Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Бадминтон, (Badminton – Англиядағы қаланың аты), спорт ойынының бір 

түрі. Шашақты доп және ракеткамен ойналады. Ертедегі Малайдан шығып, кейін 

Азия  мен  Африканың  басқа  мемлекеттеріне  тараған.  1872  жылы  Англияда 

ойналды. Біздің елімізде 1964 жылдан бастап Томас, 1957 жылдан бастап Юбер 

кубогі  өткізіліп  келеді.  Бадминтон  ойыны  үшін  дәл  ортасына  155  сантиметр 

биіктікке тор  тартылған арнайы  спорт алаңы  жасалады. Төрт  адам  ойнайтын 

алаңның көлемі 13,4х6,1 метр, екі адам үшін 13,4х5,2 метр. Ойынға қатысушы өз 

алаңына допты түсірмеуге тырысады. Бадминтон ойыны құрал-жабдықтарды онша 

көп қажет етпейді. Ол адамды шапшаңдыққа, төзімділікке үйретеді. Сондықтан да 

жұртшылық арасында кеңінен тараған. Бадминтонның ойнау әдісі теннис ойынына 

ұқсас. Кездесу үш немесе бес партиядан тұрады. Ерлер 15, әйелдер 11 ұпайды 

бұрын алған жағы жеңеді. Бадминтоннан үш жылда бір рет Әлем чемпионаты 

өткізіліп тұрады. Онда ерлер Томас кубогі, әйелдер Юбер кубогі үшін сайысады. 

Қазақстандағы бадминтон 1960 жылдардан кейін дами бастады. Ол Қытайда 

«ЮМАОЦЮ»  атты  ойын  арқылы  белгілі  болды.  Оның  алғашқы  секциясы 

«Алматыжилстрой» тресінде 1961 жылы ашылды. Қызық әрі адамның бойынан 

көптеген қасиеттерді талап ететін күрделі ойын жұртшылықты өзіне бірден баурап 

әкетті. 


Биіктен шабуылдау. Ракетка ұстаған қолы ұшып келе жатқан қауырсынға 

жетпегендіктен  секіріп  барып  соғу.  Мұндайда  қауырсын  әкеліп  ұшатын 

болғандықтан қарсы алаңдағы ойыншы қауырсынды шегініп барып қабылдайды.  

Қауырсын бадминтон ойынының негізгі жабдықтарының бірі, екі бөліктен 

салмақты  негізден  және  жеңіл  қауырсыннан  тұрады.  Негізгі  1,3  дюйм  (25-28 

45 



милиметр),  қауырсынның  ашылғандағы  диаметрі  23,5  дюйм  (68  милиметр), 

қауырсынның ұзындығы 2,5 дюйм (701 милиметр), салмағы – 4,74- 5,50 грамм. 

Ракетка өте жеңіл металдан немесе пластмассадан жасалады. Салмағы 85-140 

грамм, ұзындығы 27 дюйм (680 милиметр), серпілмелі торы бар элипс тәріздес 

қалағының көлемі 230-290 милиметр. 

Соққылар,  ракетканың  ішкі  және  сыртқы  беттерімен  қауырсынды  ойын 

алаңының ішінде төменнен, орта деңгейден, жоғары жақтан тосып, серпіп, шиырып 

соққының басқа түрлерімен ұруға болады.  



Баскетбол, доп пайдаланылатын командалық спорт ойыны. Спортшылар 

допты бір-бірлеріне  қақпақыл  тастай  отырып, 3,05  метр  биіктікке  орналасқан 

қарсыластарының шығыршығына қолдарындағы допты неғұрлым көбірек түсіргісі 

келеді.  Ойын  кезінде  алаңда  әр  командадан  бес  ойыншыдан  болады.  Қазіргі 

баскетбол  1891  жылы  АҚШ-тың  Сирингфильд  колледжінде  шыққан.  Осы 

колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Джеймс Нейсмит өзінің сабақтарын 

қызықты  өткізу  үшін  жаңа  ойынды  ойлап  тауып  оны  шәкірттерінің  дене 

тәрбиесінің бағдарламасына енгізген. Бұл ойын жастарға ұнап «баскетбол» атты 

жаңа спорт түрі шыққан. Алғашқы жылы допты жеміс-жидек салатын тор шелекке 

лақтырған екен. 1892 жылы шығыршықты ойлап тауыпты. Бірақ тор бітеу болған, 

оның ішіне түскен допты баспалдақпен өрмелеп алады екен. Содан біреу тордың 

түбін кесу керек деген ақыл айтқан. Сөйтіп 1900 жылы бұл мәселе де шешілген. 

1932 жылы халықаралық баскетбол бірлестігі құрылған, 1935 жылы ерлер, 1938 

жылы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионаттары, 1950 жылы ерлер, 1953 жылдан 

бастап әйелдер аралығында Әлем чемпионаттары өткізіле бастады. 1904 жылы 

Олимпиялық  ойындарда  көрсетілім  болғанымен  баскетбол  Олимпиялық 

бағдарламаға 1936 жылдан бастап енді. Сол турнирде «баскетболдың әкесі» 74 

жасар Джеймс Нейсмитке алғашқы ойын медалі тапсырылды. 

Еуропалықтар Америка құрылығына аяқ баспастан бұрын да бұл мекенде 

жергілікті халықтардың өмір сүргендігін білеміз. Жаңа жерге қоныстанушылар 

құнарлы жерлерден жергілікті халықты ығыстырып, өз мақсаттарына пайдалана 

бастаған. Дегенмен олардың адамзат өркениетіне қосқан үлестерін де зерттей 

жүрді. 

Қазіргі Мексика мен АҚШ-тың оңтүстік аумағында ацтек деген халық өмір 

сүрген. Испандықтар осы ацтектердің глачтли деген ойынын үйреніп, Еуропа 

құрылығына таратады. Зәулім тас сарайлардың ішінде арнайы алаңда ойналатын 

осы глачтли қазіргі баскетболға өте ұқсас болатын. Алаңның екі жағында тастан 

ойып жасалынған екі қазандық тұратын, ойыншылар осы қазандықтарға каучуктен 

жасалынған үлкен допты қолымен лақтырып емес, иығымен итеріп салады екен. 

Ойын  барысында  үндістер  қауіпсіздігі  үшін  бастарына  дулыға,  тізелеріне 

тізеқаптар киіпті. Осы глачтли ойыны негізінде қазіргі баскетбол ойыны шыққан 

деген тұжырым бар. 

1936 жылы баскетбол Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Осы 

жылдары құрылған халықаралық баскетбол бірлестігі бұл күндері 170-ке жуық 

ұлттық  белсенділіктерді  біріктіреді.  Көптеген  мемлекеттерде  баскетбол 

мектептердегі оқу бағдарламасына еніп, жас ұрпақты салауатты өмір  салтына 

тәрбиелеуде. 

46 



Қазақстанда баскетбол ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап дами бастады. 

Ірі  облыстар  мен  қалаларда  өздерінің  құрама  командалары  болғанымен 

республиканың құрама командалары КСРО чемпионаттарына (1940 жылдан ерлер, 

1946 жылдан әйелдер) қатыса бастады. 50-ші жылдары баскетболдың өркендеуіне 

Ш.Юмашев, И.Колиеева, М.Жиенбаев, Ю.Бухвалов, Ш.Дүйсеновалар үлкен үлес 

қосты. Бұл  жылдары  республикада КСРО  чемпионаттарының  бірінші,  екінші 

топтарында  «Азот»,  «Красная  Знамя»,  «Большевик»,  «Искра»,  «Скиф»  т.б. 

командалары өнер көрсетті. 1970 жылы «Локомотив» ерлер командасы жоғары 

топқа өтті, бұл команда 1970-90 жылдардың арасында ЦСКА деген атпен жоғары 

топта ойнады. 1972 жылдан бастап республиканың ең күшті әйелдер командасы 

алдымен  «Буревестник»  сосын  «Университет»  деген  атпен  КСРО 

чемпионаттарында  ойнады.  Турнирге  АҚШ,  Чехославакия,  Франция  және 

Югославияның құрамалары қатысқан КСРО халықтарының VІ спартакиадасында 

(1973-


Москва), VІІІ спартакиадасында  республиканың әйелдер құрамасы  4-ші 

орынға ие болды. 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  (1992  жылдан) 

республиканың чемпионаты өз алдына өткізіліп келеді. 

Доп іші резеңкеден, сырты  синтетикалық заттан жасалған, формасы  шар 

тәрізді домалақ, салмағы 600-650 грамм, диаметрі 75-78 сантиметр желмен үрлеген 

баскетбол добы 180 сантиметр биіктіктен тастағанда 120-140 сантиметр биіктікке 

секіруге тиіс. 

Баскетбол ойынының әдістері. Әдістерді орындау арқылы ойыншы өзінің 

шеберлігін  арттыра  алады.  Ол  негізгі  және  шабуыл  жасау  әдісі  болып 

бөлінеді.Шабуыл жасау әдісі екіге бөлінеді: қозғалыс әдістері және допты игеру. 

Қозғалыс әдістеріне: жүру, жүгіру, секіру, тоқтау және бұрылу жатады. Допты 

игеруге: ұстау, тоқтау, лақтыру және алып жүру жатады. Қорғану әдісі де  екіге 

бөлінеді: қозғалыс әдістері және допты игеру, қарсыласу. Қозғалыс әдістеріне: 

тұру, жүру, жүгіру, секіру, тоқтау және бұрылу жатады. Допты игеру, қарсыласу 

әдістері: қарғып алу, тартып алу, жабу, тосып алу, жұлып алу және допты игеру 

жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет