Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Саламатты  өмір  сүру  үшін  тіршіліктің  күресі  тек  қана  ағзаның 

биологиялық  өзгерістері  ғана  емес,  сонымен  қоса  әлеуметтік  маңызы  зор 

құбылыс. Бұл күрес адам баласына туған күнінен бастап өмір бойы тоқтамай, 

оның  тіршілік  қабілетін  жоғалтпай,  жасының  ерекшелігіне  қарай  қызмет 

етеді. Бұл құбылыстың барлығын ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі 

реттеуші бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі – тіршіліктің негізгі көзі. 

 

Ми  –  жүйке  жүйесіндегі  ең  негізгі  орталық.  Ми  ағзаның  барлық  жүйке 



талшықтарымен  екі  жақты  байланыста  болатындығын  әрқайсысымыз  жақсы 

білеміз. Біріншіден – байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын 

хабарласа, екінші  байланыс  сыртқы  құбылыстың ағзаға  тигізіп  жатқан  әсерін 

хабарлайды. Осы процесс арқылы ағзаның дұрыс та бір қалыпты болуын әркім 

бақылап  отырады.  Демек,  ағзаның  іштегі  немесе  сырттағы  бір  мүшесі 

зақымдалса, осы байланыстың арқасында ғана ауру, я сау екенін біліп отырады. 

Мидың  екінші  бір  негізгі  міндеті  –  ағзаның  жұмыс  жүйесін,  демалысын 

реттеп отырады.  Міне, салауатты  өмір сүрудің  негізгі принципі  осы екі  жүйе 

дұрыс қалыптасып, тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі  ұзаққа 

созылады. Ал, бұл жүйе бұзылған жағдайда, орталық жүйке жүйесінің жұмыс 

қабілеті төмендейді. Бұл не? Бұл жүйкенің тоза бастағаны: ұйқы бұзылады, бұл 

негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы, артық сөз айтып, қызбалыққа ұрынады. Осыдан 

барып, адам азып-тозып, әр түрлі ауруларға шалдығады. Бұл жағдай, ең алдымен 

жүректің, қан қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. 

Міне, адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі,  жүйке 

жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн. Сондықтан, баланы 

жастан дегендей, жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкені тоздырмауды әрбір ата-

ананың білуі міндетті. 

19 



ХVІІІ ғасырдың оқымыстысы, испандық дәрігер – Христофор Гуфеленд: 

«Бала  туғаннан  кейінгі  алғашқы  жылдан  бастап  сыртқы  құбылыстарға 

бейімделіп, әсеріне реакция беретіндей дәрежеге жеткен кезден бастап-ақ жүйке 

талшықтары тоза бастайды», - деп ескертеді. Тәжірибелі дәрігер айтқандай, ата-

ана  жөнсіз  еркелетіп,  тіршіліктің  қиыншылығына  бейімдемей,  еңбекке 

араластырмай,  дұрыс  тәрбие  бермесе,  ондай  баланың  денсаулығы  дұрыс 

қалыптаспайды. 

Орталық  жүйке  жүйелерінің  ауруға  шалдығуының  негізгі  бір  себебі  – 

қоршаған  ортаның  аса  зиянды  әрекеті.  Бұл  тіпті,  өмірдің  қысқаруына  әкеліп 

соқтырады.  Жүйке  тамырларының  ауруға  шалдығуы,  біріншіден  –  ағзаның 

дұрыс демалмауы. Яғни, ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдік жүйесі бұзылуы 

салдарынан жүрек, қан айналысы қызметінің бұзылуынан басталады. 

Орыс  ғалымы  И.П.Павлов  айтқандай,  ұйқы  тек  ми  қабыршақтарының 

жұмысын ғана тежеп қоймай, оның ішкі құрылыстарын да осы жүйеге жетелейді. 

Бұл жүйе, яғни, іш құрылысы, тек ұйқы қанып, дұрыс дем алғанда ғана адам 

денесі сергіп, ертеңгі тіршілікке деген қабілет арта түседі. Бұл жайында немістің 

атақты  философы  Бэкон  «Әрбір  ұйқысыз  түн  –  соншалықты  күнге  өміріңді 

қысқартады» деген. Бұл сөзді әр адам өз өмірінің өлшемі деп қараса, салауатты 

өмір сүрудің негізгі қағидаттарының бірі осы болар  еді. 

Әрбір  елдің  мемлекеттік  болмысы  мен  күш-қуаты  оның  мүшелерінің 

денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәлелдеп отыр. 

Мәселен, ХІХ ғасырда адамдар жұмысының 10 % ғана қолмен орындаса, қалған 

90 %  рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10 %-дық қол жұмысы дегеніміз 

– 

отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған  тетігін басқару мен 



реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі 

денсаулығын толық  қамтамасыз ететін  қозғалысы азаяды.  Бұл дегеніңіз  адам 

ағзасының  жұмысы  бұзылып,  денсаулығының  төмендеуі,  нақтырақ  айтқанда 

ауруға шалдығуына әкеп соқтырады. 

Адамзаттың  ойшылы  Аристотель  «жанды  дене  қозғалмаса  өледі»  деген 

қағидасын  әр  адам  күнделікті  тіршілігінің  бағдарламасы  деп  түсінуі  керек. 

Осыған орай, қосымша қозғалыстың әлеуметтік маңызы неден тұрады? Адам 

баласы жаратылысынан бері ұзақ өмір сүрудің тиімді жолдарын іздеумен келеді. 

Бұл  –  жеке  бастың  арнаулы  уақыт  тауып,  тұрақты  түрде  дене  шынықтыру 

жаттығуларымен шұғылдануы. 

Дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз - 

салауатты  өмір  сүрудің  негізгі  көзі.  Дене  шынықтыру  жаттығуларымен 

шұғылданудың өзіне  тән мақсатты жүйесі болады. 

Таңертең орыннан тұрғаннан бойды жазу үшін далаға шықпайтын адам сол 

төсегінің жанында тұрып-ақ керіліп-созылып, отырып-тұрып, басын қозғап, одан 

қолды    жоғары-төмен,  алдыға-артқа  созып,  жалпы  қолды  созып,  аяқтың 

сілтеуімен бірге денені оңға-солға бұрып, еңкейіп-шалқайып, аяқты оңға-солға 

сілтеу,  т.с.  сияқты  жалпы  дамыту  жаттығуларын  10-15  минут  аралығында 

орындауға  болады.  Аса  пайдалы  қозғалыс  –  таңертеңгілік  бой  жазу 

жаттығуларын  15-20  минут  аралығында  далаға  шығып  серуендеп,  реті  келсе, 

жүгіріп, жаттығуларды құрал-жабдықтармен орындап келген адам күні бойында 

20 



өте сергек жүретіндігі ғылыми негізде дәлелденген. Осылайша,  күнделікті үзбей 

таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындау ақыл-кеңес, немесе  қаражатты 

талап етпейді. Тек жеке тұлғаның өзінің дені сау болсын деген ынтасы мен ниеті 

болу керек. Әсіресе, аз қозғалыста болатын кеңсе қызметкерлері үшін бұл өте 

қажет-ақ. 

Салауатты  өмір  сүру  үшін  әлуеметтік  маңызы  бар  дене  шынықтыру 

жаттығуларының  бір  түрімен  тұрақты  үзбей  шұғылдануды  –  спортпен 

шұғылдану дейді.  Спортпен шұғылдану  деген  жаттығудың бір  түрімен  үнемі 

шұғылданып,  оны  дағдыға  айналдыру.  Әрине,  күнделікті  таңертеңгілік  бой 

жазғанда орындалатын жалпы дамыту жаттығуларынан гөрі бұған қойылатын 

талап жоғары. 

Спортпен  шұғылдану  үшін  әркім  өзінің  ағзасының  мүмкіншілігін  білу 

керек.  Салауатты  өмір  сүру  үшін  тағы  бір  әлеуметтік  маңызы  бар  мәселе  – 

адамның етжеңді болуы. Толық адамның денсаулығы қандай болуы мүмкін? 

Француз  халқының  мынандай  мәтелі  бар:  «Семіздіктің  үш  түрі  бар  – 

біріншісі,  қызықтырады,  екіншісі  –  күлкілі,  үшіншісі  –  жиіркендіреді». 

Толықтық  дененің  сұлулығын,  әдемілігін  бұзып  қана  қоймай,  әр  түрлі  ауыр 

науқастарға әкеліп соқтырады, адамды мезгілінен бұрын ерте қартайтып, өмірін 

қысқартады. Семіздіктің аяғы неге әкеп соғатынын бұрын Шығыс және Батыс 

медицинасының негізін қалаушылар Гиппократ, Ибн-Сина айтқандай, ертедегі 

Эллада  және  Рим  елдерінде  халықтың  тамақтануы  және  оның  тәртібі  мен 

мөлшері заңда қаралған. 

Сонымен, ғалымдар адамның салмағы бойына сәйкес болса, ол кісі семіз 

адамнан  әлдеқайда  көп  өмір  сүреді  деген  қорытындыға  келген.  Күні  кешегі 

Кеңес заманында дәрігер Кончаловскийдің есебі бойынша толық адамдардың 69 

жасқа 60 %-ы жетеді екен, ал, арық адамның 90 %-ы 70 жасқа жетеді екен. Егер, 

адамның  салмағы  10-12  кг  артық  болса,  35-40  жас  мөлшерінде  жүрек,  қан 

тамырлар жүйесі бұзылып, ауруға шалдығады. 

Дүние жүзінде көп тамақ ішудің салдарынан адамдардың 50 %-ы семіздікке 

душар  болады.  Ауру  адамдардың  99  %-ның  науқасы  ас  қорыту  процесінің 

салдарынан, тек бір жерде отырып артық тамақ ішуге байланысты болады екен. 

Семіз адамдардың тек қана денесі толып қана қоймай, жүрек, қан тамырлары да 

семіреді. Мұның аяғы стенокардия, инфарктке әкеп соғады. 

Гиппократ  пен  Гален:  толық  адамдарға  мүмкіндігі  болғанша  қозғалыста 

болғаны  жөн  деген  өсиет  қалдырады.  Аса  бір  тарихи  оқиға,  кезінде  Рим 

қаласында  тұратын  толық  адамдарды  жазда  түгелдей  ауыл  шаруашылығы 

жұмыстарына жіберіп тұрған. Әсіресе, толық адамдардың арықтауының негізгі 

көзі  -  таңертеңгілік  бой  жазу    жаттығуларын  үзбей  орындағанда  ғана 

денсаулығын түзетеді. Тағы бір көзі – қыс кезінде шаңғы тебу. Жалпы толық 

адамдар  табиғатында  үнемі  қозғалыста  болуды  көп  жақтыра  бермейді. 

Сондықтан адам  өзін-өзі міндеттеп  көбірек  қозғалыста болып,  тіпті  жұмысқа 

жаяу барып қайтса одан зиян шекпейтінін білуі керек. 

Демек, биология ғылымының заңдылығына сүйенсек, дені сау, ағзасы дұрыс 

қалыптасу үшін бала 5 жасқа дейін тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста керек. Одан 

ары 10 жасқа  дейін 4-6 сағат  бойы, 10 жастан  16 жасқа дейін  2-4 сағат  бойы 

қозғалыста болуы керек. Ал ересек адам қай жаста болса да орта есеппен күніне 

2 сағат қозғалыста болуы керек екен. 

21 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет