 



шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу. 

Жеке  тұлғаны  барлық  жағынан  қалыптастыруда  тәрбие  салаларының 

міндеттерін жүзеге асырудың, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз 

етудің маңызы зор.  

Олай болса, жан-жақты дамыған адам деп өзінің бойындағы рухани байлықты, 

моральдық тазалықты және  дене жағынан  жетілгендікті үйлестіре,  ұштастыра 

білген,  сана-сезімі  жоғары,  өмірдің  түрлі  салаларында  белсенді  қызмет  етуге 

қабілетті адамды айтуға болады. 

Ғылымда ертеден келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының 

биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас 

бітер емес. Осы көп ғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда болды. 

Бұл  көзқарастардың  бірін  жақтаушылар  адамның  дамуын,  негізінен,  табиғи 

ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді. 

Жеке  тұлғаның  дамуын  түсіндіретін  осындай  (биологизаторлық)  бағыт  ерте 

заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж.б.з.б.) мен Аристотель (384-322 

ж.ж.б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты 

анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір 

адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулер билік ету үшін жаралған. 

ХVІ ғасырда пайда болған префоризм (латынша – қайта құру, өзгерту) деген 

философиялық бағыт төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында-ақ болашақ 

жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму тек сандық жағынан артуын ғана 

білдіреді.  Бұл  орайда  әлеуметтік  факторлар  мен  тәрбиенің  маңызы  жоққа 

шығарылған. 

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын 

жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог 

Э.Торндайктің пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана-

сезім,  қабілеттелігін)  тек  тектілік,  тұқымқуалаушылық  қана  анықтайды.  Оның 




ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға «көздері, тістері және саусақтары» сияқты дүниеге 

келгеннен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпында берілетін және 

жеке  тұлғаның  барлық  қасиеттері  мен  келешегін  толығымен  анықтайтын 

«гендердің жинағы немесе батареясы» ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын 

биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм 

дегеніміз – іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы – Джон Дьюи. 

Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон 

Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. 

Бұл  бағыт  бойынша  адам  өмірінің  жағдайлары  мен  тәрбие  жеке  тұлғаның 

қалыптасуының  ең  басты  факторы  болып  есептеліген.  Д.Локктің  белгілі  бір 

пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас 

болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның 

белгілі  бір  қасиеттерінің  пайда  болуына  себепші  болады.  Осыдан  кейін  бұл 

көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасады, ал оның өкілдері жеке 

тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның 

дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның маңыздылығын 

кемсітеді. 

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының 

мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық 

табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, 

сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге 

ие  деп  сенді.  Алайда  ол  бейімділіктер  оның  бойында  тек  лайықты  орта  мен 

мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады. 

Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер 

қатарында тәрбиеге ерекше орын  бөледі, тәрбие –  жеке тұлғаның дамуы  мен 

қалыптасуының  үшінші  факторы.  Мұндағы  айта  кететін  жағдайдың  бірі  – 

материалистік түсінікте жеке тұлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең 

бастысы, тәрбиенің субъктісі ретінде қарастырылады. 

Тәрбиенің нысанасы жан-жақты даму және қалыптасу үстіндегі адам болып 

табылады. Бүкіл өмір бойы даму үрдісі жүріп жатады. Адам әртүрлі дене және 

психикалық, сандық және сапалық өзгерістерге ұшырап отырады. 

Дене  жағынан  өзгерістерге  сүйек  және  бұлшық  ет  жүйелерінің,  ішкі 

органдарының, нерв жүйелерінің дамуы мен өсуі жатады. Психикалық өзгерістер 

дегеніміз ең алдымен ақыл-ой дамуы, жеке тұлғаның психикалық қасиеттерінің 

қалыптасуы және қоғам мен өмірге қажетті әлеуметтік сапаларды меңгеру. 

Адамның дамуы-өте күрделі, ұзақ қарама-қайшылықты үрдіс. Ол әрбір тірі 

және даму үстіндегі организм адамға тән сыртқы ықпалдардың, сонымен қатар ішкі 

күштердің әсерімен өзгерістерге ұшырап отырады. 

Сыртқы әсер ететін ықпалға ең алдымен, қоғамның материалдық өмірінің 

жағдайлары – адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік орта және қоғам өміріне 

қатысуға баланың бойына қажетті сапаларды қалыптастыруда ұстаздардың арнайы 

мақсатты жұмысы, демек, тәрбие жатады. 

Сыртқы ықпалдар мен әсерлердің тиімділігі даму үстіндегі адамның даралық 

ерекшеліктерін анықтайтын ішкі күштер мен үрдістерге байланысты. 




Даму – адам организмінде болатын сандық және сапалық өзгерістер үрдісі. 

Дамудың нәтижесі – адамның биологиялық түр және әлеуметтік құбылыс ретінде 

қалыптасуы.  Адам  бойындағы  биологиялық  ерекшеліктер  морфологиялық, 

биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтитыны дене жағынан дамумен 

сипатталады. 

Ал адамның әлеуметтік дамуы оның психологиялық, рухани, ителлектуалдық 

өсуімен  айқындалады.  Адам  жеке  тұлға  болып  тумайды,  даму  үрдісінде 

қалыптасады. 

Педагогика мен психологияда  жеке тұлға проблемасы  және оны  дамыту 

туралы үш негізгі бағыт қалыптасты: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік. 

Биологиялық бағыттың өкілдері жеке тұлғаны таза табиғи құбылыс ретінде  

қарастыра отырып, адамның барлық мінез-құлқын туғаннан берілген іс-әрекеттер, 

қажеттіліктер,  инстинкттермен  түсіндірді  (З.Фрейд  т.б.).  Адамзат  қоғамының 

талаптарына  бағынуға  мәжбүр  және  бұл  жағдайда  табиғи  қажеттіліктерді 

әруақытта да тежеп отырады. 

Әлеуметтік  бағытты  жақтаушылардың  түсіндіруінше,  адам  биологиялық 

тіршілік  иесі  болып  дүниеге  келеді,  дей  тұрғанмен,  өз  өмірінің  барысында 

әлеуметтік топтармен қарым-қатынастың ықпалымен ол бірте-бірте әлеуметтенеді. 

Биоәлеуметтік бағытты жақтаушылардың айтуынша, психикалық үрдістер 

(түйсіктер, қабылдау, ойлау және т.б.) биологиялық табиғатын сипаттайды, ал жеке 

тұлғаның  бағыттылығы,  қызығуы,  қабілеттілігі  әлеуметтік  құбылыс  ретінде 

қалыптасады. 

Қазіргі педагогика ғылымы жеке тұлғаны біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін 

биологиялық, әлеуметтік қасиеттердің жиынтығы деп қарастырады. 

Жеке тұлға қоғамдық өмірдің жемісі, сонымен қатар тірі организм болып 

табылады.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  мен  мінез-құлқында  әлеуметтік  және 

биологиялық факторлардың  арақатынасы  өте  күрделі,  адамның  әртүрлі  даму 

кезеңдерінде әртүрлі ахуалда, басқа адамдармен қарым-қатынаста әртүрі ықпал 

етеді. 

Жеке тұлға іс-әрекетте және басқа адамдармен қарым-қатынаста өмір сүреді, 

қалыптасады. 

 

Жеке тұлғаның дамуы біртұтас биоәлеуметтік үрдіс, бұл үрдісте тек сандық 



өзгерістер ғана емес, сонымен қатар сапалық өзгерістер де ұшырайды. 

«Жеке  тұлға»  ұғымының  «адам»  ұғымынан  айырмашылығы  қоғамдық 

қатынастардың, басқа адамдармен қарым-қатынастың ықпалымен қалыптасатын 

оның сапалық  қасиеттерін көрсететін  адамның әлеуметтік  сипаттамасы.  Адам 

мақсатты бағытталған және ұйымдасқан тәрбие арқылы әлеуметтік жүйеде жеке 

тұлға ретінде қалыптасады. Жеке тұлға болу үшін адам іс-әрекетте, тәжірибеде 

табиғаттан берілген және өмір барысында тәрбиенің нәтижесінде қалыптасқан 

өзінің ішкі қасиеттері мен мүмкіншіліктерін ашып көрсету қажет. 

Дамудың қозғаушы күші қарам-қайшылықтардың күресі. 

Даму  факторын  талдау,  ерте  кезден  ғалымдар  зерттей  бастаған  Ресей 

педагогикасы мен психологиясында мектеп оқушыларының дамуын зерттеуде 

белгілі  нәтижеге  жеткен  П.П.Блонский,  Л.С.Выготский,  Г.С.Костюк, 

С.Л.Рубинштейн, А.Р.Лурия сияқты ғалымдардың есімдерін атауға болады. Даму 




туралы  ғылымда  белгілі  із  қалдырған  шетел  зерттеушілерінен  Л.Термен,  Э. 

Геккель, Ф.Мюллер, И.Шванцара сияқты ғалымдарды ерекше атаймыз. 

Адам  дамуы  ішкі  және  сыртқы  жағдайларға  тәуелді.  Ішкі  жағдайларға 

организмнің физиологиялық және психологиялық қасиеттері жатса, ал сыртқы 

жағдайларға – бұл адамды қоршаған орта жатады. Сыртқы ортамен өзара байланыс 

үрдісінде адамның ішкі мәні өзгереді, жаңа қарым-қатынастарды қалыптастырады, 

ал белгілі дәрежеде кезекті өзгерістерге алып келеді. 

И.П.Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв үрдістерінің және 

қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының 

өзара әрекеттестігі, бұл үрдіс қоршаған орта мен организмнің теңдесуі болып 

саналады.  Биологиялық  тіршілік  иесі  ретінде  адам  белгілі  бір  туа  біткен 

қасиеттердің және қоршаған шындық өмірмен араласудың ықпалы арқылы оның 

бойында болып жатқан өзгерістердің қоспасы болып келеді.  

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында үш негізгі фактордың – тұқым 

қуалаушылықтың (ішкі жағдайлар саласы), орта және тәрбиенің (сыртқы әсерлер 

саласы) ықпалы орасан зор. 

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында тұқым қуалаудың ықпалы. 

Тұқым  қуалау  дегеніміз  ұрпақтан-ұрпаққа  ата-аналарынан  биологиялық 

ұқсастықтың  тұқым  арқылы  берілуін  айтамыз.  Бала  дүниеге  келгенде  ата-

аналарынан,  демек,  адамның  генотипін  анықтайтын  барлық  генетикалық 

бағдарламасын алады, сонымен қатар туа біткен қасиеттер беріледі. 

Әрбір ұрпақ өз ата-аналарынан берілетін тұқым қуалайтын сапалармен өмірге 

келеді. Тұқым арқылы ата-анасынан ұрпаққа берілетін қасиеттер: дене бітісі мен 

ерекшеліктері, шашының түр-түсі, көздерінің, терісінің реңі. Тұқым арқылы нерв 

жүйесінің кейбір ерекшеліктері (холерикалық, сангвиникалық, флегматикалық, 

меланхоликалық) туа біткен қасиеттер арқылы беріледі. 

И.П.Павловтың  ілімі  бойынша,  адам  туғаннан  көптеген  туа  біткен 

қасиеттермен  және  инстинкттермен  келеді,  оларды  шартсыз  рефлекстер  деп 

атаймыз. Олардың қатарына тамақ рефлекстерді (тамақты көргенде сілекейдің 

бөлінуі), қорғаныс рефлекстері (ыстықтан қолды тартып алу, күшті жарық түскенде 

көзді жұму т.б.), бағдарлау рефлекстері (дыбыс шыққын жаққа, жарыққа т.б. басты 

бұру)  жатады. 

Адамдардың өздеріне тән нышандарға тік жүру, тілдің дамуы, еңбек етуге 

бейімділігі нышандарға жататындығын атап өтуге болады. 

Педагогика және психология ғылымдарында туғаннан берілетін нышандар 

мен қабілеттіліктер – күрделі проблемалардың бірі. 

Қабілеттіктер дегеніміз белгілі бір іс-әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың 

шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшелігін айтады. 

Физиология және психология ғылымдарының мәліметі бойынша, адамның туа 

біткен  қабілеттіктері емес, тек қана олардың дамуы үшін қажетті потенциалды 

мүмкіншіліктері, демек, нышандары болады. Бұл нышандар бас мидың,  сезім 

органдарының, тіл мен қозғалыс органдарының дара құрылымдық-функционалдық 

ерекшеліктерімен байланысты, яғни, қабілеттіктерді дамытудың табиғи алғышарты 

деп қарауымыз керек. 




Жеке  қабілеттіктерді  меңгерген  балалар,  оқыту  үрдісінде  жоғары 

көрсеткіштерге жетеді. Сондықтан да балалардың туғаннан берілген потенциалды 

мүмкіншіліктері, нышандарын дамытуға жағдай жасау керек.  Нышандар өздігінен    

қабілеттіліктерді дамытудың қозғаушы күші бола алмайды, олар негізінен тек қана    

қабілеттіліктерді  дамытудың  дара-табиғи  алғышарты  болып  табылады.  Сол 

табиғатынан балаға берілген    қабілеттіліктерді дамытудың алғышарты болып 

табылатын нышандарды дамытуға жағдай жасау керек. 

Жоғарғыдағы  айтылғандардан  мынадай  қорытынды  жасауға  болады: 

педагогика ғылымы белгілі бір арнаулы іс-әрекетте (мысалы, саз, бейнелеу өнері, 

сурет т.б.) ойдағыдай орындауда мүмкіншілік жасайтын табиғи нышандарды жоққа 

шығармайды, тұқым қуалау жеке тұлғаның дамуында шешуші факторлардың бірі 

болып табылады. 

Жеті атасын жетік білу –  қазақ арасында ізгі дәстүр ретінде  қалыптасқан 

адамгершілік қасиеттің белгісі. Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті 

атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөздер бар.  

 

Қабілеттердің байқалуы мен дамуы түгелдей өмір жағдайы мен тәрбиеге 



байланысты. Балада ерте байқалған нышандарды дамытып, оған жағдай жасау 

керек.  Нышандар  өздігінен  қабілеттіліктерді  дамытудың  қозғаушы  күші  бола 

алмайды, олар тек қана қабілеттіктерді дамытудың дара-табиғи алғышарттары 

болып табылады.  

 

Психология және педагогика ғылымдарының өте күрделі мәселелердің бірі – 



жалпы қабілеттіліктердің, оның ішінде ақыл-ой және танымдық күштердің негізіне 

жататын интеллектуалдық қабілеттіктердің тұқым қуалауы туралы мәселе. 

Белгілі генетик ғалым, академик Н.Н.Дубининнің айтуынша, барлық дұрыс 

дамыған адамдар практикалық тұрғыдан шектеусіз рухани дамуға қабілетті, демек, 

адам миының мүмкіншіліктерінің әмбебап екендігіне үлкен сеніммен қарады. 

Дұрыс дамыған адам миының шексіз мүмкіншіліктеріне сену дұрыс жағдайда 

ұйымдасқан оқыту және тәрбие үрдісі адамның жалпы дамуының, сонымен қатар 

арнаулы шеберлігінің жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етеді. 

Оқыту және дамыту туралы проблеманы қарастырғанда біз белгілі психолог 

Л.С.Выготскийдің тұжырымдамасына сүйенетін болсақ, ол оқыту даму үрдісінен 

озып отырады деген болатын. Л.С.Выготский бала психикасы оқытудың негізінде 

қалыптасады деп дәлелдеді. Оның айтуынша, оқыту баланың дамуын тездетеді, 

яғни, оны алға қарай жетелейді. «Егер баланы қабілетті етемін десеңіздер, оқыту 

тәсілдерінің оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға 

қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай 

дамытатын болады», - деп жазды Л.С.Выготский. 

Академик  П.К.Анохин,  Н.М.Амосов  және  басқа  да  көрнекті  ғалымдар 

адамдардың  адамгершілік  қасиеттері  мен  әлеуметтік  мінез-құлықтары  тұқым 

қуалауға байланысты  екенін дәлелдеуде. 

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ортаның ықпалы 

Орта баланың туғаннан өмірінің соңғы кезіне дейінгі қоршаған жанұя мен ең 

жақын адамдардан бастап, әлеуметтік ортаға дейінгі, яғни, адамның туып-өскен 

және дамуы мен тәрбиесі үшін оған жағдай жасаушы қоғам ретінде сипатталады. 

Орта  дегеніміз  –  адамға  стихиялы  түрде  ықпал  етуші  әртүрлі  сыртқы 

10 



құбылыстардың кешені болып табылады. Орта өзінің сипатына қарай бірнеше 

түрлерге бөлінеді: табиғи орта немесе географиялық орта, әлеуметтік және үй 

ортасы. Әрбір орта адам баласына өзіндік ерекше ықпал етеді. 

Географиялық  орта  климат  және  барлық  әртүрлі  табиғи  жағдайлар  мен 

ресурстарды қамтиды, олар сөзсіз адамның өмір салтына және еңбек әрекетінің 

сипатына ықпал етеді.  

Адамның  дамуына  ерекше  ықпал  ететін,  әсіресе,  балалық  шақта,  үй-іші 

ортасының ролі орасан зор. Баланың дамуында жанұяның атқаратын ролі ерекше. 

Жанұя көп  жағдайда баланың  қызығуы  мен қажеттіліктерінің,  көзқарасы  мен 

құндылық  бағдарының  шеңберін  айқындайды.  Жанұя  баланың  табиғи 

нышандырын дамыту үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның адамгершілік және 

әлеуметтік сапалары жанұяда қаланады. 

Ағылшын психологі Д.Шаттлеворт ақыл-ой дамуына негізгі факторлардың 

ықпалы туралы төмендегідей қорытындыға келді: 64 пайыз факторлардан ақыл-ой  

дамуының тұқым қуалаудың ықпалының үлесінде; 16 пайызы – жанұя ортасының 

деңгейінің  айырмашылығына;  3  пайызы  –  жанұядағы  бала  тәрбиесінің 

айырмашылығына; 17 пайызы – аралас факторлардың ықпалы (тұқым қуалаудың 

ортамен өзара байланысы). 

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында тәрбиенің рөлі 

Тәрбие – орта сияқты адамға сырттан әсер ететін факторлардың бірі. Тәрбие – 

жеке  адамның  қалыптасуында  мақсатты  және  ұйымдасқан  үрдіс.  Тәрбиенің 

сырттан стихиялы түрде әсер ететін ортадан ерекшелігі – алдына мақсат қойып, 

жоспарлы түрде, тәрбиешілердің басшылығы арқылы іске асатындығы. Тәрбие 

өзінің алға қойған мақсатын орындауда, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруда 

әртүрлі тиімді әдістері мен құралдарын, ұжымдық түрлерін қолданады. 

Тәрбие ең алдымен әлеуметтік ортамен өзара байланыста іске асады. Тәрбие 

әрқашан да әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипатына сай келеді. 

Тәрбие адамның дамуына орасан күшті әсер етіп, тұқым қуалаушылық пен 

ортаның ықпалына белсенді әсер ете алады. Сонымен, тәрбие баланың дамуының 

қоғам талаптарына сәйкес бағыттап отырады: 

белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады; 



ортадағы жағдайлардан дамуына қажетті материалдарды іріктейді; 

жеке  тұлғаның  дамуына  теріс,  зиянды  әсер  қалдыратын  жағымсыз 



ықпалдардан аластайды. 

Тәрбие – қоғамға жан-жақты дамыған жеке тұлғаны беруге қабілетті негізгі 

күш. Тәрбие ықпалының тиімділігі – мақсатқа бағытталғандығы, біржүйелігі және 

оның білікті басшылық арқылы іс жүзіне асуында. 

Жеке тұлғаның қалыптасуында әлеуметтену факторлары 

Адам мен қоғамның өзара әтекет етуі: «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. 

Әлеуметтену туралы ұғым әлеуметтік жүйеде жеке тұлғаның интеграция үрдісі, 

оның барысында жеке тұлғаның бейімделуі іске асады.  

«Адаптация» ұғымының көмегімен әлеуметтену адамның әлеуметтік ортаға 

ену үрдісі және оның мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға бейімделуі 

болып табылады. 

11 



Әлеуметтену факторлары дегеніміз әлеуметтену үрдісінің  дұрыс жүруі үшін 

жағдайлар  жасауын  айтады.  Профессор  А.В.Мудрик  әлеуметтенудің  негізгі 

факторларын 3 топқа бөліп қарастырады: 

Макрофакторлар (космос, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет) планетаның 



барлық тұрғындарының әлеуметтенуіне әсер етеді немесе белгілі бір елде тұратын 

адамдардың өте үлкен тобы; 

Мезофакторлар (мезо – орта, орталық деген мағынада) ұлттық белгілері 



бойынша бөлінетін адамдардың үлкен топтарының әлеуметтену шарттары (этнос 

әлеуметтену факторы), өмір сүріп жатқан тұрғындардың орны мен түрлеріне қарай 

(аймақ, ауыл, қала,); көпшілік коммуникация жүйелеріне қатысына байланысты 

(радио, теледидар, кино және т.б.); 

Микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер ететін – жанұя, бір топ 



замандастары, микросоциум, әлеуметтік тәрбие іске асатын оқу, кәсіби, қоғамдық 

ұйымдар және т.б. жатады. 

Педагогика  ғылымында  таным  және  әлеуметтік  тәжірибе  мен  рухани 

құндылықтарды бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізуді тиімді ұйымдастыру үшін 

әлеуметтенудің жан-жақты  қырлары  ескеріледі және  пайдаланылады.  Беделді 

үлкендердің  ықпалымен  әлеуметтік  мінез-құлық  нормалары  мен  мәдени 

құндылықтар меңгеріледі. 

Жеке  тұлға  қоршаған  ортамен  өзара  белсенді  қарым-қатынас  үрдісінде 

қалыптасады. Өзара қарым-қатынас тек қана іс-әрекеттің нәтижесінде  мүмкін. 

Жеке тұлғаның белсенділігінің көзі оның қажеттілігі болып табылады. Тек қана 

қажеттілік адамды белгілі дәрежеде және бағытта қызмет етуге талпындырады. 

Қажеттілік – бұл нақтылы өмір сүру жағдайына тәуелділігін білдіретін жеке 

тұлғаның жағдайы. Қажеттілік – жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі. Жеке 

тұлғаның  белсенділігі  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үрдісінде  байқалады.  

Адамның  қажеттілігі  тәрбие  үрдісінде,  демек,  адамзат  мәдениеті  дүниесімен 

сусындану жатады.  Сондықтан да адамда қажеттіліктерді қамтамасыз ету үрдісі іс-

әрекеттің түрін меңгерудің белсенді, мақсатты үрдісі болып табылады. 

Табиғи  қажеттіліктер  адамның  іс-әрекетінің  белсенділігін  арттыратын, 

адамның  өмірі  мен  ұрпағының  өмірін  сақтау  үшін  қажетті  жағдайларға 

байланысты. Барлық адамдарда  тамаққа, ұйқыға, ыстық пен суықтан қорғану т.б. 

қажеттіліктер болады. Табиғи қажеттіліктердің біреуі болмаған жағдайда адам өмір 

сүре алмаған болар еді. 

Мәдени  қажеттіліктер  де  адамдардың  белсенді  іс-әрекетінің  адамзат 

мәдениетінің жемісіне тәуелді екендігін аңғаруға болады. Адамның белсенділігі 

ерте жастан бастап, бүкіл адамзаттың тәжірибесімен және қоғамның талаптарымен 

реттеліп отырады. 

Іс-әрекет арқылы адам табиғатқа, заттар мен құбылыстарға, басқа адамдарға 

әсер етеді. Іс-әрекет арқылы өзінің ішкі қасиеттерін іске асыра отырып, ол заттарға 

субъект ретінде, ал адамдарға жеке тұлға ретінде қарастырылады. 

Адамның  іс-әрекеті  саналы  белсенділік  ретінде  сананың  қалыптасуымен, 

дамуымен  байланысты  қалыптасады  және  дамиды.  Іс-әрекет  әруақытта  да 

адамдардың  басқа  адамдармен  белгілі  қарым-қатынас  жүйесінде  іске  асады. 

Басқаша айтқанада, іс-әрекетте адамның жеке тұлғасы байқалады және бір уақытта 

12 



іс-әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады. Мәселен, мақсатты қоғамдық пайдалы іс-

әрекетке қатысу адамда коллективтік, ұйымшылдық сезімді қалыптастырады. 

Әрбір жеке тұлға жас ерекшеліктерімен өзгеше болуымен қатар, даралық 

ерекшеліктерімен бір-бірінен айыруға болады. 

Белгілі  бір  адамның  басқа  адамдардан  айырмашылығы,  ерекшелігі  жеке 

тұлғаның  интеллектуалдық,  ерік-қайрат,  моралдық,  әлеуметтік  қасиеттерінің 

жиынтығы даралықпен сипатталады. Жер бетінде екі бірдей адамды кездестіру 

қиын. Әрбір адам бірден-бір жалғыз және қайталанбайтын өзіндік дара тұлға. Дара 

ерекшеліктердің қалыптасуы әрбір адам өзіндік даму жолынан өтумен байланысты. 

Осы  кезеңде  әрбір  адам  жоғары  нерв  қызметінің  әртүрлі  типологиялық 

ерекшеліктерін меңгереді. 

Дара  ерекшеліктерге  жеке  тұлғаның  түйсіктерінің,  қабылдауының, 

ойлауының,  есінің,  қиялының  өзіндік  белгілері,  қызығудың,  бейімділіктің, 

қабілеттің, темпераменттің, мінез-құлықтың ерекшеліктерін жатқызуға болады. 

Дара  ерекшеліктер  жеке  тұлғаның  дамуына  әсер  етеді.  Жеке  тұлғаның 

қалыптасуы  мен  дамуында  адамның  дара  типологиялық  ерекшеліктері 

темпераментті,  мінез-құлық,  қабілетін  ескерудің  атқаратын  рөлі  орасан  зор. 

Мұғалім  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыру  үшін  әр  жеке  тұлғаның 

темпераментін жақсы білуі керек. 

Холерикалық темпераменттегі адамдар аса қозғалғыштығымен, соған орай 

мінез-құлқының  ұшқалақтылығымен  көзге  түседі.  Холерик  қарым-қатынаста 

күйгелек, бір беткей, шабуылға жанықұмар, іс-әрекетке пысық. Олар айналысқан 

ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиыншылықтарды жеңуге даяр 

тұрады. Бұл типтегі балалар тез қозғалғыш, шапшаң, қозуы тежелуден басым. Бұл 

топты И.П.Павлов ұстамсыз тип, тез, әрі жеңіл әсершіл тип, сезімтал тип деп атаған. 

Бұл типтегі балаларға ерекше назар аударуды қажет етеді. Оларды әруақытта да 

салмақтылыққа, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу керек. 

Сангвиникалық темперамент. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу 

қанды, іскер деп сипаттайды. Сангвиникке қимыл-қозғалыста белсенділік, өмір 

жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімделушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, 

шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Коллективте көңілді, ақжарқын, іске 

бар ықыласымен кірісетін әуесқой адам, тез суып қалады. Сангвиникте эмоция тез 

пайда болып, тез өзгереді. Сангвиник бала қызулы, сергек, жеңілтек, іске қатысуға 

әруақытта  да  бейім  келеді,  ойынға  қызулы  кіріседі,  өкпелеп  қалуы  да  оңай, 

ашуланса, жылап жібереді.  

Флегматикалық темперамент. Эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып 

желікпейді, елеулеп ашуланбайды. И.П.Павловтың сипаттауынша, бұл – барлық 

уақытта да  байсалды, ұстамды  бірқалыпты,  табанды, төзімді,  еңбекқор  адам. 

Баяулық пен селқостық флегматиктің осал жағы. Флегматик салмақты, сабырлы, 

бастаған  істі  аяғына  жеткізеді.  Флегматиктер  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеуге, 

сабырлылықпен әрекет етуге төзімді болады. 

Меланхоликалық  темперамент.  Бұл  типтің  өкілі  аса  сезімтал,  соның 

салдарынан жаны  тез жараланғыш  келеді. Меланхоликтер  тұйық,  адамдардан 

оқшау жүргенді жақсы көреді, қозу мен тежелу процестерінің әлсіздігі, бұлардың 

бір-бірімен тең келмеуі, тежелудің басым болуы, әр нәрседен ауыр әсер алады, 

13 



мінезі баяу өзгереді. Өзі тұйық жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды, өзімен-

өзі жүреді. 

Меланхолик бала сыпайы, момын, жасқаншақ келеді.  Көңілденуі де, өкпелеп 

ренжуі де қиын, ренжи  қалса, көпке шейін  ұмытпайды, ойынға бірден  кірісіп 

кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады. Меланхоликтердің қимыл-

қозғалыстары ақырын баяу болады, мәнерсіз ақырын сөйлейді.  

Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін 

биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш 

қасиеттер – жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, 

мақсаттары. 

Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа 

адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. 

Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін 

қалыптасу деп атайды. 

Жеке адамның қалыптасуы – күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы 

әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. 

Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және 

жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне 

жетеді. 

Жеке адамның дамуы – бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам 

үшін елеулі  болып  табылатын  барлық  сфераларды  іс-әрекетте,  өзін  қоршаған 

құбылыстарға,  адамдарға  деген  қарым-қатынасқа,  танымдық  процестерінде 

болатын сапалық өзгерістер процесі. 

Жеке  адамның  әсіресе  балалық  шақ  пен  жасөспірім  шақтарында  дамып, 

жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. 

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, 

өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік 

ақыл-парасатымен,  жеке  бастың  өзіне  тән  ақыл-ой,  ерік-жігер,  мінез-құлық 

ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-

құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. 

Жеке тұлғаға тән қасиеті – ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен 

қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу – миллиондаған жеке 

тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. 

Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да 

негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз 

ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-

сезімін байытады. 

Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де 

сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі 

тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы 

қасиетіне айналдыру өмір заңы. 

Тұлға  - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі 

жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. 

Ерік-жігер механизмі дегеніміз – адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам 

ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені 

14 



істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, 

басқалар оған қалай қарар екен? – деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы 

ақыл мен санаға бағынышты. Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-

сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. 

Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. 

Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе 

байсалды  мінез  болмайды.  Баланың  адамгершілік,  әуестік,  белсенділік  және 

батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп 

жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Баланың дамуы және оның 

дүниені  тануы  түрлі  әлеуметтік  жағдайларға  байланысты.  Сондықтан  оның 

мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына 

ықпал  ететін  факторларға  тұқым  қуалаушылық,  әлеуметтік  орта,  тәрбие,  т.б. 

жатады. 

Тұқым  қуалаушылық  –  ұрпақтың  ата-ананың  биологиялық  ұқсастығын 

елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не 

шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, 

баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының 

формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы  берілетін 

биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің 

функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға 

қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, 

өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін 

жағдай. 

Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. 

Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне 

ықпал  жасауы.  Жылы  және  суық  климат  жағдайы  халықтардың  тұрмысына 

әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен 

шұғылданады.  Ал  солтүстіктегі  жерде  балық,  бұғы  шаруашылығымен 

айналысады. Табиғат  жағдайына  байланысты  олардың  мінез-құлықтарына  да 

ерекшеліктер байқалады. 

Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын 

әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің 

ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық 

және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың 

қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын 

қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды 

осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда 

оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. 

Тәрбиенің  бала  дамуындағы  рөлі.  Жеке  адамды  дамытудағы  басты 

факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, 

дайындығы  мен  дәрежесіне  лайық  іске  асырылып,  тәрбие  адамдардың  іс-

әрекеттерін ұйымдастырады.  

Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы 

дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік 

ортаға  көзқарасын  дамытады.  Тәрбие  жұмыстарының  сара  жолдарын  табу 

15 



нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, 

адамгершілік сапасы қалыптасады. 

Мектеп  мемлекет  қолындағы  ақпарат  құралдарының  (баспасөз,  радио, 

теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын 

жүргізеді. Баланың  жеке басының  дамуы мен  қалыптасуына ықпал  ететін  үш 

фактордың  ішінен  тәрбие  адамның  дамуына  орасан  ықпал  етіп,  тұқым 

қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам 

талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін 

ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды 

іріктейді,  жеке  бастың  дамуына  теріс,  зиянды  әсер  қалдыратын  жағымсыз 

ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа 

қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау 

арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. 

Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – 

баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның 

жеткіліксіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді. 

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік 

дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау 

мұғалімнің басты міндеті. 

Белсенділік – адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-

әрекеттері  барысында  адамның  қарым-қатынас  жасау,  таным  және  өзін-өзі 

тәрбиелеу белсенділігі дамиды. 

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі – қарым-қатынас жасау 

белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас 

ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің 

мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың 

әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі 

мұндай  әрекеттерін  ырықты  немесе  ерікті  белсенділік  дейді.  Бұл  жастағы 

балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға 

еліктеуі  рөлге  құрылған  ойындарды  атқару  барысында  байқалады.  Ойын 

барысында балалардың құрдастарыман өзара қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, 

қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс 

қатынастарының мазмұнын түсінеді. 

Әр  түрлі  ойын  баланың  дүниетанымын  кеңейтіп,  қарым-қатынас  жасау 

белсенділігін дамытады. 

Қарым-қатынас 

жасау 

белсенділігі 



жеке 

адам 


қасиеттерінің 

(қайрымдылық,қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму 

барысында таным белсенділігі артады. 

Оқушылардың  өзін-өзі  тәрбиелеу  ісін  жетілдіру  үшін  олардың  жас  және 

дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін 

ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім 

оқушының  білімге,  өнерге  қызығушылық  ынтасын,  спорт  ойындарына 

құштарлығын  анықтайды,  өзін-өзі  тәрбиелеуге  жүргізілетін  жұмыстардың 

тақырыптарын  ақыл-ой,  құлық,  еңбек,  эстетикалық  тәрбиесімен  ұштастырып 

16 



алады.  Баланың  өзін-өзі  тәрбиелеу  белсенділігін  қоғамдық  жұмыстарға 

байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. 

Адамның  еңбекте  және  адамдармен  қарым-қатынаста  көрсеткен 

белсенділігіне  қарап  оның  қоғам  және  ұжымға  жарамдылығын  жете  анықтау 

мұғалімнің басты міндеті. 

Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. 

Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға 

болады. 


Сана-сезімнің,  дене  күш-қуаттарының  дамуы  адамдардың  жас 

ерекшеліктеріне байланысты. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды 

жеке  адам  деп  түсінеміз.  Ал  қалыптасу  адамның  жеке  басының  дамуы  мен 

тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. 

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске 

асыруда, баланың  жеке басын  қалыптастыруға  әсер ететін  тәрбие,  қоғамдық, 

әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. Перзент сүю – ата-ананың бақыты, 

олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру – бүкіл тіршілік 

дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, 

оның табиғи заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы 

үшін бар жағдайды жасайды. 

Баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. 

Дербес  ерекшеліктерге  түйсік,  қабылдау,  ойлау  өзгешеліктері,  жеке  адам 

бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік 

қасиеттері – адамның мінез-құлқының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізі. 

Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. 

Дербес қабілетінің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. 

Әрбір жеке адамның қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін 

дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу. Жүйке жүйесіне байланысты 

темперамент типтерін басшылыққа алып отыру қажет.  

 

 

17 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет